Семинарға баяндама жіберу шарттары

«Ұрпақ тәрбиесі және Интернет мүмкіндігімен Ұстаздардың білімін
жетілдіру жолдары» тақырыбындағы 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР

 Cәуір айы, 2012 ж

 Ұйымдастыру комитеті семинар материалдарын баспаға шығаруды ұйымдастырады. Семинар бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің 45minutkz@mail.ru  электронды почтасына келесі ақпараттарды беру қажет: баяндама (статья).

Семинарға баяндама жіберу шарттары:

Семинар материалдарын баспаға шығару үшін келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

  •  Баяндама көлемі 5 беттен артпауы тиіс және MS Word мәтіндік редакторында тіркеу формасы мен баяндама мына алгоритмді сақтап, терілуі тиіс:
  •  Кестелер, кескіндер мен суреттердің атауы болуы қажет.
  • Алаң: жоғарғы жағынан – 2 см, төменгі жағынан – 2 см, оң жақтан – 1,5 см, сол жақтан – 3 см.
  • Қаріп: Times New Roman, кегль өлшемі -12 см.
  • Аралық интервалы: бірөлшемді.
  • Азат жол: 0,9 см,
  • Баяндама тақырыбы үлкен әріптермен орта жолда қалың қаріппен.
  • Баяндама тақырыбынан кейінгі жолда автордың фамилиясы, аты-жөні жай әріптермен қалың қаріппен жазылады.
  • Төменгі бөлікте – мекеменің толық атауы жазылады (қалың қаріппен).
  • Азат жолдан кейін бір интервал арқылы статья материалы жазылады.

Статья материалы жазылғаннан кейін әдебиеттер тізімі мен оған сәйкес материалдардың баяндалу реті орналастырылады. Әдебиеттерге сілтеме берілген материалға сәйкес әдебиеттер тізімі «қисық» жақша ішінде әдебиеттің реттік нөмірі арқылы көрсетіледі. Қолданылған әдебиеттердегі үзінділерді алу барысында міндетті түрде оны беті көрсетілуі керек, мысалы: /1, 256-бет/.

Электрондық поштаның «Тақырып» бөлімінде мына жазуды көрсету керек:  Семинарға баяндама (баяндамашының фамилиясы)».

Семинарға баяндама қабылдау  29.03.2012 – 10.04. 2012 ж.  күніне дейін.  Осы күннен қалмай баяндамаларыңызды жіберулеріңіз сұралады.

комментариев 10

  1. тек материалын жинаққа жіберген мұғалімдер сертификат ала ма?
    және ол жинақ құны қанша?

    • Сертификат семинарға қатысушыларға беріледі. Жинаққа баяндамасы енген ұстазға жинақтың бірнеше данасы тегін беріледі. Жинақ құны нақты белгісіз. Себебі, жинақтың шығу көлемі мен тиражына байланысты, 10.03.2012 кунінен соң, жинаққа енетін баяндамалар сарапталып болған соң белгілі болады.

  2. семинарға тіркелгенмін яғни тіркеу формасын тіркегем енді нақты қатыса алатынымды қайдан білуге болады

    • Семинарға қатысу формасын толтырып жіберсеңіз жеткілікті. Нақты болатын күні келіп қатыссаңыз болады. Тіркелу формасын толтырғандарға алдын ала хабарландыру жібереміз.

  3. жумысты кайтеміз екен? Сол кезде тагы ” Мангыстау жулдыздары” фестивалі болайын деп жатыр.Бәрі катар келіп калды.

  4. Сәлеметсіздер ме? Семинарға тіркелу формасын толдырдым Баяндама ұсынғым келеді. семинарға қатысу үшін мектеп директорына қатысушы үшін шақырту қағаз жібере аласыздар ма семинар болатын күн нақтыланған соң хабарласу керек пе?

  5. СӘЛЕМАТСЫЗДАР МА?! МЕНІҢ ЖІБЕРГЕН БАЯНДАМАМ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСПАЙ ҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЖИНАҚҚА ЕНЕ АЛА МА?

  6. Егер баяндамамыз жинаққа енген жағдайда семинар сертификаты мен жинақ кітапты қалай аламыз?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше