Қыста біз не істейміз?

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
№17 «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі
Емберген Қуаныш Серікбайқызы

Сабақ тақырыбы: Қыста біз не істейміз?
Сабақ мақсаты: а) Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру, білімдерін толықтыру.
ә) Балалардың өз ойларын толық жеткізуге тәрбиелеу.
б) Өз білгендетін әңгімелету арқылы ойлау қабілетін,   сөздік қорын дамыту.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.   Пән аралық байланыс: Әнг сабағы, математика.
Сабақ типі: Өткен тақырыпты тереңдету.   Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа сай суреттер

Сабақ барысы:

                                       І Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгел отырғызып назарын сөзіме аудару

                                            ІІ Негізі бөлім

Балалар қазір қай мезгіл?

Қыс мезгілі

Қыс мезгілінің қай айы?

Қаңтар айы .

Балалар бәріміз терезеге бір қарайықшы, қыста далада ауа-райы қалай жылы ма, суық па?

-Дұрыс айтасыңдар суық .

-Сол үшін біз қалай киініп келеміз ?

-Ал жерде не бар екен?

-Балалар осы қыс мезгілінде қандай мереке бар?

-Қане кім айтады бізде той болып бәріміз сыйлық алған ол қандай мереке.

Дұрыс айтасыңдар бұл жаңа жыл мерекесі

-жаңа жылда бізге кімдер келеді?

-Аяз ата, ақша қар .

-Аяз ата, бізге не үшін сыйлық береді?

Өйткені біз оларға тақпақ,өлең,ән, би көрсеттік.

Міне енді мына суретке қараңдаршы, мына жерде суретке қарап отырып өзіміз әңгіме құрап көрейікші.

Тақтада ілінген сурет бойынша балалар ға әңгіме құратамын.

Сергіту сәті:

Тақырыпқа сай ән,Балалар қормен ән айтады

Ал енді балалар қыс туралы кім тақпақь айтады?

Рамазан:   Шыңнан сырғып түсті де,

Келді етекке қыс міне.

Ақ қарлр ақ көбелек

Қонды үйлердің үстіне.

Аьлбина:  Әппақ, әппақ қар аппақ

Қар жамылған дала аппақ

Қыарау,қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ.

Жұмбақ жасыру:

Балалар сендер енді маған қараңдаршы мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны.

(Аққала)

Жазда таудың басында

Қыста аяқ астында

Балмұздақтан аумаған

Бұл нет тағы расында

(Қар)

Мадақтау

-Жарайсыңдар балалар, енді мен қазір мына аққалаларды сабаққа жақсы қатысқаны үшін балаларға сыйға беремін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше