Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің
География пәні мұғалімі
Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Тақырып: Атмосфера-Жерің ауа қабаты.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы мен құрылысын түсіндіру.
Білімділігі: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру. Жердің ауа қабат– Атмосфера туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тэрбиелеу. Халықтық Этнопедагогика элементтері арқылы ұлттық сана-сезімдерін ояту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, оқулық, бағалау парағы, суреттер, кескін карта.
Әдіс-тәсілдер: СТО, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, жекелей, топтық жүмыстар, деңгейлік тапсырмалар, мақал-мәтел, халықтық болжамдар айту, жүмбақ шешу, шығармашылық тапсырмалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару)
ІІ. Жаңа сабақ
Атмосфера[1] — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.
Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.
Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.
Атмосфера құрамындағы өрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.
1.Ауа дегеніміз не?
2.Ауа қалай ластанады?
3.Ауаны ластамаудың қандай жолдар бар?
«Пошта» ойыны. Бұл ойынның мақсаты өткен тақырыпқа қорытынды жасау. Яғни атмосфера және гидросфераға байланысты термин немесе тиісті сөздердің ара-жігін ашу.
Ауызша сұрақтарға жауап алу: «Миға шабуыл»
Орманға демалуға барғанда жаққан отынды өшірмесе табиғи ортаға қандай зиян келтіреді?
Өнеркәсіп орындарының табиғатқа әкелетін залалы қандай?
Ерте кездегі адамдар табиғаттты қалай пайдаланды?
Не себепті қала мен орманда ауаның құрамы біркелкі емес?
Ауа қандай жағдайлардан ластанады?
Венн диаграммасы.
Ауаның маңызы пайдасы Ауаның ластануы
Өткенді пысықтау
Нені білемін?
Не білгім келеді?
Не білдім?
қорытынды
Сабақ түсіндіріліп болған соң топ басшыларына « Егер сіз табиғатты қорғау министрі болсаңыз, онда … (сұрақ қойылады)
1.Өндіріс орындарында біртіндеп тазалаушы қондырғыларды орнату.
2.Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану.
3.Қалдықсыз технологияға көшу.
4.Табиғи байлықты тиімді пайдалану.
5.Флора мен фаунаның жойылып кетуінен сақтайтын іс-шараларды жедел түрде ұйымдастыру.
Үйге тапсырма: «Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары» туралы эссе жазып келу.