Ана тілім – ажарым, асыл мұрам

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті № 170 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚОЖАБЕРГЕН МӨЛДІР ЕСЕТҚЫЗЫ

Сайыстың тақырыбы: Ана тілім – ажарым, асыл мұрам
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. Көрнекілігі: Интерактивті тақтаЖүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер! Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» сайысы сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.
Құрметті көрермендер, Сіздерге айтарымыз, көңіл- күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!
Мінеки, мұнда тыныштық,   Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,  Кешіккендерді тоспаймыз.
«Ана тілі – ажарым, асыл мұрам» сайысын ,  Көпшілікті тостырмай,
Міне, қазір бастаймыз.
Құрметті оқушылар, бүгін біз 2 топ: «Алғырлар», «Тапқырлар» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі  елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіз.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіз – дей отырып, әділ қазылар алқасын таныстырып өтейін.
1. Б.Орынбаева  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2. Д.Орынбаева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сайыстың бекеттері:
1.    «Қайырлы таң» бекеті (Екі топтың сәлемдесуі)
2.    «Үміт» бекеті. (Мақал – мәтелдерді жалғастырады)
3.    «Қайрат бекеті» (Қызықты грамматика)
4.    «Ғалым» бекеті (Сұраққа жауап)
5.    «Арман» бекеті (Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашу)
6.    «Дарын» бекеті (Шығармашылық. Өлең, әңгіме құрастыру)
7.    «Шешен» бекеті (Топ мүшелері қазақ тілі туралы ой толғайды)
Жүргізуші:  Өнерлі топтар бүгін ортамызда,
Командалар сәлем береді баршамызға.
Қол соғып, біз оларды қарсы алайық
Айтқандарын құлақ салып біз тыңдайық!
Құрметті ұстаздар, оқушылар ортаға  сайыскерлерді шақырамыз.
Топтар кезектесіп шығады. (Алғырлар, тапқырлар)
1.    «Қайырлы таң» бекеті.
1 – топ: Біздің топ: «Алғырлар».
Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде –  өмір бар»
Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2 – топ: Біздің топ:  «Тапқырлар».
Ұранымыз: «Сүйемін туған тілді –  қазақ тілін»
Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйеміз,
Отан үшін күйеміз.
2. «Үміт» бекеті.                Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар-деп, ақындарымыз жырлағандай, менде өз тілімде жырлағым келеді.
Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.
Сайысымыздың  келесі бекеті  «Үміт» бекеті» – деп аталады. Мен мақалдың жартысын айтамын сіздер аяқтайсыздар.
1. Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.
2. Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.
3. Адам көңілден азады, тілден жазады
4. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын,
Тіл айырар анасынан баласын.
5. Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.
3. «Қайрат бекеті».
1.  Мына сөздердің ішінен диалект  сөздерді көрсет:
доға, жәшік, қамыт,сұлтан, пиала, нән, зейнеткер.
2. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?

Жонда қуам қалпақты,
Күнде жеймін қармақты ,
Басқа кием қаңбақты,
Көлге салам қаймақты.
Жауабы:
Басқа кием қалпақты,
Көлге салам қармақты,
Күнде жеймін қаймақты.
Жонда қуам қаңбақты,
3.  Ұрсу, зекіру сөздерінің синонимі.
4. Тілдік бөлшектерді үлкеннен кішісіне қарай ретімен жаз:
текст, буын, дыбыс, сөз тіркесі, сөз, сөйлем.
5. Көңілді шумақтарды келістіріп оқып бер
1-БІР
Же1 екен 1қазан:
Ке1 жемді 1қазан
1-ақ сәтте қойды жеп,
Кү1 етті:
«Тойдым»,-деп.
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
6.  Қай шылаулар дефис (-) арқылы жазылады?
-мен,-және,-ау,-да,-мыс,-ақ,-пен,-ды.
4.    «Ғалым» бекеті.
Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)
Жеті саны,  Жеті септік ,  Жеті жас,  Жеті ата., Жеті күн.
Үш бәйтерек,  үш жамандық,  Үш көз,  Үш тоқтам., үш арсыз.
5. «Арман» бекеті.
Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
1. Қас пен көздің арасында (лезде)
2. Қара қылды қақ жару  ( әділ)
3. Төбе шашы тік тұрды  (шошыды)
4. Тайға таңба басқандай (анық)
5. Аузына құм құйылды    (үндемеу)
6. Көзге түртсе көргісіз  (қараңғы)
7. Тонның ішкі бауындай   (тату)
8. Бет моншағы үзілу  (ұялу)
9. Жарғақ құлағы жастыққа тимей   (мазасыздану)
10. Күн тигізбей өсірген  (мәпелеу)
6. «Дарын» бекеті.
1 – топ.   Ана тілім – бала шағым өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
Ана тілді білмесем,
Шат-шадыман күлмес ем,
Жер бетінде сайраңдап,
Қазақ болып жүрмес ем.
2 – топ. Дәулет деген – Ұғыңдар!
Кеше болса, бүгін жоқ.
Тілің болса – күнің бар,
Тіл болмаса – түгің жоқ!
Тілім – шипам, дәрім де,
Мәңгүрт болып күн көрем.
Абыройдың бәрін де
Маған осы тіл берген.
Тілсіз келген білімнің,
Түбі нағыз қиғылық.
Көсегесін тілімнің
Көтеремін ту қылып.
Ақын көзі жұмылмас,
Жырдың көзі жұмылмай
Елдің туы жығылмас,
Тілдің туы жығылмай.
8.    «Шешен» бекеті.
Жүргізуші:  Құрметті көрермендер, әділ қазылар бүгінгі сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Сайыскерлер шеттерінен білімді қарсыластар екені көрініп тұрды.
Болды дейміз жарысымыз жемісті
Озып шығар кім білімді, кім күшті
Әділқазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті – дей отырып,
бүгінгі  сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Әділ қазылар алқасына сөз, топтарды мадақтау.
Жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Ә. Тәжібаев.
Екеуі бірге қосыла:      Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.               М. Әлімбаев.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше