Тәуелсіздік –мәңгілікке сақталсын!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қожабақы ауылы №17 мектепке дейінгі ұйым
Тәрбиеші: Бекжан Райса Сәтемірқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет технологиялық картасы
Бөлімі: Көркем әдебиет Дамытушы орта : «Қатынас» Тақырыбы: Тәуелсіздік –мәңгілікке сақталсын!
Мақсаты: Балаларды отансүйгіштікке ,Отанына,халқына адал қызмет етуге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,Тәуелсіздіктің 19 жылдығы туралы әңгімелеу.
Көрнекілігі: Менің Қазақстанымның суреттері.
Күтілетін нәтиже: Білу: Отанымыздың 20 жыл ішінде біраз жетістіктерге жеткендігіміз және Отанымыз Қазақстан екенін білу.
| Іс-әрекет этаптары | Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ұйымдастыру ізденімпаздық |
-Сәлемдесу
-Апта атауларын сұрау – Қыс айларын қайталау,әңгімелеу. Балалраға көркем әдебиет сабағы болатынын хабарлау. Сабақтың тақырыбын жұмбақ шешкізу арқылы тапқызу
19 жаста бір бала бар Аяғынан нық тұрған Сегіз қырлы бір сырлы Айна ласы гүл тұнған Балалар,шешуін ойланып тауып алайықшы. Дұрыс айтасыңдар Ендеше бүгінгі сабақта «Менің Отаным –Қазақстан!» туралы әңгімелейміз. Отан деп отырғанымыз (сурет арқылы көрсетейін) Менің Отаным-бұл: Жанұя,ауылымыз,бауырымыз, астанамыз,достарымыз
Кәне, кім Отан туралы тақпақ айтады?
Біздер бір-бірімізбен қай тілде сөйлесеміз?
Біз қандай ұлтпыз? Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Міне, балалар біздің Тәуелсіз Қазақстан болғанымызға биыл 19 жыл толып отыр. Осы 19 жыл ішінде көптеген игі істердің куәсі болдық. Елбасымыз кім? Ендеше 1991 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күніміз, Елбасымыз таққа отырған күн. 1992 жылы Рәміздеріміз бекітілді. Рәміздерімізге нелер жатады? 1993 жылы төл теңгелеріміз айналысқа енді. 1995 жылы Ата Заңымыз қабылданды. 1997 жылы Қазақстанның астанасы Ақмола қаласына көшірілді. 2006 жылы жаңа әнұранымыз «Менің Қазақстаным» болып енгізілді. Осы жылы елдің қолдауымен Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды. Ендеше осы менің Отаным-Қазақстан Тәуелсіз Мемлекет болуға өз үлесін қосып,желтоқсанның құрбандары болған апа—ағаларымыз бар,Оларды үнсіздікпен 1 минут еске аламыз. 1986 жылы қазақ жастарының негізгі мақсаты: Өз Отанын ,жерін,ар-намысын қорғай алатындығын көрсетіп,қайрат Рысқұлбеков,Ербол Спатаев,Ләззат Асанова сияқты бір туар ұл-қыздарымыз өздерінің жас ғұмырларын сарп етті. Ата-бабаларымыз Тәуелсіздікті арман етіп кеткен еді,Енді міне осы арманымыз орындалды. Деп қайталап айта беруімізге болады. Біздің Отанымыз қандай болу керек? Деген ойын ойнап көрейік. Шарты: Жерде қазақстанға байланысты бірнеше суреттер беріледі. Сол суреттерді ақ плакаттың бетіне қандай сурет жапсырмалағанын айтып береді. «Сиқырлы таяқша» ойынын ойнату арқылы сұрақ қойып қорытындылау. Оқу іс-әрекет барысында жақсы жауап берген балаларды мадақтау.
|
Амандасады
Қыс мезгілін суреттейтін суреттерді табады.
Ол-қазақстан Хормен «Менің Қазақстаным» әнін айтады.
Отан- сенің ата-ана Отан-досың бауырың Отан -өлкең астанаң Отан –аудан ауылың Ана тілінде,қазақ тілінде
Қазақпыз. Қазақстан елінде тұрамыз.
Н.Ә.Назарбаев
Ту,Елтаңба,Әнұран |
