Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы,№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы
Қош келдіңіз,әз- Наурызым
Құрметті: Ата-Аналар ,әріптестерім және осы ертеңгілікке келіп отырған қонақтар! Бүгін II- кішкентайлар тобында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлағалы отырмыз. Наурыз мерекесі сіздерге : жаңа бақыт , қуаныш , отбасыларыңызға береке –бірлік әкелсін ! «Қош келдіңіз, әз- Наурызым » атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабалқша меңгерушісі: Аширбекова Ұлжамал апайымызға сөз береміз.
Тәрбиеші: Наурыз тойы-көңіл тойы, көктем тойы
Жақсылық бола берсін өмір бойы
Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт байлық , бақ көбейсін
Наурыз құтты болсын ағаларға
Наурыз құтты болсын аналарға
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи
Наурыз құтты болсын баршамызға
Екі қыз кезекпенен шашу шашады:
Айерке — Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Аұнұр — Қайда барсаң жол болсын!
Елімізде бақыт, байлық болсын!
Хор : Дастархан
Балалар Наурыз айында күн мен түн теңеледі.
Енді ортаға Наурыз айын шақырайық
Наурыз : Жайнатамын бар гүлді
Сайратамын бар бұлбұлды
Айерке: Төгілтіп ән-күй , жырды
Мейрамдайық бұл күнді,
Тіршіліктің бастауы, Наурыз айы мен болам!
Күн : Ақнұр Сәулелі мол күнмін!
Түн : Айерке Жұлдызы мол түнмін!
Күнмен түн қосылып
Ұзақтығы бірдей болып
Теңелеміз бұл күні
Кезекті тақпаққа береміз
Қ.Мерей — Армысыздар халайық!
Әркез аман болайық
Наурыз тойын қуанып
Жылды бір қарсы алайық
Мағауия : Наурыз күні той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу маржан шашайық
Ж. Мерей: Жақсылыққа бас болып
Алдымызға ас болып
Келген Наурыз құт болсын
Берері тағы мол болсын!
Ж. Дильназ: Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысмың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қырлы шың
Меруерт : Наурыз келді балалар
Көктемді қыр жағалар
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылды қарсы алайық
Нұрсәуле : Ал, балалар ойнайық
Ойнайық та ,ойлайық
Күні, түні он үш күн
Наурыз тойын тойлайық
Ақнұр : Уа, ағайын, халайық
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Найрыз тойын бастайық!
Бейбарыс : Жылдың быасы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз
Аяжан : Наурыз келді- жыл келді
Тірлітуге гүлдерді
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді
Нұрдәулет: Күттіріп келген жыл басы
Бізбенен бірге жырлашы
Дастарханыма елімнің
Береке-ырыс сыйлашы
С.Дильназ: Әнім де саған, биімде
Құт қонақ өзің үнімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күнімде Наурыз , күнімде
Хор: Достық жыры
Жеке нөмірлерде:
- Көктем вальсі. Орындайтын Айерке
-
Қазақ биі. Орындайтын бір топ биші
3.
4.
5.
«Қош келдің, әз-Наурызым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет
Наурыз көже:
Бата беру: