Ө ө дыбысы мен әрпі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
I cанатты бастауыш сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы

Сабақтың тақырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

І. Танымдық: Ө ө дыбысы мен әрпін таныту, бас және кіші әріптерін үйрету,
Ө дыбысын жеке, дұрыс дыбыстату, өызығушылығын арттыру.

ІІ. Тәрбиелік: Үй жануарларының адамға пайдасын, өсу жолын білу, жан-
жануарларға қамқор болу халықтық кәсіпті танытып, оны
бағалай білуге үйрету және адамгершілікке, табиғатын сүюге
баулу, әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы.

Пәнаралық байланыс: Әліппе, ана тілі, қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану.

Сабақтың әдісі: Ассоциация, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап «Үш қадам
сұхбат» әдісі, «Семантикалық карта» әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, Ребус «Сөзжұмбақ» «Өшіргіш» құралы,
дидактикалық ойындар мен тапсырмалар («Сөз ойла,
тез ойла», «Сөздік», «Кім суретші», Артығын тап»,
«Үндемес», «Жоғалған әріпті тап» ойыны).

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құралдарын алдырып, назарын
сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қайталау:

Дидактикалық ойын «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: 9 әріптен тұратын жаңа сөз ойлап табу.

«Сөздік ойыны»
Мараттан «М» әрпін, Ұлданадан «Ұ» әрпін, Ұлғаздан «З» әрпін, Дәулеттен «Д» әрпін, «Ыдырыстан» «Ы» әрпін, «Нұрланнан» «Н» әрпін, Ырыстыдан «Ы» әрпін алдым.
Сонда «Мұз айдыны» деген сөз шықты.
«Мұз айдыны» мәтініне «Үш қадам сұхбат» әдісімен әңгімелету.

ІІІ. Негізгі бөлім.
Қызығушылығын ояту.
«Ребус» шешу «Өзен»

«Өзен» сөзіне ассоциация құрау

Өзен мен көлге симантикалық карта жасату.

ағады ақпайды балық бар құс
өзен + – + +
көл – + + +

«Кім суретші» ойыны
Шарты: «Өшіргіш» құралымен өз қиялынан сурет салу.
Ө дыбысы және әрпімен таныстыру

«Артығын тап» ойыны арқылы Ө дыбысының орнын тапқызу.

Ө

Оқулықпен жұмыс:

Ө зен Өріс бөрік өрнен көрме
Ө лең Өрік көрік өрмен көрпе
Ө нер Өмір көмір өркеш көрші

Дәптермен жұмыс:

Ө Ө Ө

ө ө ө

өзен өзен өзен

Тақтамен жұмыс:
«Жоғалған әріпті тап» ойыны
Шарты: Көп нүктенің орнындағы жасырын әріпті табу.
1-оқушы 2-оқушы 3-оқушы
Б…рік …гіз к…йлек
К…рік …рік б…дене

Өз бетінше жұмыс:
Бүгінгі сабақта кездеспеген сөздер ойлап табу.
Сергіту сәті: «Үндемес» ойыны.
Шарты: Сөз арқылы қимыл жасау (қол шапалақтау, отырып тұру)

Топпен жұмыс: Оқулықтағы сурет бойынша «Ең қызықты әңгіме құрастыру» 4 топтың әңгімесін тыңдап, салыстыру.

Сөзжұмбақ «Өркеш»
Ө Р І С
Ө Р І К
К Ө М І Р
Ө З Е Н
К Ө Р Ш І

  1. Мал жайылатын жайылым.
  2. Жеміс-жидек түрі.
  3. Қыста жағатын отын.
  4. Ағатын су.
  5. Ең жақын тұратын адам.

«Өркеш» мәтінімен жұмыс жүргізу рольге бөліп оқыту.

VІ. Қорытынды бөлім.
Деңгейлік тапсырма.

Ө

Ө

Ө

Әріптерден қыздың атын құра Әріптерден баланың атын құра

Бағалау

Үйге тапсырма.
Ө дыбысына жаңа сөздер ойлап табу.
Оқулықтың бетіне дайындау. № 3 жазу дәптерінің 1-бетімен жұмыс жасату.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше