Тәуелсіздік тірегі-тіл
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
№17 «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі
Танаш Фарида Әбілқайырқызы
Дамытушылық орталық: Қатынас Бөлім: Тіл дамыту Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегі-тіл
Мақсаты: Балаларды тілін сүюге,қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тіл мәдениетін сақтай білуге,тіл тазалығы үшін күресуге баулу.
| Іс-әрекет этаптары | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы
|
Сабақты түрлендіре білу,қызығушылығын арттыру
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері
Оқу іс-әрекет сабағын бастамас бұрын Тәуелсіздігіміздің мақтанышы,тіліміздің айғағы «Гимнді»орындаймыз
Ой-қозғау Сұрақ-жауап – Бірінші біз қай елде тұрамыз? – Біздің елбасымыз кім? – Елбасымыз қай қалада тұрады? – Енді,балалар біз қай тілде сөйлейміз? – Осы тіл не үшін керек? – Ана тілі дегеніміз? – Ал,ана дегеніміз кім? – Балалар біз Қазақстанды тұрамыз дедік. – Біздің қандай мақтанышымыз бар.Бәріміз суретке қараймыз – Мына суретте не бейнеленген?
Енді бойымызды сергітіп,сергіту сәтін жасаймыз
Балалар енді тілімізді әр-түрлі мағынасы жағынан танытамыз
Өте жақсы
|
Балаларды орындарын отырғызып сабаққа дайындау
Алақанды ашамыз Күннің нұрын саламыз Таза ауаны саламыз Жүрек жылуын салайық Аман-есен болайық Жиналған жылы шуақты Қонақтарға шашайық Сәлеметсіздерме апайлар
Еліміз тыныш Деніміз сау Ата-анамыз аман болсын
«Менің Қазақстаным»
Қазақстанда
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астанада
Қазақ тілінде сөйлейміз
Тіл сөйлеу үшін керек
Ана сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі Аяулы да асыл жан
Ол біздің туымыз Гимніміз Елтаңбамыз
Тербеледі ағаштар Сарғайады жапырақ Жапырақ жерге түседі Күз болғанын біледі |
| Жетекші жөндеу | Балаларды мадақтау | Бұл жерде балаларды өздеріне мадақтату |
Күтілетін нәтиже:
Білу: Ана тілің- арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
