Жас келсе, іске
Тақырыбы: Жас келсе, іске
Жүргізуші: Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен, “Ұстаз деген ұлы –есімге” қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғалімге қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері боллуымен қатар, жеке басының мәдинеті, парасаттығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт. Биыл мектебімізде еңбек жолы 1-2 жыл болған жас ұстаздар қатары бірталай көбейіп отыр.
Кім екен жас ұстаздар арамызда, Қандай білім береді екен баламызға? Бүгін біз танысайық оларменен, Сынай бір жас жас ұстазға қараңыздар- дей отырып, “Жас келсе, іске” атты байқауымызды бастауымызға рұқсат етіңіздер. 1.Таныстыру сәті Жүргізуші: Жақсы ұстаз- бұл мектептің жүрегі. Адамдықты жақсы ұстаз береді. Ұстаздыққа талпынған жас мамандар, Таныстырып, енді өздерін көреді. Әрбір жас маман өздерін таныстырады. 2. Шығармашылық көрме: Өршіл ақын В. Маяковский “Ұстаз ізденгіш болады, олай білуі, қандай істі болсын бар ынтамен атқара білуі керек”,- дейді. Қазіргі оқыту, үйретудің мазмұны да, сипаты да соған қарай, амал- тәсілдері де күрделене түседі. Бұрынырақта жалпылама негіздерді баяндап, түсінік беріп, сонымен ғана білім беру шектелуші еді. Қазіргі күрделі техника және жалғаспалы технология, білім мен біліктің көп тармақтылығы әр нәрсені жете үйретуді талап етеді. Жас ұстаз, осы талапқа сайсыз ба? Қандай амал- тәсілдерді пайдаланасыз? Ұстаздың түпкі мақсаты- шәкіртті өз дегеніне жеткізу. Ұстаз озар қай кезде?! Шығармашылық бар жерде, Келесі шарты сайыстың, Ұстаз еңбегі-бұл көрме. Әрбір жас маман өз дайындаған көрнекі құрал, альбом, жоспар тағы басқа шығармашылықтарын таныстырып өтеді. (1 минут) 3.Ұстаздың қылған жалықпас үйретуден балаға-деп ұлы Абай айтқандай, Ұстаздық атақты азапты еңбек, шынайы шеберлік арқылы ғана қол жеткізуіге болады. Жақсы ұстаз болғың келсе егерде, Болу керек бойыңда, даналық та, өнер де. Сол өнердің бір үзігін көрсет енді, Ән бе, би ме әйтеуір бір өнерді. Ән болса, әнге салыңыз тамылжыта, Би болса, би билеңіз мың бұрала. Басқа да өнер түрін көрсетіңіз, Қол соғайық, риза болып тамашаға. Әрбір жас маман өз өнерін көрсетеді. 4.Ұстаз сөзінің ұғымы кең… – Әр уақытта сынмен қарап өзіне, Мағыналы шәкіртке айтқан сөзіде Бос уақытта айналысар хоббиі, Ұнайтын ісі не болды екен өзіне? Әрбір жас маман өзіне ұнаған ермекті істері жайлы айтады, көрсетеді 5.Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек. Ол ұшін өз көп нәрсені үлкен жігер, ұлы ынтамен оқып-үйренуі керек. Білім беру үшін, ұтымды жолдарды іздестіруі қажет. Ұстаздың- ол қажет етер төзімді, Жақсы болсаң сыйлатасың өзіңді. Қандай сабақты көрсетесің біздерге, Бір сабақтан көрсетші енді үзінді. Келесі шартымыз «понаромалық сабақ». Әрбір ұстаз бір сабақ жоспарын, мақсатын, көнекілігін тағы басқаларын көрсетеді. 6.Ұстаздық жолда талай қиналасың, Қиналасың, артынан жол табасың, Күтпеген жағдайларға талай, Сол жағдайдан шыға алсаң, сыйлы адамсың. Байқаудың келесі шарты- жағдаяттарын, яғни тығырыққа тірелер сәттен жол тауып шығу сәті (Столда жағдаят жазылған қағаздардан таңдайды). Жағдаяттан қалай жол тауып шыға аласың ? Іжағдай.Ата –аналар жиналысында сіз ата – анаға баласы туралы нашар пікір айттасыз ба? Ата-анасы баласын жақтап, мұғалімдерді кінәлады. “Білім- тәрбере алмайсыңдар”,- деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс –тәсілдерді қолданасыз? ІІжағдай. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті. Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрасызба? Басқадай амал қолданасызба? ІІІжағдай.Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп деректорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кінәлады. Басқа оқушылар Сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз? ІVжағдай. Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс матералмен, ғылыми деректермен жазып келген. Сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалу керек. V жағдай. Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айта бастадыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба? VІ жағдай. Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өткізу қиын келтіреді. Сабаққа келсеңіз кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз? 7. Сұраққа жауап Ұстазсың ба, болуың керек жан-жақты, Кездестітерсің өмірде талай сұрақты. Білімділік керек саған, жас ұстаз, Жылдамырақ тауып көрші жауапты. Әрбір жас маманға жылдам жауап беруге арналған сұрақтар. 1-мұғалімге: 1.Оқушыларды халықтық педагогикамен тәрбиелеуге негізделген бағдарламагың аты қандай? (“Атамекен” бадарламасы) 2. Шоқанның шағын аты кім? (Мұқамедканафия) 3. Мемлекеттік бас құжат не? 2-мұғалімге; 1. Қазақтың ән өнерін алғаш шет елге танытқан кім? (Әміре Қашаубаев) 2. “Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі” ол не? (сызғыш) 3. Әлемнің кереметі нешеу ? (жетеу) 3-мұғалім: 1. Қазақтың ұлттық тойы нешеу? (үшеу: Сабан той, Наурыз той, Қымызмұрындық) 2. Абылай ханның шын аты? (Әбілмәнсұр) 3. Дүниенің торт бұрышы? (О. С. Ш. Б.) 4-мұғалім: 1. Зейнеп Ахметованың басшылығымен құрылған тәрбие бағдарламасын қалай атады ?( “кәусар бұлақ”) 2. Қабанбайдың шын аты кім?(Ерасыл) 3. Көп түкірсе не болады? (Көл) 5-мұғалім: 1. Қожа Ақмет кесенесін тұрғызушы кім? (Әмір Темір ) 2.Қазақтың тұңғыш ди өнерін дамытушы кім? (Шара Жиенқұлова) 3. Жол сілтер жұлдыз? (Жетк қарақшы) 6-мұғалім; 1. Түркі елінің тухани астанасы. (Түркістан) 2. Бөлінгенді не жейді ? (Бөрі) 3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим) 7-мұғалім: 1. Үш ғайып не? (Ажал, қонақ) 2.Жұмыр ағаштан дөңбек кесіліп, іші қуысталып жасалатын ыдыс.(келі) 3.Қазақ альфавитінің салушы кім? (А. Байтұрсынов) 8-мұғалім: 1“Ел болам десең, бесігіңді дүзе” кімнің сөзі ?(М. Әуезов) 2.Тіл мерекесі қай айда, қай күн? 22қыркүйек. 3. “Ақтабан шұбырынды- Алқакөл сұлама” оқиғасының басты әні (Елім ай ) 9-мұғалім: 1. “Жеті жарғыны” жазған кім? (Тәуке хан ) 2.Білімнің дәнін тереді, Балаға тәлім береді.(ұстаз ) 3.“Еркек тоқты” – құбандық, Атам десең атыңдарә. Кімнің сөзі (Қ. Рысқұлбеков) 10-мұғалім: 1.Адамның қай нан піседі? (кеудесіне ) 2. Саяси құғын-сүргінге ұшырағандарды еске алатын қай күн? ( 31 мамыр ) 3. Абай жолындағы Әйгерімнің шынайы есімі кім? (Шүкіман ) 8. Ұстаз деген мектептің жаны екен, Ұстаз қыздар мектептің сәні екен. Бәрінен де, ең жақсысы бұл байқауда, Қыздардың жылдам әрі тез дайындаған дәмі екен. Келесі шартымыз: “Дәмді және тез” деп аталады. Әтбір ұстаз өз қолынан шыққан дәмін ұсынады. Қазылат алқасы байқаудың сегіз шарты көлемінде жас мұғалімдерді сынап, бағалайды. Бағаларына сай орындар белгіленеді.
