Без рубрики

Ө дыбысы мен әрпі

Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,
№17 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ділекеш Сәуле Жеткергенқызы

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ө әрпін таныту. Ө дыбсын сөз ішінде ажырата білуге үйрету. Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруға байланысты тақпақ, жұмбақ , әңгіме пайдалану.
Керекті құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер, сызбалар.
әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақты пысықтау.
-Қыс туралы кім тақпақ біледі? өткен сабақта қандай танысқанмызды жұмбақ шешу арқылы еске түсіру.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң жоқ болад. (Қар)
-Қар деген сөздің бас әрпі қалай аталады екен? («Қ» дыбысы).
-Енді Қ дыбысы дауыты ма, әлде дауыссыз ба?
-Қар деген сөзде неше дыбыс ? Диалогпен сөйлеу. Сұрақ-жауап.
— Малдың жауы қандай аң? (қасқыр)
-Суда жүзетін қай құстың аты қ-дан басталады? (Қаз)
-Адам суда қандай көлікті пайдаланады? (Қайық) Құрамында қ дыбысы мен әрпі бар қандай құстарды білесіңдер? (Аққу, қарға, қарлығаш, құр, сауысқан)
-Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын мына жұмбақты шешіп, соның бірінші дыбысын атасаңдар, сонда табасыңдар.
Тоқығаны ау-
Шыбынның жауы. (Өрмекші)
өрмекші сөзінің бірінші дыбысы- Ө дыбысы екен.
-Балалар, бүгінгі жаңа сабақ тақырыбы Ө дыбысы.
— Ө дыбысы дауысты, қызыл белгімен белгілейміз. Енді мына суретке назар аударайық.
Бөрік,өрік көз өрнек.
Сөздерге талдау жасау.
Бой сергіту жаттығуы.
Ойын. «Сөз ойла, тез ойла»
Тәрбиеші: Мен сендерге әңгіме айтып берейін. Бір Өркен деген баланың бір құлыншағы, бір бұзауы, бір ботасы, бір лағы болыпты. Олар қора ішінде ойнақтап жүрсе, жалынышты маңыраған дауыс шығады. Бәрі шығып қараса, бір кішкене қозы енесінен адасып, маңырап жүр екен. Төлдер оны өздерімен ойнауға шақырады. Сөйтіп, Өркеннің қанша төлі болды?
Балалар: Бес төлі болды
Тәрбиеші: Өркеннің бір құлыны, бір ботасы, бір лағ, бір қозысы, бір бұзауы болды. Сонымен бес саны неше бірліктен құралады?
Ойын. «Әріптер ішінде адасқан сандар».
Жұмбақ: Қысы жазы, бір түсте. (Шырша)
Ойын: «Ойлан тап».
-Балалар, қар жауған кезде біз қардан не жасаймыз? (Аққала)
-Ендеше алдарындағы аққаланың қиылған бөліктерін құрастырып, кімде қандай сөз жазылған екен, тауып көрелік.
Жұмбақ шешу. (Аяз, қар, мұз).
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Ол қандай дыбыс? Ө дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
Сабақты қорытып, жақсы қатысқан балаларды мақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.