Без рубрики

Күз кереметтері.

Ақтөбе қаласы, №30″Ұрпақ»мектепке дейінгі ұйым
Меңгерушісі: Капина Рабиға Кенжебековна
Тәрбиеші: Раушан Бисенова Талгатовна

Сабақтың мақсаты: Көкөніс, жеміс жидектердің маңызын, қасиеттерін балаларға ұғындыру.
Білімділік: Балаларға көкөніспен жеміс –жидектердің айырмашылығын түсіндіру.
Тәрбиелік: Жеміс – жидектерді, көкөністерді дұрыс күтіп баптауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.
Негізгі бөлім: Балалар мына ортада жемістер көкөністерден жасалған тағамдар тұр. Осылардың бізге пайдасын білеміз бе?

Олардың пайдасы өте көп. Біздің әдемі денсаулығымыз дұрыс болып өсуіне өз себебін тигізеді.

Көкөністерге: қызанақ, қияр, бұрыш, орамжапырақ, сәбіз, қызылша , картоп, пияз, сарымсақ жатады.

Жемістерге: алма, апельсин, алмұрт, шие,жүзім,ананас т.б

Балалар: Біз осы жемістерге , көкөністерге арналған тақпақтар білеміз бе?

1-бала:

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз,мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

2-бала:

Әне қызыл алмалар

Әсем бақтың жұлдызы

Алма терген балалар

Албырайды нұр жүзі

3- бала:

Күзден апорт аламыз

Күннен рахат аламыз

Жұмыр жерден нәр жинап

Жұлдыздай боп жанамыз.

4-бала:

Қызды қайнап ел ісі

Қызыл қырмен жер үсті

Елдің тоймен жүрген

Еңбегінің жемісі

5-бала.

Жазда жарқын күз артық

Жайнадықта, қызардық

Көп жемісі бау – бақтың

Көркемдедік қызартып.

Жақсы балалар тақпақты көп біледі екенсіңдер.

Енді осы жеміс – жидектерден әр түрлі мүсіндерді, табиғатты мүсіндеуге болады. Мысалы: картоппен кірпіні үстіне шырпыларды қойып тікенек сияқты етіп орналастыруға болады. Осы жеміс – жидектердің пісуі күзде болады. Күзде барлық жеміс –жидектер көкөністер піседі. Ал осы жемістердің, көкөністердің адамға пайдасы өте көп екенін жақсы білеміз. Олардан салаттар , әр – түрлі жейтін тамақтарға пайдаланамыз.

Олардың пайдасы өте көп.

Мысалы:пиязды бүйрегімізде тасы бар сырқаттарға пияздан әзірленген сорпалы тамақ береді. Тұздалған орамжапырақты әбден піскен соң ғана тұз салу керек, әйтпесе ащы болып кетуі мүмкін. Қызылшаны қайнататын суға тұз салмайды. Енді балалар ойын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Ойынға төрт түрлі жеміс қатысады. Олар: өрік,алма, шие, жүзім.

Қолдарына сол жемістердің суреті ұсталынады. Әр түрлі қимыл қозғалыс жасап, билеп жүру арқылы қызғылықты өтуі тиіс.

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін

Бау бақшаға көрікпін.

Алма: Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бал дәмім

Шие: Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін

Ал үзбесең үзілдім

(Балалардың барлығы қатыстырылады)

Қорытынды:

Балалар сонымен жеміс – жидектер туралы білдік пе? (балалар сұраққа толық жауап береді)

Барлығыңды қимаймын

Барымды мен сыйлаймын

Астық жеміс береке

Болсын көп мереке

Уақыт өнбес тірліксіз

Бақыт келмес бірліксіз

Талмай еңбек етіңдер

Қыстан аман өтіңдер, — дей келе өз сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.