Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы,№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы
Ер есімі ел есінде сақталады
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар және бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтары!
Сіздерді 9-мамыр Ұлы Жеңістің 65-жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыздың,әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі 2-кішкентайлар тобында өткізілгелі отырған «Ер есімі ел есінде сақталады» атты ертеңгілігіміз де Ұлы Жеңістің келбетін насихаттауға арналған.
Бүгінгі ертеңгілігімізді ашып,мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ.Аширбекова апайға береміз.
Хор: «Майданға»
Дамир:Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар
Ұмытпайды ешқашан да,
Жауынгерді балалар
Тәрбиеші: Б.Момышұлы туралы өлең
Нұрсұлтан:Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан.
Қазақтың қаны үшін
Жүрегі ауырған
Елінің намысын
қорғаған Бауыржан
Тәрбиеші: Ә.Молдағұлова туралы өлең
Аружан: Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Гүлназ:Ол Жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың
Тәрбиеші: М,Маметова туралы өлең
Айерке:Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк әпкеміз
Жаудан елді қорғаған
Үстінде сұр шинелі
Дулығасы болаттан
Мәншүк әпке күн түні
Жауға оқты боратқан
Тәрбиеші: Т.Бегелдиев туралы өлең
Ернұр:Батыр Талғат ағамыз
Құртып талай жау мысын
Мейірімді кескін жүз
Елге біткен мінезі
Кеудесінде қос жұлдыз
Екі рет батыр- бір өзі
Ақнұр: Алақай ай, әйгілі
9 май бүгін
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының.
Аяжан: Ұлы күшке сенген күн
Фашистерді жеңген күн
Қырмызы гүл,қызыл гүл
Құшақтарға енген күн.
Бейбарыс: Соғыстың өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын!
Ардақ: Есігіне әр үйдің
Бесігіне сәбидің
Мәңгілік бақыт орнасын
Болмасын соғыс болмасын!
Нұрсауле: Мәңгілік бақыт орнайды
Болмайды соғыс болмайды.
Тәрбиеші: Міне балалар, жауынгер батырларымыздың ерліктері туралы өлеңдер жазыпты.Олардың есімі біздің де есімізде қалады.Енді балалар қолдарымыздағы гүлдерді Ұлы Жеңіс жолында қаза болған жауынгерлеріміздің суреттерінің алдына қойып, 1 сәт үнсіздікпен еске алайық.
Хор: «Енді соғыс болмасын!»
«Ақ көгершін» әні орындайтын Марат Аружан
«Катюша» биі-топ бишілер
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,қонақтар бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай отырып,баршаңызға бақыт,бірілік тілейміз. Әрқашан еліміз тыныш,бейбітшілік болсын деген ниетпен қортынды сөзді ата-аналарымыздың арасынан Теміркүл апайға береміз.