«Ана біздің гүліміз»

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы,№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Дауылова Ақкүл Қожахметқызы

“Балапан”тобы
«Ана біздің гүліміз»
Тәрбиеші:
Құрметті аналар,апайлар,балабақша бүлдіршіндері!
Баршаңыз ды көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Кім сендерді балалар сүйетұғын
Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай
Сендер үшін дамылсыз жүретұғын
-Ол кім?
Балалар:
-Ана
Бүгінгі «Ана біздің гүліміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ.Аширбекова апайға береміз.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбиеші:
-Ал енді балалар бүгінгі аналарымыздың мерекесіне арнап жаттап келген тақпақтарымызды айтып берейік
Нұрдаулет:
Ақыл құйған санама
Күннен артық расында
Күн алыста,ал анам
Ылғи менің қасымда

Рамазан:
Ойнаймыз күлеміз
Жарқырап жүреміз
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз

Аяулым:
Айналайын анашым
Асқар таудай панасың
Бір өзіңе арнаймын
Сөздерімді бар асыл

Әлішер:
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірлеп
Аналарға сыйлаймыз

Хор: «Туған күніңмен»

Әли:
Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам
Анашымды күнге ғана баласам
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің
Мәпелейсің,аялайсың әрқашан

Нұрила:
Анам менің мұғалім
Бізге сабақ береді
Балалардың бәрі де
Оны жақсы көреді

Айдана:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Ұланды ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

Рауана:
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін

ән: «Қуыршағым»-Асқар Жанель

Мерей:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын

Гүлсезім:
Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың

Дильназ:
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы
Жанель:
Жан ана жарық күн жанарың
Бір сенде кеңдігі даланың
Балаңды құшақтап сүйгенде
Сеземін көктемнің самалын

Дәулет:
Асыға күтіп жүргенмін
Болар деп қашан мейрамың
Суретін салдым гүлдердің
Келеді соны сыйлағым

Ән: «Балалық шақ»-Жалғас Дильназ
Тәрбиешілер: «Ана туралы жыр»
Би: «Папури»
Ән: «Ақ мамам»-Қожахмет Нұрила,Бақыт Гүлсезім
Тәрбиеші:
Құрметті аналар,апайлар осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.Мерекелік лебіздерін білдіру үшін ата-аналарға сөз берсек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше