Тілім менің тірлігімнің айғағы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
№17 «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі
Мылтықбаева Назымгул Жангазиевна

Тақырыбы:  «Тілім  менің   тірлігімнің  айғағы»
Мақсаты:  Тіл – қандай  да  болмасын  ұлттың, халықтың   баға  жетпес   рухани  қазынасы, ұлттық  санамен  байланысты  мақтан тұтар ардақтысы. Ана тілі  туралы  түсініктерін кеңейту. Ана тілінде анық  сөйлеуге,  байланыстырып  өз  ойын дұрыс айтуға, тілін, сөздік  қорын  кеңейту.  

Жүргізуші: – Балалар,ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі-оның орнықтылығында,өрлігінде,

орасан зор байлығында.

Құрметті апайлар!

Бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің айғағы»атты  тіл      мерекесінің қрытындысы іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Тіл-ұлттың белгісі,халықтың мұрасы.тіл –халықтың жаны,сәні,тұтастай болмысы.Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүріміз.

Ән ұран ойналады.

«Тілім менің –тірлігімнің айғағы»атты іс-шарамыздың шымылдығын ашу үшін сөз кезегі балабақшамыздың меңгерушісі Келмағанбетова Галина апайға сөз береміз.

 

Жүргізуші:         Ақиқатты мойындайық қазір біз

Ұлтшыл болып талай таяқ жегенбіз

Тіл-мәртебе,ұлт мерейі емес пе,

Мәңгі бақи шырқалатын әніміз

Енді балаларымыздың дайындап келген тақпақтарын қабыл алыңыздар.

 

Д.Гүлсезім:         Ана тілі-асыл тілі бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның

Сәби шақтан бесігінде жыр тыңдап

Туған тілді жаттап өскен баламын

Жанел:       Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

 

Думан:       Ақылындай дананың

Асылындай сананың

Ана тілі-арымыз

Ақ сүтіндей ананың

Гүлайна:    Ана тілім-елім

Қайсар,қайрат,күнім

Ана тілім-менің,

Баста бақыт құсым

 

Жүргізуші:         Туған тілде сыры терең жаны бар

Туған тілде менің сәнім бар

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып ақ алыңдар

Хор: «Ана тілі»

Жүргізуші:         Ана тілің қаның бұл,

Жан бітірер тасқа да

Қуат берер нәрің бұл

Үлкенге де жасқада

Ендігі кезекті биге береміз «Жібек жолы» бір топ бишілер тобы

Жүргізуші:         Туған тілім-бабам тілі-өз тілім

Туған тілім-анам тілі-өз тілім

Туған тілім-далам тілі-өз тілім

Туған тілім-адам тілім-өз тілім

Ән: «Сәлем саған туған ел»орындайтын Т.Ақмарал

«Мақал-сөздің мәйегі»,-деп халқымыз айтқандай,сөз кезегін мақал-мәтелге берейік.

Ермек: «Өнер алды-қызыл тіл»

Нұрсаят: «Ең қатты да тіл,

Ең жұмсақта тіл»

Нұрби: «Ақыл көркі-тіл,Тілдің көркі сөз»

Жүргізуші:         Ана тілін ақтаңдар

Ана тілін сақтаңдар

Ана тілмен безеніп

Ата берсін ақ таңдар

Ән: «Ана туралы жыр»Е.Махаббат

Жүргізуші: Ана тіл-бәрін ойлар шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам.не білем?!

Тілім барда ған мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем

О,адамдар,қадіріңе жетіңдер,

Ана тілің-анаңдай сыйлап өтіңдер

Ән: «Атамекен»Б.Гүлсезім

«Тілім менің-тірлігімнің айғағы»атты тіл мерекесіне арналған қорытындысы іс-шарамыз аяқталды.

Қош сау болыңыздар.Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.Көріскенше күн жарық болсын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше