Өндірістік оқыту: Дәнекерлеу ісі

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы
№ 17 кәсіптік лицей

Өндірістік оқытудың

                                                        № 14    САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы:  Саңылауларды  және жабуларды пісіру.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Саңылауларды анықтап, оларды пісіру және жабуды  үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларға терең және берік білім беруге, сабаққа деген ынтасын арттыру, ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек сүюге, дәлділікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.

Әдістемелік  құралдар:  Плакаттар, сызбалар, әр түрлі аспаптардың кесінділері, пісіру үлгілері, пісіру режіміндегі кестелер.

Пән аралық  байланыс: Арнайы технология

Қолданатын көрнекі-құралдар: Төмен көміртекті болат тіліктері өлшемі 1-ден 12 мм-ге жіктелген тілімшелер, Ү-тәріздес Х-тәріздес бөлінген жиектер, Св-08 және Св-08А маркалы пісіру сымдары, балғалар, болат щеткалар,соққыштар, сызғыштар, бор, жікті өлшегіштер,  тақтайлар мен маскалар, арнайы киімдер – брезент кеудешелер, шалбарлар, бас киімдер және қолғаптар.

 

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

1.Ұйымдастыру  кезеңі:

  1. Оқушылардың қатысуын тексеру. Топ старостасының (бригадирінің) рапорты.
  2. Оқушының сыртқы түрін тексеру. (арнайы киімнің болуы)

  3. Оқу құралдарын тексеру (өндірістік оқыту бойынша күнделіктер)

 2.  Кіріспе нұсқауы: Жұмыс орнын дайындау және ток пісіру құралдары мен аспаптарын   қауіпсіздендіру жағдайда қолдану ережелерін оқушыларға түсіндіру.

3.  Сабақтың тақырыбын мәлімдеу:  Оқушыларды жұмыс орнын дайындаумен таныстырғаннан кейін техника қауіпсіздігінің ережелерін еске сала отырып, терең емес саңылауларды пісіру жұмысын көрсету бастауға болады. Мұнда мынаған ерекше көңіл бөлу керек: пісіру сол әдіспен орындалады, ал сұйық металл бұрамаларын шығатын сызық бойына отырғызылады.

4. Сабақ тақырыбын түсіндіру (қысқаша тезистер) Жарықты пісірудегі дайындық процесін көрсете отырып, бұл жарықтарды ұрғышпен немесе жоңғышпен дайындайды, ал сызықтың одан әрі жарылып, кетпес үшін саңылау бұрғылайды. Пісіруге кірісер алдында жарықтардың ұзындығына байланысты ішкі қысылымды әр түрлі азайтады. Қысқа сызықтар ортасынан бастап аяғына қарай пісіріледі, ал ұзыны қайта баспалдақты жікпен пісіріледі. Егер ұзындығы 200 м болатын сызықты пісіру керек болса, пісіру процесіндесаңылауды азайтуға кедергі жасайтын тұтастай жабулар керек. Оқушыларға тоқтың орнына айқасуды қолдануға болатынын ескерту қажет. Бұл үшін сызықтың ортасына сына қағады, артынан ол таратылады. Пісіруді әрбір сызықтың соңынан сынаға қарай орындайды. Одан кейін шығарып және қалған жерін пісіреді.

5. Өндірістік оқыту тәсілдерін көрсету (жаңа материалды)  Мұнда белгілеу, кесу, жылыту және қажетті өлшемдегі нысандағы жамауды дайындау процесін көрсеткен дұрыс. Соңылау және жамау дөңгелектенген бұрыштар болуы керек және металл қалындығына байланысты сәйкестендірілген жиектерді дайындау керек.

Жамауларды пісіруді дәлелдей отырып, деформацияны азайту үшін пісірудің кері қайталанған   әдісін қолдану керек.

6. Кіріспе нұсқауды бекіту: (оқушылардың оқытылған материалды игеру деңгейін тексеру, оқушыларды топ алдында жаңа тәсілдерді еске түсіру үшін шақыру) Оқушылардың жаттығуларын мына жоспар бойынша жүргізуге болады:

  1. 20-30 мм диаметрлі саңылауды пісіру.
  2. Саңылаулар мен жарықтарды пісіру.
  3. Тік төртбұрышты, дөңгелек және сопақ жамауларды пісіру. Диаметрі 20-30 мм болатын саңылауларды және жарықтарды пісіруге арналған жаттығуларды қалындығы 10-20 мм болаттан жасалған төмен көміртекті тілімшелерді орындайды.

Жамауларды пісіру жаттығулары  қалындығы 60-10 мм болатын тілімшелерде орындалады, алдын-ала тік төртбұрышты, дөңгелек немесе сопақ саңылаулар жасалады. Жиектерді саңылауға дайындау, сол сияқты жамауларды кесіп алу, ию, жиектерді дайындау және соған келтіруді оқушылар өздігімен орындайды. Мұнда жамаулардың бұрыштары домалақтанған болуы керек, себебі жамауларды пісірген кезде сүйір бұрышты жарықтар пайда болады, ол жарықтар бұрыштан басталады.

Оқушылардың пісірудің тура жинақылығына және тәртібіне назарларын аудартқан жөн. Жіктер кері қайталанған әдіспен салынуы керек. Жұмыс орындарын қараған кезде оқушыларға тілімшелерді және жамау жиектерінің беттерінің толығымен тазалығын сақтау керек.

7. Ағымды нұсқау:

Оқушылармен жаттығулар орындау.

о/ө шебері  оқушылардың жұмыс орындарын аралап шығуы.

1-ші айналым: жұмыс орнын ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру.

2-ші айналым:металды дәнекерлеуге дайындау ережелерімен таныстыру. .

3-ші айналым: Т.Қ. ережелерінің сақталуын тексеру, санитарлық  талаптар

4-ші айналым: жұмысты орындау дұрыстығын тексеру: пластинаны түзету және майыстыру. Сызғыш, бұрыштама, циркулькөмегімен үлгі бойынша өлшеу жұмыстарын жасау.

8.Қорытынды нұсқау:

Ө/О сабағы үшін жұмыс қортындысын шығару.

Оқушылардың жұмысын өзіндік талдау.

Оқушылардың ө/о шеберімен орындаған жұмыстарын талдау (тапсырманы табысты орындаған оқушыларды бөлу, ерекше кемшіліктерді, үздік атқарылған жұмыстардан табылған қателіктерді талдау).

Орындалған жұмыстардың сапасын бағалау.

9.Үй тапсырмасын беру.

Қауіпсіздік техникаларын жаттап келу.

10.Жұмыс орнын ретке келтіру

Пайдаланған әдебиеттер: А.М.Әбдіров, Ғ.Қ. Сейфуллина «Қауіпсіздік техникасы», А.Тапалов «Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту»

Арнаулы пән мұғалімі:  Қыпшақбаев Бекболат

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше