Сыныптан тыс жұмыс.

Қызылорда облысы  Қармақшы ауданы Төретам кенті
№80 мектеп-гимназия Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Татаев Асылбек

Сабақтың тақырыбы: Беймәлім кеткен боздақтар.

Мақсаты:Тарих қоржынының бір басында жатқан Екінші жаһан соғысына пара-пар Ауған соғысы туралы оқушыларға мағлұмат беру;

Тәрбиелігі:Патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:Қанатты сөздер.

Тәуелсіз боп атты халқым сенімі,

Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.

Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,

Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.

Тауымыз бар таңырқатқан шыңымен,

Ұл-қызым бар,даламыз бар ұлы кең.

Алдарыңда басымды иіп,өр халқым,

Құттықтаймын мерекелі күніңмен.

Құрметті оқушылар,қонақтар!

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.Оған 22 мың қазақстандық қатысты.Соғыстың аяқталғанына 15-ақпанда 20 толды.Осы күнге орай ”Ел болашағы бірлікте’’ атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға  ұсынамыз.Бүгінгі кешіміздің қонақтары Ауған соғысына қатысқан қаһарман ағаларымызды таныстырып қоялық.

Тәрбие сағатымызды мынадай бөлімдерге бөлейік:

1.Ауған алапаты.

2.Қасіреттің басталуы.

  1. Оққа оранған он жыл.

4.Құпия соғыстың қаһармандары.

5.Беймәлім кеткен боздақтар.

6.Сағынады сіздерді сыздап жүрек.

7.Оқушылар толғауы.

Соғыс — зұлымдық.Жазықсыз төгілген қан.Тарих жылнамасынан өзінің қаралы,нәубат жылдарымен орын алған зұлматтың бірі Ауған соғысы еді.

1.Ауған соғысы қалай басталды?

1979 жылы  25-желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша 15.00-де КСРО Қорғаныс минисрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерлерін енгізу басталды.Командирлер “Бұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы орындаймыз да кетеміз’’ дегенімен “акция” 9 жылдан астам уақытқа созылады.Талай боздақтардың өмірін қиған зұлмат адамдардың тағдырына көптеген зардап әкелді.

Тарих парақтарын ақтарсақ,1979 жылы желтоқсанда Ауған жеріне Кеңес әскері енгізілді.Бұл сол кездегі СОКП-ның бас хатшысы Брежнев бастаған Кремльдегі топтың шешімі еді.Ауғанстанға Кеңес әскерінің енгізілуі оппозициялық қозғалыстың күшюіне және елдегі шиеленістің қатты ушығуына әкеліп соқты.Ауған оппозициясының отрядына қарсы ұрыс қимылдарына Кеңес әскерінің қатысуы Ауғанстандағы соғысқа ұлт азаттық сипатын берді.

2.Қасіреттің басталуы.

1978 жылы сәуір айында Ауғанстанда  төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.

Соғыс… бораған оқ,жарылған снарядтар мен миналар… жаралы адамдардың ыңыранған үні… Жер шары талай зұлмат соғысты бастан кешті.Олардың арасында тарих қойнауына енгені,әлі де болса жалғасып келе жатқаны бар.

Билікке талас,жерге талас,байлыққа талас… Қазіргі соғыстарды тұтандырып отырған да солар.Әр жылдары қаза тапқан Кеңес әскерлерінің саны 13 833-ке жеткен.Бұл -1989 жылы “Правда” газетіне жарияланған ақпарат.Ал 1999 жылы  1-қаңтардағы мәлімет бойынша 15 151 адам қаза тапқан екен.

Жалпы он жылға созылған,бірақ ешқандай мақсатқа жетпеген,нәтижесі болмаған Ауған соғысында КСРО тарапынан 13310 адам қаза тапты.35478 сарбаз жараланды.311-і  із-түзсіз кетті.Бүгінгі күні “қажетсіз” саналып отырған бұл басқыншылық әрекеттің зардабы отандастарымызға ауыр тиді.Бір ғана Ақтөбе облысынан осы соғыста 26 арысымыз қаза тапты.

3.Оққа оранған он жыл.

1979 жылдың  25-желтоқсанынан  1989 жылдың  15 –ақпанына дейін,яғни 2238 үнге созылған Ауған жеріндегі қанды қасап жүріп жатты.Ондаған мың адамның басын жалмаған сұрапыл соғыс Мәскеуге не үшін қажет болды?Социализм мен имперализм арасындағы қырғи қабақ соғыс Екінші дүниежүзілік зұлматтан кейін талай боздақтың өмірін қиды.

Серігісің достардың сенгендігі,

Көңіл бөлмей пікірге пендеңдегі.

Жиып ұста денені,биік ұста

Ауғанда ешкім жеңбеген еді.

4.Құпия соғыстың қаһармандары.

Кеше көріп ек жетпейтін армандай,

Арзандатып бүгін сыйға алғандай.

Үлесіне тиді сенің тер төгу,

Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай.

Тарих куә өткен менен кеткенге,

Қан майданда қара қанды төккенге.

Ұлтым деген ұлдарыңның еңбегі

Көркеюмен осы күнге жеткенге.

Келесі сөз кезегін бүгінгі кешіміздің ардақты да аяулы жауынгер ағаларға береміз.Туған жерге оралған олардың бәрі де жанұялар бәйтеректері.Алуан салада еңбек етеді.Жер бетінде тек қана бейбітшілік болуын қалайды.

Ардагерлерге сөз кезегі берілді,оқушылар соғыс жылдары туралы сұрап білді.

1.Зұлмат соғысты қалай еске аласыз?

2.Ауғанстанның қай жерінде ұрысқа қатыстыңыз?

3.Ауған соғысына әскерде жүріп аттандыңыз ба?

Жауынгер анасы Сәну апайға:”Балаңыз соғысқа кетті” дегенді естіген кездегі көңіл- күйіңіз қандай болды?

Ән:Ағаларым.

Армысыңдар,Ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса,дәуірлеңдер!

5.Беймәлім кеткен боздақтар.

Соғыс-деген балдақты адам жарымжан,

Соғыс-деген соқыр кісі екен ғой.

Соғыс-деген жігіт екен қайтпаған,

Анасына жылы сөзін айтпаған.

Ауылымыздың тұрғыны болған,1969 жылы туылып,әскер қатарына алынған да Ауған ұрыс даласына түскен Жақсылықов Сағыныш Жұмамұратұлы елге оралғанымен,көрген қасіреттен денсаулығы оңды болмай өмірден өткен.Сол азаматтың анасы Сәну әжеміз бүгін бізде қонақта.

6.Сағынады сіздерді сыздап жүрек.

Қаламызда Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш бар.

Тым ертерек өшті,ағалар,арманыңыз,

Бейбіт елді сырт жаудан қорғадыңыз.

Ерлік ісін ұрпаққа үлгі болып,

Қыран құстай биікке самғадыңыз.

Жақын еді елге қайтар күніңіз,

Қуаныштан күлімдеді-ау жүзіңіз.

Сұм дұшпанның атқан оғы дәл тиіп

Түнге айналды-ау жарқыраған күніңіз.

Қымбатты жауынгер ағалар! ”Батырдың ғұмыры қысқа,даңқы ұзақ” дегедей сіздер мәңгі бізбен біргесіздер.Соғыста қаза болғандарды бір минут еске алып,бас иеміз

7.Оқушылар толғауы.

Оқушы:Біз соғысты көрген жоқпыз.Сіз де Отан алдындағы борышыңызды өтеуге дейін ол туралы кітаптан оқып,кинодан ғана көрдіңіз.Ерліктің озық үлгісін көрсеткен,ерлігімен ел есінде мәңгі қалған аға- апаларымыздың есімдерін зор құрметпен еске алып,іс-әрекеттеріне тәнті болып өстіңіз.Бірақ бір кездері өзіңіз де қолыңызға қару алып,тау асып,сонау жат елде-Ауған жерінде соғысқа қатысамын деп ешқашан ойламаған боларсыз.Соғысқа аттанып бара жатқаныңызда сізде “Нар тәуекел,қайтсем де тапсырманы орындауым қажет,себебі ол маған Отан тарапынан беріліп отыр” деген ойдың болғанына сенімім зор.

Оқушы: “Отан үшін отқа түс” деген Бауыржан ата өсиеті мен “Шығыс ұлы,біз ел сенген ерміз,ел намысы,ер намысы үшін жан қиятын бұдан артық болар ма?” деген хатты оқып өскен ұлансыз,біз сізді,сіздің ерлік істеріңізді әрқашан өзімізге үлгі тұтамыз. Аға! Сіз қазақ жастарына ерлігімен де,ерлігімен де үлгі бола алатын алтын тұлғасыздар!

Оқушы: Қазір елімізде 10 мыңға жуық Ауған ардагерлерді болса,3 мыңдайы мүгедектер қатарында.Майданнан аман оралғандар бейбіт өмірге белсене араласып,бүгінде олардың дәрежесі II Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілді.Ауған соғысы қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі болса да әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай отыр деп айтпаймын.Келешекте бұл соғыс әлі де зерттеліп,өзіндік бағасын алса,соғысқа қатысқан жауынгерлер мәртебесі арттырылса екен деп тілеймін.Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына жиырма жыл өтсе де,ол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыстың жан жарасынан айыға алмай келеді.Кезінде қатерге бел буып,батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп қаһармандық танытқан,өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау,қадірлеп құрметтеу біздің борышымыз.

Құрметті майдангерлер!

Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып,уақыт алдыға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек.Біз сіздерді мақтан етеміз.

Келесі кезекте майдангер ағаларына және аналарына арнап өздерінің сәлемін жолдау үшін алдарыңызға бір топ ұландарымызды шақырамыз.

Еске алып құрметтейміз құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын,суық кқрде жылынсын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

Мәңгі бақи тірісіңдер,тірісіңдер,тірісің.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше