Жас өрт сөндіруші

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
№17 «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі
Танаш Фарида Әбілқайырқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет технологиялық картасы

Тақырыбы: «Жас өрт сөндіруші»
Мақсаты: Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру.Өрттен,оттан сақтану жолдарын үйрету.Өрт өшіретін құралды пайдалануды үйрету    Көрнекілігі: Өрт сөндіретін құралдар.
Күтілетін нәтиже:   Білу:   Адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін білу.

 

Іс-әрекет этаптары Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру

ізденімпаздық

Сәлемдесу

Сабаққа дайындық жасау

От өмірімізге қуат беріп,бойымызды жылытады.От-өмір сәні.Отсыз тіршілік жоқ.От жағылмаса,тамағымызда піспейді,үйімізде жылымайды.Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Біздің ата-бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған.

Отты жер- қуатты жер.Мал біткенге күш-қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған.

Тұратын үйін отау,үй иесін –отағасы деп атаған.

Отсыз тоңып,жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.

Сонымен  от-өміріміз десек те,оның әлемі жайлаған алапаттың бірі -өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн.Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.

Тақпақтар үйрету

От жақпа күйерсің

Өотеніп жүрерсің

Сіріңкені ұстасаң

Бәлеге сен түсерсің

Оттың ісі қуырмақ

Желдің ісі суырмақ

Қазір жанған жалынды

Алып ұшып қуалмақ

Тұрмысқа қажетті заттарды пайдалану ,ережесімен таныстыру

Газ –плитасын пайдалану

Ас үйге сән беретін газ плитасы.Көгілдір от тұрмыс-тіршілігімізді көп орын атқарады.

Десек те, оны ұқыпты ұстап,жаға білуіміз керек.Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса

Ата-анаңа айтып ескерт.

Өйткені ата-анаң газ бөлімшесінің  арнаулы мамандарын шақыртады Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз –Электр .Электр-жарық көзі.

Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса,дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен ,оны да ұқыпты пайдаланбасақ,одан да өрт шығуы мүмкін

1.Электр приборларын уақтылы өшіру,электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау

2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу.

Өрттің алдын-алу,қауіпсіздікті сақта

Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм,су,күрек,киіз,т.б.

-Өрт жаңадан басталғанда,сумен,құм сеуіп өшіреді.

-Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап,үстіне құм себуіміз керек.Я болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді,

Газ плитасы тұрған бөлмені жиі-жиі желдету керек . Егер газдың күлімсіген  иесін сезсең сіріңке  жағуға ,электр жүйесін дегі лампаны жағуға болмайды.

Тек үйдің есік-терезелерін ашып, желдету керек.

-Электр сымдары тоқ өткізгіштің түбінен жанып жатса,оны құрғақ ағашпен суырып алу қажет.

Сурет бойынша Лев.Толстой орыс жазушысының «Өрттен құтқарушы иттер» әңгімесін сурет арқылы түсіндіремін.

Мақал-мәтел үйрету

Өрт –тілсіз жау.

Отпен ойнама ,күйерсің

Отын деген шөп болар

Жинай берсең көп болар

Ойын түбі -өрт

От жақпа пісерсің

Ор қазба түсерсің

От басына өрт салма

 

Амандасу

Тақпақтар айтады

1-бала

Күлімдеп келген көктемге

Құшағын ашты кең дала

Күн шұғыласын төккенде

Балбырап кетті жер –ана

2-бала

Жазда келді сағынта

Жер жаһанды қаңсыта

Іші пысқан балалар

От жақты шөпті бықсыта

 

 

3 бала Бықсып жанған от енді

Алып-ұшып жөнелді

Өшірем деп ұмтылған

Балаларға көнбеді.

4 бала

Бұзылды елдің ұйқысы

Тиылды ойын-күлкісі

Құлынынан айрылып

Шұрқырады жылқысы

5 бала

Егіндерді өрт шалды

Көңілдерді дерт алды

Қарасын ба қатал от

Қапа қылды қарттарды.

6 бала

Жанып жатты ормандар

Құлап жатты қорғандар

Жерді күн-түн от кешіп

өрт майданда болғандар

7 бала Жан азамат қозғанда

Шейіт болды боздақтар

Күңіренді тау мен тас

Ана біткен боздаған

8 бала

Кетті елден береке

Ұмыт қалды мереке

Ұғып алғын балақай

Бұзақыны іздем

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше