Engl. «Жолды қалай сұрау керек?»

Таниязова Бақыт Нысаналықызы. Ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты оқытушысы.  Атырау ОББ, Қызылқоға ауданы, № 11 кәсіптік лицей.

«Жолды қалай сұрау керек?» тақырыбындағы сабақты жолда жүру ережесімен байланыстыра отырып кіріктірілген сабақ түрінде өткізді.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру бөлімі:

? Фонетикалық  жаттығу (дыбыс ерекшеліктеріне қарай тақпақ,өлең,жаңылтпаш айту).

II. Нысанаға жетелеу:

? Орысша және ағылшынша қалай сөйлейсің?

  1. 1. Жол (синонимін де айту), 2. Көше, 3. Жүргізуші, 4. Бағдаршам, 5. Аялдама, 6. Троллейбусқа міну, 7. Трамвайдан түсу, 8. Оңға бұрылу, 9. Солға бұрылу, 10. Тіке жүру, 11. Көшені қиып өту, 12. Көше қозғалысы, 13. Тәртіп сақтаушы, 14. Бағдарлама, 15. Жол көрсетуші, т.с.с. сөздер.
  2. 2. Way, street, driver, traffic lights, stop, to get on a trolley-bus, to get off a tram, to turn  to the right, to turn to the left, go straight, to cross the street, traffic,militiaman, conductor, etc

III. Нысанаға жету:

? Диалог:

О1 О2 орысша,  О3  → О4 ағылшынша

—  Кешіріңіз, маған аэропортқа баратын жолды айтып жібересіз бе?

— Ол бұл жерден қашық қой, сіздің таксиге отырғаныңыз дұрыс, әйтпесе кешігіп қаласыз.

—  Көп-көп рахмет!

—  Мархабат.

Excuse me, can you tell me the way to the airport?

It’s far from here, you should take a taxi, otherwise  you’ll late,

Thank you  very  much.

It’s a pleasure.

О5 О6 орысша,  О7 → О8 ағылшынша

— Тоқтай тұрыңызшы. Маған «Арман» қонақ үйіне баратын жолды көрсетіп жібересіз бе?

—  Бірінші автобусқа отырыңыз, ең соңғы аялдамадан түсесіз.

—  Көп рахмет.

—  Ештеңе етпейді (Түкке тұрмайды).

Wait a minute, please. Can you show me the way to the hotel  “ Arman”?

Take a bus №1 and get off it at the last stop.

Thank you.

Not  at all.

О9 О10орысша,  О11 → О12 ағылшынша

— Кешіріңіз, бір минөтке тоқтай тұрыңызшы. Мен темір жол вокзалына қалай жете алады екенмін?

— №5 трамвайға отырыңызда үшінші аялдамадан түсіңіз.

— Көп-көп рахмет.

— Сау болыңыз.

Sorry, wait a   minute,   please. How can I get to the railway   station?

Get on a tram №5 and get off it at the third stop.

Thank you very much.

Good-bye.

IV. Нысананы талдау:

Тексеріп, бағалауға қолдан жасалынған жолдамаларды пайдаланды.

V. Нысананы қолдану:

Көрініс

Оқушылар автобуста не трамвайда келе жатқан болады. Бір оқушы не мұғалім билет тексеруші.

— Билетіңізді көрсетіңізші?

— Мінекейіңіз.

— Ал сіздің билетіңіз?-Үндемейді (яғни билеті жоқ).

— Айып төлеңіз, т.с.с.

Show me your ticket, please.

Here you are .

And where is your ticket? silence. (he hasn’t a ticket)

Pay the fine, please.

Тағы бір көрініс.

Тәртіп сақшысы машина (ойыншық) айдап келе жатқан жүргізушіні тоқтатып, «жол құжатын» көрсетуді талап етеді. Егер жол құжаты болса, жүре беруге рұқсат етеді, ал егер болмаса, айып төлетеді. Сабақ кезінде әр түрлі билеттер, макеттер пайдаланылды.

Оқушыларды билет беру арқылы бағалады:

жақын араға – «орташа» (3); алысырақ жерге – «жақсы» (4); өте алыс жерге – «өте жақсы» (5).

Сабақ соңында ертеңгі күні, яғни, болашақта жұмыс істеп жүрген кезде немесе жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде шетелге бару мүмкіндіктері болып жатқан жағдайда барғысы келетін жерді ешкімнің көмегінсіз өзі сұрай алатын болғаны жақсы екендігін, сондықтан шетел тіліне көбірек көңіл бөліп, оның сөйлеу мәдениетін үйрену керек екендігін ескертті.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше