Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы,№100 орта мектебінің
жоғары cанатты химия пән мұғалімі
Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы
Тақырыбы: Фосфор және қосылыстары
Мақсаты: Фосфор элементі туралы толық мағлұмат беру, қасиеттерін сипаттайтын тәжірибелер арқылы өздері жұмыс қорытындысын сипаттауға үйрету оқушыларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Химиялық реакция теңдеулерін сипаттап жазу дағдысын дамыту, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
әдісі: демонстрациялық, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: бейнефильм, бейнетәжірибе, интерактивті тақта, слайд, суреттер
Сабақ түрі: бейне сабақ
«Кім жылдам» ойыны
1. Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады? (аммиак)
2. Азоттың металдармен қосылысында қандай тұз түзіледі, ол қалай аталады? (нитрид)
3. Ауаның неше пайызын азот құрайды? (78)
4. Азот қышқылының тұзы қалай аталады? (нитрад)
5. Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады? (мүсәтір спирті)
6. Отсыз түтін қалай түзіледі? ( NH3 + HCl)
7. Концентрлі азот қышқылымен мырыш әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? (NО2 қоныр газ)
8.
- Химия шаһарының Менделеев ауылының 15 үй тұрғыны Академик А.Е. Ферсман «Тіршілік және ақыл-ой элементі» деп бағалаған фосфор элементімен танысамыз.
1) Бейне фильм көрсету. (Фосфор)
Фосфордың периоттық жүйедегі орны, атом құрлысы, аллотропиялық түр өзгерістері, қасиеттері,қолданылуы.
2) Бейне тәжірибе арқылы химиялық қасиеті көрсетіледі.
3) Реакция теңдеулерін оқушылар өздері жазады.
4)Ашылу тарихы
Ашылу шежіресі қилы оқиғаларға толы фосфор бірнеше рет ашылды, барлығында да зәрден алады. Араб химигі Альхильд Бехиль (ХІІ) фосфорды құм, әк және көмірдің қоспасымен зәрді айдағанда ашты деген мәлімет бар. Бірақ бұл затты нақты ашып, сипаттама берген гамбург әуесқой алхимигі Хенниг Бранд. Бранд жай металдарды алтынға айналдыратын «ғажайып сұйықтықты» казармадағы солдаттардан алдын ала жинап алған өте көп мөлшердегі зәрден алмақшы болды. Осы сұйықтықты құм мен көмір қосып қыздырғанда Бранд ауыр қызыл май түзілгенін көрді, май айдалғанда қатты қалдық түзілді. Осы қатты қалдықты ауа қатыстырмай қыздырғанда ыдыстың қабырғаларына тұрып жатқан ақ түтінді байқады және бұл зат қараңғыда қатты жарқырады. Бранд бұл жаңа затты фосфор деп атады, грек тілінен аударғанда «жарық шығаратын» деген мағынаны білдіреді. Бранд алған затының жарық шығарытын қасиетін ақша табу үшін пайдаланды, ғажайып зат туралы хабар Еуропаға таралды. Г. Бранд фосфор алу құпиясын ағылшын И.Д. Крафтқа сатты. Фосфордың өздігінен жарық шығаратын ғажайып отын ақылы көрсетіп, байлыққа кенелді. Г. Бранд, И.Крафт және бұлардан кейін фосфорды бөліп алған И.Кункель де фосфор алу кезіндегі химиялық үрдістерді нақтылы түсінбеді. Қазіргі көзбен қарағанда зәр сұйығы ашығанда натрий мен аммонийдің гидрофосфаты түзіледі. Оны қыздырғанда натрий метофосфатына айналады, бөлінген аммиак ұшып шығады. Метафосфат құммен әрекеттескенде силикат және фосфор ангидриді пайда болады. Фосфор оксидін көмір тотықсыздандырады.
NaNH4HPO4 = NaPO3 + NH3 + H2O
2NaPO3 + SiO2 = Na2SiO3 + P2 O5 P2 O5 +5C = 2P +5CO
Г. Бранд, И.Крафт, И.Кункель фосфор алу әдісін құпия күйінде сақтады. Тек 1680 жылы Роберт Бойль фосфорды бөліп алып, оны құпия хатпен Ұлыбританияның корльдік қоғамына хабарлады. Өсімдіктерде де фосфор болатынын 1688 жылы неміс химигі Бернард Альбинус байқады. 1743 жылы А.С. Марграф фосфор алу әдісін жариялап, көп жылғы құпияның бетін ашты. Ол фосфорды бидай мен қынадан бөліп алды. 1769 жылы К. Шееле фосфорды сүйектен және мүйізден алу жолын тапты. Фософрдың элемент екенін А. Лавуазье анықтады. Фосфорды жабық ыдыста жағу арқылы ауаның бестен бір бөлігімен қосылатынын тәжірибе жүзінде дәлелденді. Бұл тәжірибе химия зертханасында ауаның құрамын анықтау үшін қолданылады. Қазіргі кезде фосфорды электрлі пештерде кремнезем қатысында апатитті көмірмен тотықсыздандыру арқылы алады.
Ca3(PO4)2 +3SiO2 +5C 16003CaSiO3 +5CO + P2
Бұл температурада фосфор буы толықтай P2 молекуласынан тұрады, ал суытқанда P4 молекласына конденсацияланады.
Булардың конденсациясынан P4 молекуласынан тұратын, тетраэдр пішінді ақ (сары) фосфор түзіледі. Ақ фосфор реакцияға өте қабілетті, ашық сары түсті, күкірткөміртек пен бензолда еритін жұмсақ балауыз тәрізді зат. Ауада ақ фосфор 34С температурада тұнады. Оның қараңғыда жарық шығаратын керемет қасиеті бар. Жарық ақ фосфордың төменгі оксидтеріне дейін өте баяу тотығуынан пайда болады. Бранд осы ақ фосфорды бөліп алған болатын.
Егер ақ фосфорды ауа қатыстырмай қыздырса қызыл фосфорға айналады оны алғаш 1847 жылы алды.
Қысымы жоғарылатқанда ақ фосфор қара фосфорға айналады. Қара фосфордың құрылымы төбелерінде бір-бірімен байланысқан фосфор орналасқан көлемді алтыбұрышты қабаттардан тұрады. Алғаш бұл айналымды 1934 жылы американ физигі Перси Уильямс Бриджмен жүзеге асырған еді.
«Сіз белісз бе?»
Нағыз кір жуғыш заттар құрамында 20 пайыз синтетикалық жуғыш құрамдастары мен 30 пайыз бейорганикалық фосфаттар болады. Фосфаттар кальцидің ерімтал тұздарынан суды тазартады. өкінішке орай бұл фосфаттар жуынды сулармен бірге өзендер мен көлдерге, бұлақтарға түседі. Олар кейбір балдырлар үшін жайлы орта болып табылады, балдырлар тым көп қаулап өсіп, суда еріген оттекті азайтады да, өзендер мен көлдердің батпақтануы басталады.
«Фосфордың табиғаттағы айналымы» схема суретті пайдаланып оқушылар
өздері айтады.
Фосфор адам ағзасында.
Дене массасы 70 кг адамның ағзасында шамамен 780 г фосфор болады. Кальций фосфаты түрінде адам мен жануарлардың сүйектерінде болады. Нәруыздың,фосфолипидтердің, нуклеин қышқылдарының құрамында болады, фосфор қосылыстары энергия алмасуға (АТФ) қатысады. Адам ағзасына қажетті фосфордың күнделікті мөлшері -1,2г. Оның негізгі бөлігін
Сүтпен және нанмен (100 г нанда 200мг фосфор болады) қабылдаймыз.Фосфорға аса бай балық өнімдері(100г өнімде 180мг фосфор),лобияда (100г өнімде 540мг),сырдың кейбір түрлерінде (100г-да 600).
Бекіту сұрақтары:
Біз негізгі үш егіз жігітпіз: мен – Ақбаймын, Қарабай, Қазбек деген ағаларым бар. Түріміз де, мінезіміз де ұқсайды. Менің мінезім нашар, тез тұтанып шыға келем, өзім улы заттар қоймасында істеймін. Ағаларым маған қарағанда момын, Қарабай әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді. Ал Қазбек сіріңке зауытының директоры.
Мен және менің туыстарым кімдер?
Жауабы:
Р – Фосфор
Ақ фосфор Қызыл фосфор Қара фосфор
Ақбай Қазбек Қарабай
Қараңғыда жарық Сіріңке,шырпы әскери
шығарады, оңай оттық жасауда
тұтанады қолданылады
улы зат
Бір бақытсыз жанұя болыпты. Фосфор деген ұлы болыпты. Ол өте әдемі және ақылды бала болды, оның тек достары болмады, өйткені Фосфор улы болды. Фосфорға жолағандар, бақаға айналған. Фосфорға би кешіне барғанда бөлмені сәулеге бөлейтін, себебі ол қараңғыда жарқырайтын. Бір күні оны балға шақырады. Фосфор ақ костюмін киіп балға барды.
Балда Фосфор қызға қараумен болды. қыз да оған қарап отырды. Залда жарық жанды, іші өте қапырық болды, өйткені ауа жабық бөлмеге түскен жоқ.
Фосфор фстфқтап, қапырықтан шаршады. Костюміне көзі түсіп еді, костюмінің түсі ақтан қоңыр қызылға өзгергенін байқады. «Бұл қалай болды екен? Не деген керемет?» — деп ол ойланды. Кенет Фосфордың жанына анау ұнатқан қыз келді, екеуі әңгімелесті. Қыз Фосфорға қолын созып еді, бірақ Фосфор айқайлап жіберді: «Маған жолама! Мен улымын!»
Қыз оған: Бос сөз айтпаңыз! Сіз жақсы әзілқой екенсіз! Жүріңіз, билейік!
Қыздың бақаға айналғанын көрмеу үшін, Фосфор көзін жұмды. Бірақ сонда мынау не болғаны? Қыз бақаға айналған жоқ. Қандай керемет. Ол ойланды, қыз екеуі кеш бойы биледі. Фосфор өз қайғысын ұмытты. Болған жайды ол түсіндіре алмады, себебі ол кезде химия ғылымымен таныс емес еді.
Қазір фосфор әлемдегі ең бақытты адам, ол қатты өзгерді. Улы емес, қараңғыда жарқырамайтын болды. Ата –анасы оны мақтан тұтады. Фосфор күрделі, бірақ қызықты химия ғылымын зерттеу үшін көп күш – жігерін жұмсады. Және фосфорлық қышқыл алу технологиясымен шырпы өндірісінің ірі маманы болды.
Ертегіні химиялық тілмен сипаттау.
Оқушылар бағаланып, сабақ қорытындыланды.
Бейнефильм, бейне тәжірибе арқылы өткізілген сабақ оқушылардың сабаққа ынтасын арттырып, қызығушылығын оятады.Сабақта ақпараттық технологияны пайдалану білім беру сапасын арттырады.
Үйге тапсырма. Фосфор және оның қосылыстары.