Без рубрики

Озин-ози тану

       Қызылорда облысы  Қармақшы ауданыТөретам кенті
№80 мектеп-гимназия Өзін-өзі тану пәні  мұғалімі
Тынымова Гүлназ

 Сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз – жан азығы»

Мақсаты: балалардың «жақсылық», «махаббат», «құндылықтары» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

—         жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

—         жақсылықжасай білу іскерліктерін дамыту.

—         Қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу;

Мұғалім сөзі:

Құрметті оқушылар және біздің кешіміздің қонақтары, аяулы ұстаздар 27 ақпан пен 3 наурыз аралығында төменгі буын тәрбие апталығындағы «Жақса сөз – жан азығы» атты тренинг өткелі отырмыз.

  1. 1.      «Шаттық шеңбер»

—         Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік.

—         Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейрімдісің, өте ұқыпты баласың, адал доссың, қайырымдысың, әдептісің, өнерлісің, еңбекқорсың, ақкөңілсің.

—         Жарайсыңдар, балалар! Әрбірінің достарыңа деген жылы лебіздер естіп, қатты қуанып тұрмын. Енді бәріміз қосылып «Көңілді балалар әні» өлеңін айтайық.

  1. 2.      «Көңіл күйімді тап»

Әр түрлі көңіл күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздарды үстел үстіне жазып, көрінбейтіндей етіп жайып қояды. Балалар кезегімен шығып кеспе қағаздадың біруін таңдайды. Кеспе қағазда жазылған сөзді мұғалім балалың құлағына сыбырлап айтады. Бала сол көңіл күйді тек қимылмен ғана көрсетеді. Балалар оның қандай көңіл күйді көрсеткеннен табу тиіс.

Кеспе қағазға жазылатын көңіл күй қимылдарының үлгісі: күлімдесу, жымию, күлу,қуанғаннан секіру, бас барамағымен «бәрі жақсы» деп көрсету, қаунғаннан билеу, қуаныштан құшақтасу, арқадан қағу, басынан сипау, т.б.

  1. 3.      «Телефонмен сөйлесу»

1 – жағдаят: Ғазиз бен Тоғжан күнде мектепке бірге баратын. Бүгін Тоғжан күндегі уақытта аулаға шықпады. Ғазиз біраз күтті де, Тоғжанға телефон салды. Ғазиз бен Тоғжан қалай сөйлесті?

2 – жағдаят: Марат ауырып сабаққа келмей қалды, сыныптасы Анар үзіліс кезінде Маратқа телефон соқты. Анар мен Марат телефон арқылы қалай сөйлесті?

3-жағдаят: Шолпан әкесін сағынып телефон соқты, олар қалай сөйлесті? Телефон арқылы сөйлескенде алдымен: «Сәлеметсізбе?! Мен – Әселмін. Кешіріңіз, Сәулемен сөйлесуге бола ма? Мазалағаныма кешірім сұраймын», деген сөздермен бастаған дұрыс. Сөйлесу барысы көңіл күйге жағымды. «Рахмет», «Кешіріңіз», «Ғафу етіңіз», «Оқасы жоқ» сөздері айтылады және өз мүмкінідігше қуанышты сезіммен, көтеріңкі көңілмен сөйлеу адамның белгісі.

  1. 4.      «Сәлімдесе білемін»

Қандай сәлемдесу түрлерін білесің?

Оқушылардың жауаптары.

  1. 5.      «Жүректен жүрекке»

Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңіл түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады. Бір – бірімізге жақсы, жылы сөдер көп айтылса, өмір мейім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кеңеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір – бірімізге жүрекке жылы тиеьін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.