Қызылорда қаласы №3 мектеп лицей Абдрасилова Салима
«Тілім менің тілегім, соғып тұрған жүрегім»
Мақсаты: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу. Ой өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ән ұран
1-Жүргізуші
Ана тілім өркенде, бола бер күшті көркемде, ана тілі дана тіл армысыздар құрметті ана тілін ардақтап, қазақ тілінің қадірін көтеріп, мәртебесін биіктетеміз деп келіп отырған жұршылық.
2-Жүргізуші
Ана тілім, ана үні бесікте,
Іңгәләған мендей жанды тыншытқан,
Қу тірлігім қалмаса да қапаста.
Тілім барда күнім болмас тұншыққан
Ән «Анамның тілі»
1-Жүргізуші
Ана тілі-өмір тілі мендегі,
Тек сенімен дүниенің кеңдігі
Қажет емес өз тілімді білмесем
Өзге тілді үйренудің теңдігі
2-Жүргізуші
Ана тілі анамның
Ақ сүтімен келген тіл
Ана тілі бабамның
Ақылымен өрген тіл
Көрініс «Тіл тас жарады»
1-Жүргізуші
Қуана бер ағайын
Тірілді бүгін өлгенің
Ерік өзіңнің қолыңда
Көмек күтер елден тіл
Бәдік айтысы
Қыз бала
Дел-сал ғып туған дала атырабын
Бұл Наурыз бүгін шырқап жатыр әнін
Айтайық кемшілікті бетке басып
Ей құрбым кел айтысқа шақырамын
Ұл бала
Дегенде ала қарға ала қарға
Бойында бәдік бар жан опалар ма?
Кей қыздар кітап десе-аллергия
Балмұздақ қуғандарға дауа бар ма?
Қыз бала
Жабысар болсаң бәдік ұлға жабыс
Оқудан,пайдалы істен, жырдан алыс
Еліріп есі кеткен, жырдан алыс
Каратэ, у-шу, кун-фу,күнде шығыс
Ұл бала
Ауырдым бер сәл ғана суық тисе
Киімі бір машина буып түйсе
Ей бәдік жабыссаң тек қызға жабыс
Ұрысқақ шыңқ ететін шыбық тисе
Қыз бала
Бұл бәдік кедергіңді елеместен
Тағы да асып өтер бір белестен,
Жаңбырмен жер көгерсе, кейде ұлдар
Жүргені көз көгертіп төбелестен
Ұл бала
Көргендей қырдан ілбіп әзер сәуір,
Сен айтқан сын сөздерге төзем де ауыр
Жөнінен биязылық кей қыздардан
Үйдегі оқымаған әжем тәуір
Қыз бала
Мініңді тізейін деп алдым парақ
Сыныңа мен ойланып қалдым қарап
Ей бәдәк жабыссаң тек ұлға жабыс
Кітабы жыртық жамау, салдыр салақ
Ұл бала
Тілімді жырымды айтып құмарланам
Қазақы әдет-ғұрып ұнар маған
Сен сияқты емеспін «Ну и что»деп
Өзінің ана тілін шұбарлаған
Қаз бала
Айтыстық біз бәдікті пайдаланып
Көбірек ойланарлық жайға қалып
Ұл бала
Бәріміз ұл қыз болып бір жұмылсақ
Бар міннің жойлары айдан анық
Айгөлек биі орындалады.
2-Жүргізуші
Ана тілін білмеген
Сарғайтады санасын
Ана-тілін білмеген
Түсірер өз бағасын
1- Жүргізуші
Ана тілі- үш қуатың
Ана тілі- кәусар суатың
Ана тілі- бағыт бағдарың
Ана тілі- арман мұратың
Көрініс «Жиренше»
2-Жүргізуші
Уа қара сөз, бабамның көзімісің
Ер жігіттің мұқалмас төзімісың
Бас бәйгені әкетсем ауылыма
Уа халқым бәрі де өзің үшін
1-Жүргізуші
Шаршы топты тұлпардай жаратыным
Өзің үшін бақытты табатыным
Бас бәйгені байласам қанжығама
Барлығы да сен үшін ана тілім
Ән «Мен қазақпын»
2-Жүргізуші
Қазақ тілмен дүниені аттадым
Таптым бүкіл дүниенің атауын
Жатты онда уыз сүті анамның
Жатты ойда аманаты атамның
1-Жүргізуші
Салқын сая гүлзар кезіп жүгірген
Самал желпіп жұпар иісі төгілген
Қара жерге кілем болып жайылған
Айналайын қазақтың дана тілінен
2-Жүргізуші
Өз тіліңді сүю деген- ғылым мен техника, мәдениет, ана тілі, әдебиет жаңалықтарын білу, өмірдің әр саласын тани білу.Достық қарым- қатынасты сақта, орыс тілін т.б.сүйген тіліңді үйтен, мемлекеттік тіл қазақ тілімізді шұбарлама демекпіз.
Сөйле сөзге тілге адамзат сонау көне дәуірдің өзінде ақ ерекше мән берген.Ғасырдан ғасырға жетіп ұласып жатқан ел аузындағы небір ғажайып аңыз-әңгімелер, көне мақал-мәтелдер, жазба деректер осының айғағы тәрізді.Қай халлықтың тарихына үңілсең де өнер алды саналатын қызыл тілге шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табасыңдар.
Тіл дегенің тингі ғой жырдың да
Ештен кештеу түсінгендей жұртым да
Шықпағанда республика тіл заңы
Елдігімде кетер ме еді құрдымға
Алтын бесік ағайын жұрт туғаным
Дос бөліссе қыза түсер думаның
Барлық ұлттар өкілдері жарасып
Асырайық іс жүзіне тіл заңын
Тілім менің
Осы тілде шежірем жырым менің
Асан қайғы Қорқыт күйі
Тағдырыммен тағдарлас мұңым менің
Ана тілі тағдыр талайым
Ана тілі ырыс құтпаным
Ана тілі ұлы Абайым
Ана тілі дана Мұхтарым
Ана тілі Ахмет абызым
Ғұлама Ғұмыр Шәкәрәм
Ғасырлар бабам жазғанын
Шашалтып алсам кім болам
Ана тіл арым иманым
Айырылсам берер кім маған.
Кіршіксіз ардай сақтаңдар
Қазақтың тілін ғаламат
Ұрпақтар атар ақ таңдар
Аманат саған аманат
Көкейімде осы бір ой жүр көптен
Ана тілі басталады жөргектен
Ана тілін қастерлейік бәріміз
Қанатымен қарлығаштай су сепкен.
Іздей берсең ақиқаттың бәрі шын
Тер төгейік атамекен қамы үшін
Жеңеміз біз барлығында ағайын
Күресе алсақ ана тілдің ары үшін
Өз тіліңді өзге тілден қор тұтпа
Өзге өз тіліңнен зор төтпа
Айналайын айтшы ақиқат сырыңды
Бар қазының ана тілден артық па?
Болсаңдағы қанша оқыған білімдар
Ұмытпағын өз ұлтың бар,тілің бар
Көп білем деп кеуде қақпай құр бекер
Ана тілдің қасиетін ұғыңдар
Қасиетің ана тіл аз ба сенің
Өзің барда ескірмес тозбас елім
Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып
Мұқағали отты өлең жазбас еді
Сен арқылы ер жеттік ес жинадық
Өзің барда еш қиналмадық
Ақындары қазақтың тұрған кезде
Бүкіл әлем үніңді естиді анық
Ана тілім ақылгой дана тілім
Әлдилейді қазақтың бар ақынын
Тамырымсың сәулелі жарығымсың
Көп қой сенен менің де алатыным
Ана тілім алдыңда тәжім еттім
Тарқаса екен жүзіңнен тезірек мұң
Қалай ғана ұялмай жер басамыз
Әруағына Жиренше,Қазабектің