БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

19 сәуір 2012 жылы Электронды үкімет жүйесі бойынша алғаш болып тіркеліп, БАҚ тіркеу куәлігін алған «Республикалық 45minut.kz» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Қазақ баспасөз айдынына тағы бір басылымның келіп қосылуы қуанышты оқиға. Бұл басылымның басқа басылымдардан бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, газет маманданған журналистердің емес, ұстаз қауымының өз күшімен шығып отыр. Яғни газеттегі бүкіл материалдар – Ұстаздардың шығармашылық еңбегінің жемісі.

Газет-журналдар алдымен қағаз күйінде жарық көріп, кейіннен ғаламторда сайттары ашылып жататын болса, ал бұл басылым алдымен ғаламторда сайт ретінде ашылып, бір жылдан астам уақыт бойы еліміздің барлық өңіріндегі мұғалімдердің сұхбат алаңына айналды.

Үшінші ерекшелігі – басылым елімізде тұңғыш рет электронды үкімет жүйесі бойынша лицензия алды.

Қашанда оқырманы қолдаған, оқырманы ат салысқан басылымның ғұмыры ұзақ болады. Өз жаңалығымен келген жаңа басылымға сапары оң болсын дей отырып, ел ұстаздарының тәжірибе алмасу алаңына айнала бер деген тілек қосамыз.

Один комментарий

  1. Құрметті 45 minut.kz газетінің редакциясы! Сіздерді 45 minut.kz газетінің алғашқы нөмерінің жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Оқырман жүрегінен жол табар мақалаларыңыз мол болсын! Қаламдарыңыз ұштала берсін, қаламдас достар!!!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше