Мен отанымды сүйемін

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
№17 «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі
Мылтықбаева Назымгул Жангазиевна

Білім  саласы: «Қатынас», «Денсаулық»,  «Таным  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті:  Өзін-өзі  тану
Тақырыбы: «Мен  отанымды  сүйемін»
Мақсаты:
-Балаларға  Отанымыз  Қазақстан Республикамыз  туралы   түсіндіріп,  оқытып  меңгерту,
-Оларды отан сүйгіштікке, адалдыққа, бауырмалдыққа   қасиеттерге тәрбелеу,
-Балалардың өз отаны туралы білімдерін жетілдіріп ,өз  еліне деген сүйіспеншілігін  арттыру, патриоттық  сезімге тәрбелеу.

Шаттық шеңбері:

-Сәлеметсіңдер  ме, балалар? Мен   сендерді  көргеніме  қуаныштымын. Ал,  балалар   қане бәріміз  ортаға  кеп, күнге  ұқсас шеңбер құрайық. Туған   жерімізге  нұрын  шашып ,  әрдайым  шуағын  төгіп  тұрған  күн шеңберінде    еліміздің  әнұранын  бірге шырқайық.(Қолымызды   жүрегімізге  қоямыз.)

 

Әңгімелеу:  -Біздің  Отанымыз  қалай  аталады?

-Елбасымыз  кім?

-Нұрсұлтан ата  қай қалада  тұрады?

-Еліміздің    рәміздерін   атайық?

Оқулықпен   жұмыс:

«Біздің   отанымыз  Қазақстан»

Біздің  отанымыз  Қазақстан.  Қазақстан  үлкен,ғажап, әдемі  ел. Біздің елім(ізде  бидай,  күріш,мақта  өседі, сонымен  бірге табиғи  байлықтарымыз  да  жеткілікті.  Кең байтақ  жомарт   даламызда  батырлар мен  ақындар, ғалымдар, шеберлер  өмір сүрген.Біздің  Республикамыздың  халқы  дос, тату, еңбекшіл.Қазақстан – біздің  сүйікті  отанымыз, оны мақтан  тұтамыз.

Жаңа  ақпарат:

Біз  Қазақстан  Республикасының  азаматымыз. Қазақстан  Республикасында  жүз  отыздан астам  ұлттар бір-бірімен дос,тату-тәтті өмір  сүреді.Біз отанымызды сүйеміз, және мақтан  етеміз.

-Біз  қай  елде  тұрамыз?

-Қазақстанда

-Қай  тілде сөйлейміз?

-Қазақ  тілінде

-Біз   қандай  ұлтпыз?

-Қазақ

Сергіту  сәті:

Орнымыздан  тұрамыз,

Жүрекке  қолды  қоямыз,

Сәлем  етіп  бәріне

Бұрыламыз  баршамыз

Йілеміз  оңға бір,

Йілеміз  солға  бір,

Біздер  тату  баламыз,

Гүл-гүл  жайнап жанамыз,

Отанды  біз  сүйеміз

Жаттығулар  жасасақ

Жақсы сергіп  қаламыз.

«Көңілді  ойын»

-Балалар, біз  өмірдің  гүліміз.Өмірді  нұрландыратын  да, гүлдендіріп , жайнататын  да  біз.Ал  гүл  жайнау үшін  оның  жапырақтары  көгеріп,жадырап  тұруы қажет. Ендеше мына  гүлдің  жапырақтарын  жапсырайық, жапсырмас бұрын  «Отанның отбасынан  басталатынын » ескеріп, отбасымыздағы ең  жақсы көретін  адамдарды әр жапыраққа  жазуымыз  қажет.(Балалар  жазған жапырақтар  гүл сабағына  жапсырылады),жазулар  оқылады, отбасы аға,апа,әке,ата, әжелерден  тұрады екен.Ал солардың отанды құрайтынын   да  ұғындық қой, иә?

Түйіндеме:  Ендеше  балалар  осы арқылы  бүгінгі  оқу  іс-әрекетіміздің  негізгі  дәйек  сөзінің «Отан»  екенін  біліп,  сол арқылы  оқу іс-әрекетін айтайық:

«Отан  отбасынан  басталады» ( хормен 3рет айтылады  балалардан  сұрау)

Дәйек  сөзіміз  қалай  басталады?

1.бала- Отан

2.бала- отбасынан

3.бала- басталады, енді  барлығын  қосып  айтамыз  «Отан  отбасынан  басталады»

-иә, балалар , бүгінгі  оқу  іс-әрекетіміз  сендерге  ұнадыма?

-иә,  апай

Көңілді  үзіліс:

Күлімдеп  күн  бүгін

Қарады  маған да,

Күлімдеп  күн бүгін

Қарады  маған да ,

Ризамыз  ғой  бәріне

Балалар  солай  ма ?

( иә ризамыз)

             Жүректен –жүрекке:  «Ризашылық» әні      Луиза   Хей

Ризамыз  бүгінге,

Ризамыз  қазірге!

Ризамыз  бүгінге,

Ризамыз  қазірге!(2рет)

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын,  ризамын,  ризамын  қазірге!(2 рет).

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше