Ата заңым -ардақты

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
I cанатты бастауыш сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы

Тақырыбы: Ата заңым -ардақты

Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Оқушыларға қылмыс жасаған адамның заңды түрде жауапқа тартылатындығы, біредің затын ұрлауға болмайтындығы, біреуді балағаттап, ар-намысына тиюге болмайтындығы туралы жан-жақты түсіндіріп, талқылау.
ә) оқушылардың өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азамат тәрбиелеу. Болашақтың тізгінін ұстайтын жас ұрпақты заманына сай тәрбиелеу.
б) оқушыларды ұлтжандылық, елжандылық тәрбиесінің рухани дамуына әсер ету. Конституция жайлы тереңдетіп дамыту.

Пайдаланылған көрнекіліктер: Буклет «Қазақстан», плакат, сызба, ҚР президентінің суреті, Әнұран мәтіні, ҚР елтаңбасы, ҚР туы. Үш бидің суреті, қанатты сөздер.
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушыларды сабаққа даярлау
• ҚР әнұранын орындау
• Сабақтың мақсатын баяндау

ІІ. Кіріспе бөлімі:
Кіріспе сөз (мұғалім)
Ұраны: «Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу-ақ»
Барысы: Құрметті қонақтар, біздің сыныбымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алып қайтуларыңызға біздің сынып оқушылары зор сенімді. Сіздердің алдарыңызда 2-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Әдеби-музыкалық монтаж.
1-оқушы:
Әділ заң еңбек жемісін,
Бағалар ерлер жеңісін.
Адамның еркін айқындап,
Қызмет етер ел үшін.
Бұл заңда жеңіс даңқымыз,
Салтанат құрған салтымыз.
Сүйеніш, қамқор, қорғаушы,
Сүйеді заңын халқымыз.
2-оқушы:
Ғұрпымыз бар, ел сенген,
Дәстүрлер ел ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі.
Бас иетін бар адам,
Әрбір сөзі салмақты.
Қорғар бәле-жаладан,
Ата заң бұл ардақты.
3-оқушы:
Көгімізде елжірейді күніміз,
Төбемізде желбірейді туымыз.
Егеменді ел бірлігі туымыз,
Бақытындай еркіндігі туымыз.
4-оқушы:
Той-тойларда, мейрамдарда,
Батырларша мына біз.
Көгілдір ту-біздің туды,
Тік көтеріп шығамыз.
5-оқушы:
Ынтымақ, достық, тыныштық.
Туыстық бізге тым ыстық.
Бейбіт өмір белгісі –
Күлімдеп шыққан күн ыстық.
6-оқушы:
Халықтың ақ тілегі,
Ізгіліктің бастауы.
Ата-заң бұл киелі.
Еліміздің бас заңы
Түзілген өн бойында.
Әділдіктің ақ жолы!
Нұр боп жансын жолында,
Сомға, білім ал да оны.
1. Көрініс (Үш бала асық ойнап жүр)
1-бала: – Айбол, сен ойнамайсың!
2-бала: – Неге?
1-бала: Сенің киімің жыртық. Мамаң біздің мектепте еден жуады. Әкең болса арба айдайды. Сен кедейсің!
3-бала: – Ал менің әкем рэкет. Ешкімнен қорықпайды. Ал, мамам, крупный бизнесмен. Біз үлкен котежде тұрамыз. Біздің үйде не керек бәрі бар.
1-бала: – Ал менің әкем бастық. Мамамда бастық. Үлкен үйіміз бар. Шетелдік машинамыз бар. Ал сенде ештеңе жоқ.
(2-баланы балалар ұрады. Ол жылайды)
Төбелесті «Заң» бұзып жібереді. Олар тұрып қалады.
«Заң» кіріп келіп:
– Тоқтат! 5-бап Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.
(Балалар «Заңды» түсініп, тарайды)
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Тақтамен жұмыс.
«Егер, онда» ойыны (плакат арқылы)
Заң Әрбір адамды басқа біредің күш көрсетуінен қорғайды

Егер

әлде біреу адамға зорлық-
зомбылық жасаса, жәбір көрсетсе
Онда

Жауапқа тартады
Егер

Адам қылмыскерлерді ұстау
мақсатында тәртіп қорғау
органдарына беру үшін күш жұмсаса
Онда

Ол өзінің азаматтық
Егер міндетін орындады

Лауазымды адам өзінің қызмет
бабын пайдаланып, адам
бостандығына заңсыз қол сұқса
Онда

Ол өзінің өкілеттілігін
заңсыз пайдаланғаны
үшін жауапқа тартылады

Сот тергеу жұмысына маңызды адам

Куәгер

Қоғамдық немесе Тергеу органымен Қауіпсіздігі
мемлекеттік заңды сотқа көмектесу қамтамасыз
құқығын зиян азаматтық борыш етіледі
келтірген ісіне куә

Заң – жеке адамның ар-ожданы және қадір-қасиеті мен бірге оның өмірін басқа біреудің озбырлық жасауынан да қорғап отырады.
ІІ. Көрініс:
(Екі бала әңгімелесіп келеді)
1-бала: – Нұрсұлтан, сен білесің бе? Кеше Самат Эльмираға хат жазды ғой. Соған қарағанда жақсы көреді-ау, – деймін.
2-бала: – Шын ба? Не деп жазды екен? Не деп жазғанын білгім келіп тұрғанын қарашы. Не істесек екен!
(Екеуі ойланып, ерсілі-қарсылы жүреді)
1-бала: – Мен таптым! Оның үйіне барайық. Оның үйінде ешкім жоқ. Әке-шешесі жұмыста. Тек әжесі бар.
2-бала: -Үйіне қалай кіреміз? Әжесі бар ғой. Ұстап алса өлтіреді ғой.
1-бала: – Ой, саспа! Әжесінің құлағы естімейді.
2-бала: -Онда, жүр кеттік.
(Екеуі кетіп қалып, қуанып қайта келеді. Қолдарында хат. Екеуі хатты оқып, сықылықтап келіп күледі.)
«Заң»:
– Тоқтат! 12-бап. Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімніңі құқы жоқ.
Заң және 4-бап шығады. 17-бап, 19бап, 29-бап, 30-бап сөйлейді. (2-сынып дүниетануынан)
17-бап: 1. Адамының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, қатыгездік
немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, яки
жазалауға болмайды.
19-бап: Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас,
тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап аялауға құқығы
бар.
29-бап: Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға
құқығы бар.
30-бап: 1. Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта
білім алу міндетті.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының конкурстық негізде тегін
жоғары білім алуға құқы бар.
Енді, оқушылардың дайындығын музыкалық концертін тамашалаңыздар:
1. «Менің Қазақстаным» Әліби
2. «Біздің заң» Т. Молдағалиев. Бағнұр
3. «Отаным» орындайтын Әліби
4. «Менің елім» орындайтын Әліби
5. «Қазақ биі» Бағнұр
Хор: «Туған елім» Буклет ұстап тұрып.
IV. Тәрбие сағатын қорытындылау
а) Мұғалім сөзі:
Қылмыс неден туындайды?

ә) Сұрақ-жауап
б) Стенділермен таныстыру

V. Үйге тапсырма: «Әркімнің өмір сүруге құқы бар» Өз ойын айту.

VI. Басшыларға сөз беру

VII. Сабақ аяқталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше