«Ойын-күлкі – дәрумен» көңілді тапқыштар клубы

 Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы
Мұнайшы кенті №5 орта мектеп мұғалімі  Мыңбаева Айгүл

Мұғалім: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!    «Таланттылар терін төгіп, толғансын, тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын»,–  деп бүгінгі көңілді тапқыштар клубына  қош келдіңіздер.

 «Ойын-күлкі – дәрумен»

Сабақтың мақсаты:   1. Білімділік.     Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.
Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.  Тәрбиелілік. Бір-бірімен  достық,  ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:  Ойын сабақ    Сабақтың көрнекілігі: шарлар, плакаттар, магнитті тақта.

 

Жүргізуші: Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

 

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,

– деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

 

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын , ей, достар.

Осылайша шабытпен,

Қане, енді бастайық.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Топтардың бәрін ,халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

Қымбатты әділ-қазылар!

Әділет пен шындықтың,

Туын тіккен пенделер

Сәлем сізге біздерден.  Сайыскерлер сәлемім,

Қабылдайық ,ағайын.

Сайысқа келіп отырған,

Жанкүйерлер қолдасын.

 

І. “Таныстыру”. Жүргізуші:

«Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткер бол жеңіске»деп 4 топтың капитандары өздерін

таныстырып кетсе;

 

Топтардың атауы: 1. «Серілер» 10-сынып

2. «Кемпірқосақ» 8 «Ә» сынып

3. «Көз тимесін»  9 – сынып

4. «Сөз тимесін» 8 «А» сынып

 

ІІ.Өнер сайысы. Жүргізуші:

 

Сенде бір бұлбұл ,

Тыңдағанда  әсем үніңді.

Рахат желі, қуаныш лебі ,

Тербетеді жанымды,дегендей, ортамызға өнерлі сайыскерлерді шақырамыз. Өнерлі болсаң әйгілі, талапты, мәртебең биік болсын деген ұғым бар. Ал, енді өздеріңді өнер сайысында көрсетіңдер.

 

Әр топ өз өнерлерін кезекпе-кезек көрсетіп шығады.

 

ІІІ. «Жауабын күтіп тұр сұрақ». Жүргізуші: «Еңбек – ердің санаты, білім-елдің қанаты» демекші , адам ақыл-парасатымен көрікті, ақылды оқушы мектептің жанып тұрған шырағы емес пе? Олай болса, ортаға сайыскерлер білімін тексеруге шақырамыз.

 

Кезек-кезек топтар ортаға шақырылады.

Биология, химия, география, тарих пәндерінен қызықты сұрақтар қойылады.

 

Музыкалық пауза. Садақбаева Жұпардың орындауында  «Балалық шақ» әні.

 

ІV . «Жарнама». Жүргізуші:

 

Теледидарда қашанда,

Жол бермейді жарнама.

Жақсы нәрсе өте көп,

Адамзатты алдама,дей отырып,

командалардың үйге берілген тапсырмасын тексеретін кез де келіп жетті.

 

Ортаға топты шақырамыз.

 

Бірінен соң бірі топтар өз тапсырмаларын орындап шығады.

 

Музыкалық пауза . Мархабаев Рахимның орындауында Қазақстан туралы ән.

 

V.Капитандар  сайысы.

Әділқазы алқасы алдынан тапсырмаларын алып, орындаулары тиіс.

 

Әріптер суырып, сол әріптен басталатын өсімдік, ел, тау, жануар, элементті айту.

Сол айтылған сөздерді қатыстыра отырып, қызықты әңгіме құрастыру.

 

 

 

Жеңімпазды анықтау. Жүргізуші:

Тағы да үйренеміз аман болсақ,

Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды күй тындасақ! деп, Әділқазылар  алқасы  әр

топтың жинаған ұпай санын есептеп, дайындалып болғанша, сіздердің назарларыңызға күй ұсынамыз.

Музыкалық пауза. Жәдігер Нұрдың орындауында «Ата толғауы» күйі.

Жүргізуші: Ендігі сөзді әділқазылар  алқасына береміз.

Мұғалім:

Сайысты қорытындылау.  Жүргізуші:

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.

Қадірменді ұстаздар мен  оқушылар және сайыскерлер, осымен сайысымыз аяқталды. Баршаңызға сәттілік тілеймін! Бүгінгі  көріп  тамашалаған көңілді тапқыштар  ойыны  өз  мәресіне  жетті. Зейін  қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше