Без рубрики

Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары

Байқоңыр қаласы,№ 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің
География пән мұғалімі
Измамбетова Айбарша Итеменовна

Сабақтың тақырыбы: Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
Сабақтың мақсаты:
a) Білімділігі: оқушыларға Үндістан мемлекетінің құрылымы мен құрамы, экономикалық-географиялық жағдайына тоқталу, шекараларына сипаттама беріп, мемлекеттің қалыптасу тарихы мен геосаяси жағдайын, табиғатын, табиғат ресурстарын баяндау, мәлімет беру.
b) Дамытушылық: Бұрынғы алған білімдерін дамыту, ойлау, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
c) Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық тәрбие беру.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік әдіс, репродуктивтік әдіс, іздену әдісі, баяндау, ой қозғау стратегиясы, практикалық әдіс.
Сабақ көрнекілігі: Дүниежүзілік саяси картасы, дүниежүзілік физикалық картасы, атлас, кескін карта , слайдтар, кестелер,ассосация (интерактивті тақта).
Пән аралық байланыс: Тарих, биология.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау. § 27. Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
Іздену жұмысы, хабарлама қорғау.
IV. Жаңа сабақтарды түсіндіру. Ой қозғау стратегиясы, ассосация. § 28. Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
V. Жаңа сабақты бекіту. Салыстыру кестесімен жұмыс.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау.
VII. Үйге тапсырма беру.
§ 28 оқып келу, картаға түсіру, хабарлама жазу.
VIII. Оқушылардың білімін бағалау.

I. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеу. Сабақтын тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
§ 27. Қытайдың ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары
Жоспары:
1. Ерекше экономикалық аудандар және теңіз маңы ашық белдеуі.
2. Баж салығынсыз сауда аймақтары.
3. Шекара маңындағы ашық қалалар.
4. Туристік объектілер.
III. Үй тапсырмасын қорыту. Іздену жұмысы. Хабарлама қорғау. Сонымен Қытай мемлекеті туралы не білдік. Сұрақ – жауап.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ой қозғау стратегиясы
Үндістан мемлекетінің картадағы орны, туы, мемлекеттік таңбасы көрсетілді.
§ 28. Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
Жоспары:
1. Құрылымы және экономикалық географиялық жағдайы.
2. Мемлекетінің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы.
3. Табиғаты және табиғат ресурстары.
Үндістан
• Жерінің ауданы – 3 млн 288 мың км2
• Халқы – 1095,7 млн адам (2004ж.
• Астанасы – Дели
• Мемлекеттік құрылымы – федерациялық республика
• Мемлекеттік басшысы – президент
• Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент
• Мемлекеттік тілі – хинди және ағылшын тілдері
• Ұлттық валютасы – үнді рупиясы

  1. Құрылымы және экономикалық-географиялық жағдайы

Үндістан – Оңтүстік Азияда Үнді түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетіменн және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухуни мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптармен дәстүрдің, жер-жиһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Үндістанның құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладешпен (шекарасының ұзындығы 4503 км), Мьянмамен (1463км), солтүстігінде Қытаймен (3380 км), Непалмен (1690 км), Бутанмен (605 км), батысында Пәкстанмен (2912 км) шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы,шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Елдің жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км2. Үндістан Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1947 жылы 15 тамызда алған.Заңдары ағылшынның жалпы құқығына негізделіп жасалған. Ұлттық мейрамы 26 қаңтарда – республиканың жариялаған күні (1950 ж.). Үкімет билігі президент (мемлекет басшысы) пен Министрлер кеңесінің басқарушы премьер-министрдің қолында. Заң шығару екі палаталы парламент тарапанынан жүзеге асырылады. Жоғары палата – халықтық палата, төменгі палата – штаттар кеңесі. Ең ықпалды саяси партиялары: Үндістан ұлттық конгресі (ҮҰҚ), Бхаратия джаната партиясы (БДП).Үндістан экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлығымен ерекшеленеді . Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947 ж) оның орнында құрылған Үндістан,Пәкстан,Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ.Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін шешілмей келеді, сондықтан да бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас. Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді. Қазақстан, Өзбекстан,Қырғыстан, Тәжікстан және Түрікменстанды Үндістаннан тар аймақ – ауған жері бөліп жатыр. Осы бір тар аймақта Памир,Гиндукуш және Гималай тау жүйелері тоғысады, бұл құрлық көлігіне кедергі туғызады.

  1. Мемлекетінің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы

Қазіргі Үндістан аумағында өте ертедегі ежелгі адамзат өркениеті пайда болған. Б.з.д. 3мың жылдықтың ортасынан б.з.д. 2 мыңжылдықтың бірінші жартысына дейін Үндістан аумағында харапп өркениеті дамыды. Бұл өркениеті веда тілін алып келген үнді-арий тайпалары қиратты. Б.з. VI ғ. Үндістанның солтүстік-батысы Парсы империясының 1 Дарий қоластына өтті. X ғ. Соңындағы мұсылмандар басып алғанға дейін Үндістан аумағында үнді мәдениеті мен діні басым түрлі мемлекеттер тіршілік етті. Үндістанның басым бөлігіндегі мұсылман иелегін Темірлан шапқыншылығы алмастырды (1398-1399 жж.). Осы кезде ислам діні дамыған Дели сұлтандығы өзінің бір қатар иеліктерінен айырылды.Темірланның немересі Бабыр шах 1526 ж. Делиді басып алып, Үндістан аумағында Ұлы Моғолдар империясының негізін салды. Бұл империяның шарықтау шегі ғ. Басына тура келеді. Осы кезде Үндістан аумағына бір қатар еуропалық державалар көз аларта бастады. Бұл аймаққа деген ықпал үшін Франция мен Англия арасындағы тартыс Англиянын пайдасына шешілді. Жаңа колонияны белсенді игеру Британия тарапынан XVIII ғ.соңы мен ХIХ ғ. Басында іскке асырылды. Үндістандықтардың соңғы қарсылығы 1818 жылы жойылды. 1858 жылы сипайлар көтерілісін басып тастаған ағылшындар Ұлы Моғолдар империясының жойыоғанын паш етті. ХХ ғ. 40-жылдарының басында өткен Махатма Ганди бастаған ұлт-азаттық қозғалысы 1947 жылы елдің тәуелсіздігін алып келді.
1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға – Үнді одағы мен Пәкстанға бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірнеше премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлар Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысыз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан республикасына айналды. 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімді соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Ганди сайланды.1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті.1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх Гандиді атып өлтірді Премьер-минисстр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқанында адам өлтірушілер қолынан қаза табады. Қазіргі президенттері айтылды. (Интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі)
Қазақстанмен қатынастары
Қазақстан респубикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 ақпанынан бастап орнатылған. 1992 жылы мамыр айында Алматыда Үндістан республикасының, ал 1993 жылы қараша айында Делиде Қазақстан республикасының елшілігі ашылды. 1992 жылы ақпанда Президент Н.Ә. Назарбаев Үндістанға ресми сапарын жасады. Сапар барысында мемлекет аралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөніндегі декларацияға, дипломатиялық қарым–қатынастар орнату жөніндегі протоколға, сауда-экономикалық қатынастар, ғылым мен технология, мәдениет, өнер, білім, ақпараттық құралдар мен спорт салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. 2002 жылы 11-15 ақпанында Н.Ә. Назарбаев Үндістанға кезекті сапармен барып қайтты. Онда Қазақстан- Үндістан бірлескен декларациясына қол қойылды. Жауап ретінде Үндістан басшылығыда бірнеше рет Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық., өнеркәсіп пен мәдәни ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан Үндістан Біріккен комиссиясы құрылған. Ол әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамытудың маңызды құралы болып отыр. Екі елдің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары үздіксіз өсіп келеді. 2005 жылы оның деңгейі 120,8 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орнындарында 400-ден астам үндістандық студенттер білім алуда. 2002 жылы ақпанда Делиде Абай көшесі салтанатты түрде ашылды. Сол жылдың маусым айында Алматы қаласындағы көшелердің біріне Махатма Гандидің есімі берілді.
V. Жаңа сабақты бекіту.
Интерактивті тақтаға 2 оқушыны шығару. Үндістан мен Қытай мемлекет-терінің салыстыру кестесімен жұмыс жасау. Келесі 2 оқушы осы кезде Үндістан мен Қытай мемлекеттерінің шекарасын картадан көрсету. Тағы да 2 оқушы Үндістан мен Қытай мемлекеттерінің табиғаты мен табиғат ресурстарын салыстыру кестесімен жұмыс жасау. Картамен жұмыс. Оқушылар кескін картамен және дәптермен жұмыс жасайды.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
Сонымен Үндістан мемлекеті туралы не білдік? Оқушылардан сұрақ-жауап арқылы сұралады.
VII. Үйге тапсырма беру.
§ 28. Үндістан. Оқып келу. Кескін картаға түсіру. Хабарлама жазып келу.

VIII. Оқушылардың білімін бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.