Без рубрики

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Опорный орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің

мұғалімі Жолдаскали Мөлдір

              Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

                  (8 – сыныптар аралығында мақалшылар мен жұмбақшылар сайысы)

Мақсаты: 1) халық ауыз әдебиетін орынды түрде қолдана білуге, шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету; 2) халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым – қатынасқа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу; 3)оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін дамыту.

            Жарыс барысы.

—          Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін мектебіміздің 8- сынып оқушылары арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз – халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, ой ұшқырлығына тәрбиелеу.

Мақал – мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халықтың ақыл – өнегесі көрініс тапқан. Мақал – мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.

Жқмбақтар да – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда, жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.

-Бүгін ортамызға халық ауыз әдебиетінің ең жанашырларының бір тобы келіп отыр. «Қадамдарыңа нұр жаусын» дей келе, бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

Мақал – мәтел сайысы.

            Қатысушылар өздері туралы мәлімет береді, қарсыластарына сәттілік тілейді.

Берілген сөздерге байланысты мақал – мәтелдер айтылады.

ЕЛ. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. ЕҢБЕК. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. КӨЗ. Көз — қорқақ, қол — батыр. БІРЛІК. Бірлік болмай, тірлік болмас. ДОС. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады. ӨНЕР. Өнер алды қызыл тіл. БІЛІМ. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. ДЕНСАУЛЫҚ. Денсаулық – зор байлық. ОТАН. Отан үшін отқа түс, күймейсің. ОҚУ. Оқу инемен құдық қазғандай.

            Ұпай саны төмен оқушылар мақал – мәтел айтудан сынға түседі. Мақалды жалғастырып айта алмаған оқушы ойыннан шығады.

            Мақал – мәтелдірдің жалғасын табу.

Көз жетпеген жерге (сөз жетеді). Тіліңмен жүгірме (біліммен жүгір.) Ақылды қария (ағып жатқан дария.) Білімдіге дүние жарық ( білімсіздің күні қаріп.) Жақсы болсаң (жақын көп.) Бірлігі жоқ ел тозады, (бірлігі күшті ел озады.) Әдепті бала — арлы бала, (әдепсіз бала — сорлы бала.)  Игілік басы (ынтымақ.) Ұсталы ел озар, (ұстасыз ел тозар.) Жылы – жылы сөйлесең, (жылан інінен шығады.) Көп біл, (аз сөйле.) Әке көрген оқ жонар,(шеше көрген тон пішер.)

Ұпай саны төмен оқушы  мақал – мәтел айтудан сынға түседі. Мақалды жалғастырып айта алмаған оқушы ойыннан шығады. Мақалды айтқан соң қарсыласы сол мақалдың ішіндегі бір сөзге мақал – мәтел құрайды.

 -Ал ендігі кезек көрермендер көрімдігінде. Экрандағы берілген тақырыпқа мақал – мәтелдер айтылады.

Адам және оның қасиеттері туралы. Адам болатын бала алысқа қарайды. Арман – адамға қанат. Жақсы адам – елдің ырысы, жақсы жер – жанның тынысы.

Батырлық, ерлік туралы. Ерлік білекте емес,жүректе. Айласыз батыр алдырар. Ер елімен жақсы. Ел үмітін ер ақтар.

Оқу – білім туралы.Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Өнер алды – қызыл тіл. Оқу инемен құдық қазғандай.

Тәлім – тәрбие туралы. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Біліп тұрсаңда, біліп ал.

Отан, туған жер туралы. Туған жердің жуасы тәтті. Отанды сүю отбасынан басталады. Туған жердің түні де ыстық, күніде ыстық.

Соңғы айналым. Қазақ тіліндегі фразалық тіркестердің мағынасын ашу. Қоян жүрек (қорқақ). Көзді ашып – жұмғанша (жылдам). Бет моншағы үзілу(ұялу). Ит өлген жер (алыс) Іші удай ашу.(өкіну). Із – түссіз (жоғалды). Тіл – ауызда қалды ( сөйлей алмады). Құдайға қараған адам ( адал адам). Аты жер жарды (атақты болды)

(Ұпай саны жоғары оқушы ұпай саны жоғары жұмбақшымен сайысқа түседі.)

Жұмбақшылар сайысы.

І. Ойынға қатысушыларға жұмбақ жасырылады.

Бес ін, бес іннің аузы бір ін.(қолғап)

Бір тайға үш ағасы мінгесіп жүр, екі інісі ілесіп жүр. (қалам мен бес саусақ)

Ішінде толып жатқан қазынасы бар, қорек қып пайдаланар тамам халық (кітап)

Үй ішінде бөлме, бөлме іші көлде. (аквариум)

Күзетем деп үйлі, жұдырығын түйді. (құлып)

Гауһары жерге түссе жарқ етеді.(назағай)

Шеңбер жасап өседі, жемен бірге көшеді (қаңбақ)

Бір нәрсе күні бойы санап тұрады, оған жұрт керек кезде қарап тұрады.(Сағат)

 Мұрнында байлауы бар, Адамның айдауы бар (ине)

Емес ол кітап та,дәптер де.Жүреді бірақ та портфельде.

Көрсетңп ондағы бағаңды, қуантып қоясың тумаңды. (кунделік)

ІІ. Жұмбақшылар бір – біріне жұмбақ жасырады.

Ұпай саны жоғары оқушы ұпай саны жоғары жұмбақшымен сайысқа түседі.

Шешендік өнер. Шешен, билердің сөздерінен үзінді оқылады. Ойыншы кімнің, яғни қай шешеннің, бидің сөзі екенін табу керек.

 

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысында өз білімділігімен көзге түскен оқушы марапатталады.

 

 

              

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.