Менің сүйікті мысығым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
№17 «Айгүл» балабақшасы мектепке дейінгі ұйым
Тәрбиеші: Қалымбетова Ляззат Батырхановна
Бал-бөбек тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Дамытушы орталықтар: «Қатынас» Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Менің сүйікті мысығым
Мақсаты: Мысықпен таныстыру, мысық туралы түсініктерін қалыптасу,оның қалай дыбыстайтынын меңгерту, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Суреттер, мысық бейнеленген жұмсақ мысық,геометриялық пішінді ойыншықтар.
Іс -әрекет этаптары
|
Тәрбиешінің іс-әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеттері |
|
|
Мотива-лық қозғаушы |
Амандасу.балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Таң сәріден тұрып ап, Сәлем бердік сіздерге Сәлем саған туған ел Қайырлы күн, қайырлы күн Қош келіпсіз апайлар!
|
Амандасу |
|
Ұйым-қ ізден-қ |
Балалар сендер қонаққа барғанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса бізді әжеміз үйіне қонаққа шақырып отыр.
Қонаққа немен баруға болады? Ол үшін автобусқа жүргізуші керек.Кәне кімді жүргізуші қыламыз? Міне балалар біз ауылға келдік .Бізді кім қарсы алғанын қараңдаршы! Саламатсыздарма, балалар? Сендер қайдан келдіңдер? Менің үйіме келдіңдер.Менің үйім сендерге ұнадыма? Мен сендерге жұмбақ жасырайын,ал,сендер жауабын табыңдар. Пеш түбінде құман, Екі көзін жұмған Ал, енді сендер менің мысығыммен танысыңдар? Ол қандай мысық?Мысықтың көзін,құлағын,құйрығын көрсетіңдерші.Мысық қалай дыбыстайды.мысық қандай тамақпен қоректенеді. Қалай дыбыстайды?
Сергіту сәті:
Рахмет!Балалар, сендер өте білімді екенсіңдер. Балалар, біз енді балабақшамызға машинамен оралайық.
|
Ия.
Автобуспен.
Ерасылды
Әжей келді! Сәлеметсізбе! Балабақшадан
Ұнады.
Мысық
Балалар қимыл-әрекетпен көрсетеді,дыбыстайды.
Сүтпен,етпен Мияу-мияу.
Келеді мысық, Бізге көзін қысып Жүгіреді жылдам Көрінсе оған тышқан
Балалар сергіту сәтін іс-қимылмен орындайды.
|
|
Рефлек-қ |
Балалар ,біз кімнің үйіне қонаққа бардық? Біз қонаққа немен бардық? -Ол жақта біз немен таныстық? -Дұрыс балалар ,бүгін сабаққа барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар.
|
Машина ,машина, Қайда барасың? Машина,машина Бізді алып кет Машина,машина, Зулап тез-тез жет Бип-бип-бип
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Мысықпен танысу,дене мүшесін,жұмбақ шешу,қойылған сұрақтарға толық жауап беру.
Өзінде болу керек: Қамқорлық,үлкенге деген құрметтілік,ізеттілік
