Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті
№80 мектеп-гимназия тарих пәні мұғалімі
Жаңабаева Гүлнұр
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы:§28.Сармат тайпаларының орналасуы.Сармат қоғамы.
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік: Қазақ халқыныңата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айтаотырып, Арал-Каспий теңіздері бойын мекендеген сармат тайпаларының шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру
Ә)Дамытушылық: Жаңа сабақты меңгерте отырып,оқушылардың ой -өрісін
дамыту, белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру
Б)Тәрбиелік:Оқушыларды отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті,иманды азамат етіп тәрбиелеу
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
түрі: Аралас
әдісі: түсіндірме баяндау,сұрақ- жауап,тірек сызбалары,
көрнекілігі: карта, суреттер, қосымша әдеби кітаптардан көрме, үлестірме құралдар, қазақстан тарихы энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, сабаққа назарын аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Ғұн мемлекеті қай ғасырда құрылды?
2.Ғұндардың атақты патшасы?
3.Ғұн тайпаларында билік қандай жолмен қалдырылды?
4.Ғұндар қай елдермен байланыс жасаған?
5.Мүлік теңсіздігінің шығу себебі неде?
6.Ғұндар қандай күштерге сиынды?
III.Үй тапсырмасын бекіту:
М.Жұмабаевтың ғұндардың өмірінене мәлімет беретін «Пайғамбар» өлеңінен үзінді.
IY.Жаңа сабақ:
Жоспары:
1.Сарматтардың орналасқан жері
2.Савроматтар
3.Арал-Каспий теңіздері аралығын мекендеген тайпалар
4.Қоғамдық құрылысы.
Сарматтардың орналасқан жері
Арал-Каспий Каспий теңізі Гиркан теңізі
(дай,даг,дах) (каспилер) (гирканилер)
Y.Жаңа сабақты бекіту:
1).Жаңа сабақтағы термин сөздермен жұмыс.
Дах,дай,даг – арал – каспий бойын мекендеген ежелгі тайпалар
Гирканилер – Гиркан теңізі бойын мекендеген тайпалар
Аршак- апарн тайпасынан шыққан көшпелілер
Этногенез- халықтың шығу тегі.
Дайлар- б.з.б.248-247 жылдары өмір сүрген тайпалық бірлестік.
2) «Тұлғаны танып біл» ойыны:
YI.Жаңа сабақты қорытындылау:
1.Батыс Қазақстан аумағын б.з.б. 8 ғасыр мен б.з- дың 5 ғасырында мекендеген тайпа
а)ғұндар
ә)қаңлылар
б) сарматтар
в)үйсіндер
2.Мына тарихшылардың қайсысы сарматтар туралы жазған:
а)Диодор
ә)Үлкен Пилиний
б)Полибий
в)Геродот
3.Сарматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығын нелер дәлеледейді
а)жазба деректер
ә)археологиялық ескерткіштер
б)тастағы таңбалар
в)халық аңыздары
4). Сарматтар нешінші ғасырларда өмір сүрді?
а) б.з.б III-II
ә) б.з.б. YII-IY
б)б.з.б. III- I
в)YIII-III
5.Cарматтардың арғы тегі қай тайпалар?
а) сақтар
ә) үйсіндер
б)савроматтар
в)қаңлылар
YII.Оқушыларды бағалау:
Оқушыны үй тапсырмасына дайындығына қарай бағалаймын.
YIII.Үйге тапсырма:
«Савромат- сарматтардың көне замандағы орны» деген тақырыпта әңгіме құрастырып келу, суреттерді салу