Нысаналы оқыту технологиясы бойынша өткізілген «Тамақтандыру мекемесінің маманы»

Таниязова Бақыт Нысаналықызы. Ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты оқытушысы.  Атырау ОББ, Қызылқоға ауданы, № 11 кәсіптік лицей. Сабақ — мұғалімнің шығармашылық ізденісінің туындысы. Үздіксіз іздену..

Таниязова Бақыт Нысаналықызы. Ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты оқытушысы.  Атырау ОББ, Қызылқоға ауданы, № 11 кәсіптік лицей.

Сабақ — мұғалімнің шығармашылық ізденісінің туындысы. Үздіксіз іздену – бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Жақсы құрылған сабақ жоспары жаңашыл ұстаз ізденісінің  басты жемісі болмақ. Жоспар құрар алдында әрбір мұғалім алдына мақсат — нысана қояды.  Сол мақсатқа, яғни көздеген нысанаға жету үшін не істеу керек, қалай нысанаға жету керек соны ойластырады. Осыған орай сіздерге ол өзі ойластырған киіз үй жобасындағы схеманы ұсынамыз.

 

 

Осы  нысаналы оқыту технологиясы бойынша өткізілген  «Тамақтандыру мекемесінің маманы»

№ 44 топқа өткізген «Ұлттық  тағамдар» атты ашық сабағы өте жақсы деп бағаланды.

сабақта көздеген нысанасы:

а) білімділік – таным саласындағы нысана: Оқушыларды мамандығына сәйкес алып  жатырған теориялық білімдерін өмірмен  (іс-тәжірибемен) байланыстыру.

ә) тәрбиелік – сана-сезім саласындағы нысана: Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрімізді сақтауға, ұлттық мәдениетімізді дамытуға  баулу.

б) дамытушылық – іс-әрекет шеберлігі саласындағы нысана: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ой-өрісін кеңейту

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: Кіріктірілген сабақ

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі: компьютерде жазылған сөздік, ұлттық тағамдар, ыдыстар

Сабақтың жүрісі – Нысанаға жету жолы

I. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды   түгендеді,  кезекшімен ауа райы туралы диалог жүргізді.

II.  Сөздікпен жұмыс – Нысанаға жетелеу:

Тағамға байланысты  сөздерді үш тілде айтқызды.

  1. таңертеңгі (түскі, кешкі) ас,ішу,жеу, шақыру;
  2. дастархан, ас үй, қонақ, қонақ бөлме, даяшы,келін, аспазшы;
  3. қазан, таба, пісіру, қуыру, дайындау, түсіру, құрамы;
  4. ет, жылқы еті, сиыр еті, түйе еті, қой еті, құс еті, сыбаға;
  5. ұн, қамыр, қамыр илеу, оқтау;
  6. қуырдақ, жүрек, бүйрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын,тіл;
  7. тұз, тұздау, бұрыш, сарымсақ,жуа, сәбіз, дәмді;
  8. ожау, сүзгі, қасық, шанышқы, пышақ, сүрткіш қағаз, орамал;
  9. Құдайы қонақпын!

10.  Қош келдіңіз!

1. Таңертеңгі ас – breakfast – завтрак                            1. Дастархан – table-cloth – скатерть

2. Түскі ас – dinner – обед                                                  2. Ас үй – Kitchen – кухня

3. Кешкі ас – supper – ужин                                               3. Қонақ – Guest – Гость

4. Ішу – to drink – пить                                                    4. Қонақ бөлме – living-room – гостинная

5. Жеу – to eat – есть                                                           5. Даяшы —  waiter – официант

6. Шақыру – to invite – пригласить                                   6. Келін – Fiancee – Сноха

7. Қош келдіңіз! – Wеllcome! – Добро пожаловать!       7. Аспазшы – Cooker – Повар

1. Қазан – cauldron – чугун                                                1. Ет – meat – мясо

2. Таба – frying-pan – сковородка                                      2. Жылқы еті – horse-meat — конина

3. Пісіру – to boil – отваривать                              3. Түйе еті – camel-meat — верблюжье мясо

4. Қуыру – to roast – жарить                                                4. Сиыр еті – beaf – говядина

5. Дайындау – to prepare – приготовить                            5. Қой еті – mutton – баранина

6. Қабығын аршу – to peel – очищать                                 6. Құс еті – chicken — птичье мясо

7. Құрамы – recipe – рецепт                                                7. Сыбаға – lobe – доля

1. Ұн – flour – мука                                                                 1. Қуырдақ – fry-kuyrdak – жаркое

2. Қамыр – dough – тесто                                                    2. Жүрек – heart – сердце

3. Қамыр илеу – to knead — месить тесто                           3. Бүйрек – kidney – почка

4. Ашытқы – yeast – дрожжи                                             4. Бауыр – liver – печень

5. Нан тақтай – rolling-pin – доска                                    5. Өкпе – lung – легкие

6. Тұздық – gravy – приправа                                             6. Ішек-қарын – gyt — суп-продукты

7. Сорпа – broth – бульон                                                   7. Тіл – tung – язык

1. Тұз – salt – соль                                                                 1. Ожау – laddle – черпак

2. Тұздау – to rub – солить                                                   2. Сүзгі – skimmer – шумовка

3. Бұрыш – pepper – перец                                                               3. Қасық – spoon – ложка

4. Сарымсақ – garlik – чеснок                                              4. Шанышқы – fork – вилка

5. Жуа – onion – лук                                                                         5. Пышақ – knife – ножь

6. Сәбіз – carrot – морковь                                                  6. Сүрткіш қағаз – napkin – салфетка

7. Дәмді – delicious – вкусно                                             7. Орамал – tower – полотенце

III. Тыңда, оқы, аудар – Нысанаға жету:

Мәтінді магнитофоннан  тыңдады. «Қазақтың ұлттық тағамы- ет». Оқушылар мәтінді оқып, аударды.

IV. Ойын «Ойла, ойна» — Нысананы қолдану:

«Пісір-түсір»-ет асу.

«Қуыр, қуыр, қуырмаш»- қуырдақ қуыру.

«Әзір-мәзір»-бауырсақ  пісіру.

а) Оқушылар  қағазға жазылған сөздерді теру арқылы а) шәй мәзірін жасады; ә)бауырсақ пісірді; б) қуырдақ  қуырды; в) ет асады; а) «шай  дастарханына»  керекті  сөздер:tea,  tea   pot,  table   cloth,  samouvar, kettle, cup,  salvar,  fork,  spoon,   bread , butter , cake,  sweet,  biscuit,  lollipop,  cheese,  egg , milk,   sugar,  millit,  peach, saucream,    самаурын, аққұман, кесе, қасық, нан, секер, май, шай, кәмпит, мәмпәси;

ә) «Бауырсақ  пісіргенде» қолданған  сөздер: оil,  dough, yeast  dough, to  knead, flour,  to  fry, frying — pan, skimmer,  roller,  rolling-pin,  to  cut, knife,  to  roll,  ferment.   таба, шемешкі май, қуыру, қамыр, ысу, ашытқы, кесу, ұн.

б) «Қуырдақ қуырғанда» қолданған сөздер: frу,kuyrdak,  to fry,  to  cut,beаf, mutton, horsemeat, camelmeat, heart, kidney, liver,lungs, gut, kazan, fry  іng-pan, to add, salt, pepper,  onion, taste, ет, өкпе-бауыр, жүрек-бүйрек, ішек-қарын, тоң май, қазан, таба, қуыру.

в) « Ет асқанда» қолданған сөздер: to boil, to cook,to remove, to peel, to knead,to prepare, meat, water, salt, to season,horse meat, camel meat,beef, mutton, tocut, dough, flour, egg,noodle, broth, gravy,potatoes, onion, pepрer, taste, fatty, mare’s rid, kazy -karta

Нысананы талдау:

Егер сөздер қате терілсе:

1. шай «қайнатылмайды»;

2. бауырсақ «шикі» болады;

3. қуырдақ «күйіп» кетеді;

4. ет «қатты» болады, т.с.с. яғни бағалары кемітіледі.

Егер сөздер дұрыс терілсе:

  1. онда шай «тез әзір»болады;
  2. бауырсақ «тәтті» болады;
  3. ет «сүйкімді» болады;
  4. қуырдақ «дәмді» болады.яғни бағалары өте жақсы болады.

Ү. Қош келдіңіз!  Құдайы қонақпын! – Нысананы жинақтау:

Сөз тіркесін 3 тілде айтып,қонақ күту.

Көрініс: Сәлеметсіз бе? — Қош келдіңіз! Қонақ келгенде қалай қарсы алу керек екендігі айтылады. « Әзір-мәзір; Пісір-түсір; Қуыр, қуыр, қуырмаш» ойындары ойналады.

  1. VI. «Істе, көрсет, айт және жаз» ойыны бойынша Нысанаға жету

Мен  нан  илеп  жатырмын                                              Біз шәй ішіп отырмыз

Сен нан   ысып  жатырсың                                              Сіздер нан жеп отырсыздар

Ол нан  кесіп  жатыр.                                                        Олар ет жеп жатыр.

Іс әрекетті  істеп, көрсетіп, айтып  тұрып жазды. Осы  айтып  жатырған  кезде,  іс-әрекеттің  болып  жатырғанын –ing  жалғауы   арқылы  білуге  болмайтындығын  айтып  ескертті.Тақтаға  осы қазір       істеліп жатырған  іс-қимылдарды  жазды.

Абзал  ет  турап  жатыр Біз үйреніп жатырмыз
Марал  қуырдақ  қуырып  жатыр Олар тыңдап отыр
Анар  жазып  отыр Сіздер көріп отырсыздар

Оқушылар  сызба- нұсқа  бойынша   мысалдар   келтіріп   айтты, көрсетті   және  жазды. «Пісір  түсір !», «Қуыр-қуыр, қуырмаш !», «Әзір-мәзір !», ойыны  арқылы  қатесін  көрсетіп, болымсыз  сөйлем  жасады.

VII. Нысанаға жеткен —  жетпегендігін тексеру:

Жаңа  сабақты  қорытындылау. Оқушыларға  істетіп, көрсетіп,  айтқызды. Мысалы: Картоп  аршы ! Сен  не  істеп  жатырсың? Мен   картоп  аршып  жатырмын. Сәбізді (жуаны) тура! –  Сен не  істеп жатырсың? Мен сәбіз  турап  жатырмын. Нан  ыс! – Сен не істеп жатырсың?- Мен нан  ысып  жатырмын. т.с.с.

Жаңа  сабақты  бекіту. Басқа  оқушы  олардың  не істеп жатырғанын ағылшын тілінде айтты.

Анар  бауырсақ  пісіріп  жатыр.

Гүлнар  қуырдақ  қуырып  жатыр.

Марал  ет  асып жатыр т. б.

  1. VIII. Үйге  тапсырма. Сөздерді  жаттау,  жанұя  мүшелері  не  істеп  жатыр, соны  жазып  келу, ата-аналарынан  басқа  ұлттық  тағамдардың  жасалу  жолдарын   сұрап-білу.
  2. IX. Бағалау. Оқушыларға ауызша, жазбаша орындаған жұмыстарына қарай, жетістіктерін айта отырып бағалады.

Бұндай  сабақтың  түрлерін өткізу арқылы мұғалім  көздеген  нысанасына жетуге  мүмкіндік  алды.

 

Предыдущая запись

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Об авторе

Простой конструктор сайтов WordPress: Универсальные демо-версии для блогов, новостей, электронной коммерции и многого другого — импорт одним щелчком, никакого кодирования! 1000+ готовых шаблонов для потрясающих сайтов газет, журналов, блогов и публикаций.

BlockSpare - Новости, журналы и блоги Приложения для редактора блоков (Gutenberg)

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше