Без рубрики

Бейорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
жоғары cанатты химия пәнінің мұғалімі
Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы

Тақырыбы : Бейорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау.
Мақсаты: Бейорганикалық қосылыстар туралы білімді пысықтау, бір- бірімен генетикалық байланысын көрсететін реакция теңдеулерін жаза білу, формулаларды ажыратып,
заттарды атай білу, тарау бойынша білімдерін бекіту.
жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабақтың түрі: саяхат.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточка, слайд.
Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақта бейор-
ганикалық кластар туралы білімді тиянақтау үшін еліміздегі
үлкен төрт елге саяхат жасаймыз. ОКСИД, НЕГІЗ,ТҰЗ, ҚЫШҚЫЛ.
Саяхатқа кемемен шығамыз. Мен капитан,штурман, оқушылар —
матростар.Кеменің аты “Генетикалық”
Кеме саяхатқа дайын.Кеме бірінші елге бағыт алды. Кеме жүзе берсін.
Біз сіздермен дайындық жаттығуын жасайық.
Берілген заттарды кластарға жіктеп,аттарын атаңдар.
— СаО, Р2О5, Fе2О3, СО2, НСl, NаОН, КОН, Н3РО4, НNО3, Н2СО3,
Са(ОН)2, Ва(ОН)2, Сu(ОН)2, Fе(ОН)3, NаNO3, СuSО4, ZnСl2, СаS.
ОКСИД. Кеме қызықты ОКСИД елінің жағалауына келді.
Бұл елдің географиялық орналасуы ыңғайлы.Екі мұхитқа
шығады.Батысында Үнді мұхитымен,шығыста Атлант
мұхитымен шектеседі. Сондықтан сауда байланысы
ауқымды.Бұл елде кімдер тұрады?
Сұрақ. А)Оксид дегеніміз не?
Ел үш аймаққа бөлінген.Солтүстігі Қышқылдық, оңтүстігі
негіздік,батысы Екідайлы.
ә).Неліктен ел үш аймаққа бөлінген?
Ойын. “ Оксидтерді жинап ал “
Na2O, AI2O3,BaO, AI(OH)3, CaCI 2,MgO, H2SO4 ZnO, BeO,
H2S, CrSO4, SO2, PbO, Fe(OH)2, NO2,
Елдің сауда байланысы ауқымды дегенбіз.Көрейік кімдермен
сауда байланысына түседі.
Мен химиялық қасиеті туралы айтамын. Өздірің реакция
теңдеуін жазып аяқтаңдар.
СuО + Н2SО4 ® СuSО4 + Н2О
Li2О + Н2О ® 2LiOН
СО2 + Са(ОН)2 ® СаСО3¯+ Н2О
Р2О5 + Н2О ® 2Н3РО4
СаО + СО2 ® СаСО3
СаСО3 + SiО2 ® CаSiOз + СО2­
AI2O3+ 6HCI® 2 AICI3 +3 H2O
AI2 O3+6 NaOH ® 2 Na3AIO3 +3 H2O.

НЕГІЗДЕР АРАЛЫ.Бұл әлемдегі табиғаты ғажайып,қызықты
ел.Бұл жерге демалуға жаңа қазақтар келеді.
Ерекше сұлу табиғат,өзен,көлдер,жылы ауа райы,
демалуға жағдай жасалған.

Сұрақ.Мына схеманы дұрыс толтыру арқылы негіздерді
жіктелуін сипаттаңдар.

Бұл елдің көрші қышқыл елімен жақсы бейтарап қарым-қатынаста.
Оқушылар сіздерге сұрақ. Қандай реакция туралыайтып тұрмыз бейтарап қарым –қатынас туралы айтқанда?
Оқушы. Бейтараптану реакциясы .
Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?
Берілгендердің қайсысы бейтараптану реакциясына жатады.
К2 СО 3 + Н 2 SО4 à
Н3РО 4 + КОН à
Аl 2О 3 + НСl à
Fе(ОН) 3 + НNО 3 à
CuCI2 + NaOH à
NaCI + AgNO3 à
Химиялық тәжірибе: Оқушылар жасайды.қышқыл+сілті+фенол –фталин ертінді түссізденеді.
ҚЫШҚЫЛ елі патшалығына келдік.Бұл ел өте тамаша.Саяхаттауға қолайлы. Химиялық элементтер мен қосылыстары өте тату тұрады.
Патшалыққа үшбасты айдаhар шабуыл жасапты.Тапсырманы орындау арқылы оны жеңеміз.
1.тапсырма.Жолды қышқыл қалдығынан тазала.
Нитрат, сульфат, фосфат,карбонат,хлорид,нитрид, сульфид, сульфит,силикат.
SO3, S, NO3,PO4,CO2,SiO3,CI,SO2,NO2.
2.тапсырма.”Үшінші артық”ойыны
1 SO3 K2O Mg(NO3)2
2 H3PO4 Zn3 (PO4)2 H2 SiO3
3 FeCI3 K2SO4 HF
4 Ag2O AI(OH)3 Ba(OH)2
5 Ag2CO3 H2S HNO3
Артық затты сызып, атын ата.
3.тапсырма.7,3г тұз қышқылымен кальций оксидінің қанша молі
реакцияға түседі және қанша масса тұз түзіледі?
Берілгені: Шешуі:
m(НСI) = 7,3 гр.
m(тұз) — ?
n(СаО) — ?
СаО + 2НСI à СаСI 2 + Н 2О

M(HCl) = 36,5 (г/моль)

n (CaO) = 0,5 n (HCl) = 0,1 моль
n (CaCl2) = 0,5 n (HCl) = 0,1 моль
m = n M
M (CaCl2) = 111 г/моль
m (CaCl2) = 0,1 ∙ 111 = 11,1 г.
Жауабы: n (CaO) = 0,1 моль, m (CaCl2) = 11,1 г.
4.тапсырма. қышқылдар мұздығы ерігенше өтіп үлгеріңдер.
СО2, Са(NO3)2, НСI, СаО, Nа2 SО 4, Н 2СО3, Н 2S О4,
P2О5, К 3РО4, НNO 3, ZnСI2, Nа2О, Fе(ОН)3, Н3РО4.
Кеме келгенше музыкалық үзіліс.
Кеме соңғы ТҰЗДАР еліне жақындады.Бұл ел өте тегіс.Бір шетінен екінші шетіне жету үшін химиялық формуладан көпір тұрғызу керек.
“Химиялық домино”ойыны. Тұз формуласын құрастыру.

Н2
S О4
СО 3

Ва
Си СI2
(NO3)2 Са
Mg S i O 3
S Zn
Nа2 SO3

Бұл елдің адамдары бір-бірімен ерекше тілде сөйлеседі .Оларды түсіну үшін химиялық тілді есімізге түсірейік. Химиялық диктант.
1. Мыс сульфаты — СиS О4
2. Алюминий нитраты – Аl(NO3)3
3. Мырыш сульфиді — Zn S
4. Магний хлориді -Mg СI2
5. Натрий фосфаты -, Nа3РО4
6. Барий карбонаты — ВаСО3
Төрт елді артқа тастап қайтар жолда алдымызда ауыр тапсырма бар.Кеме маршрут бойышша жүру керек.. Жолды жауып тастаған. Химияны жақсы білетін жолаушы көмектеседі.
Өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.
AICI3 à AI(OH)3 à AI2 O3àAI2 (SO4)3 à AI(OH)3 àAI(OH)2 CI
AICI3+3NaOH à AI(OH)3 +3NaCI
AI(OH)3à AI2 O3 + H2 O
AI2 O3 + 3H2 SO4 à AI2 (SO4)3+ 3H2 O
AI2 (SO4)3 + 6KOH à 2AI(OH)3 +3 K2 SO4
AI(OH)3 + HCI à AI(OH)2 CI + H2 O
Бейорганикалық қосылыстар кластары арасында қандай байланыс бар?
Класқа тапсырма.
Екі ағайынның арасындағы байланыс үзіліп қалған.Сол байланысты реакция теңдеуін жазу арқылы жалғау керек. Екеуі үлкен үйде кездеседі.

Ме à МеО à Ме(ОН)2

Ме RO3
R à R О2 à Н 2 R O 3

2Ва + О2 à 2ВаО
ВаО + Н 2О à Ва(ОН) 2
С + О2 à СО2
СО2 + Н 2О à Н 2СО3
Ва(ОН)2 + Н 2СО3 à ВаСО3 + 2Н 2О
Төменде келтірілген формулалардан ата-тегін көрсететін туыстық
(генетикалық) қатар құрыңдар.
K, H2SO4 ,K2O, S, MgO, SO3, Mg, C, H2CO3, KOH, K2CO3,K2SO4.
Сабақты қортындылау.оқушыларды бағалау.
Үйге: Бақылау жұмысына дайындық.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.