Ертеңгілік жаттығулар. 1-2 апта(құралсыз). 3-4 апта (доппен)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №10 “Алма” сөздері бұзылған балалар үшін
мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы, мемлекеттік мекемесінің
тәрбиешісі Алдонгарова Лаура Исмагулқызы
Ертеңгілік жаттығу 1-2 апта(құралсыз)
1.Жүру,жұптасып жүргізу,бір қатарға тұрып жүру,аяқтың ұшымен жүріп келе жатып қолды жоғары күнге қарай созу.
2.”Жүзіп жүрген бақалар”Б.Қ.екі аяқты иық денгейімен қою.Тізені сәл бүгіп, қолды кеудеге қою.1.Қолды алдыға созып,шеңбер жасап аяқтың ұшымен тұрып түзелу.Ішті тартып,мойынды түзу ұстау.2.Б.Қ-қа келу.
3.Б.Қ:Екі аяқты иық денгейіне қою.1.Оң қолды көтеріп түсіру.2.сол қолды көтеріп түсіру.3.Б.Қ-қа келу.
4.Б.Қ. еденге отыру.Аяқтар иық кеңдігінде.Екі қолды артқа қойып тербелеміз.1.Оң аяқты көтеріп,аяқтың ұшымен түзейміз.2.Сол аяқты көтеріп,аяқтың ұшын түзейміз.
5.”Алдыға еңкею”Б.Қ саусақтарды айқастыра ұстап,жерде отыру.1.алдыға иіліп,аяқтың ұшына жету.2.Б.Қ қа келу.
6.”Секіру”Б.Қ оң және сол аяқпен кезек-кезек секіру.Екі аяқпен алдыға қарай жылжып секіру.
Тыныс алу жаттығуы
“гүлдерді үрлейміз”
Саусақ жаттығуы
Кел,кел қыздар келіңіздер,
Жүннен киіз басайық.
Алты қырдан асайық,
Ақ текемет басайық.
Ертеңгілік жаттығу 3-4 апта (доппен)
1″Түсіріп алма”Б.Қ қазақша молдас құрып отыру,доп қолда.1.Допты жоғары көтеру,қолды бүгіп,бастан асыру.3.Допты жоғары көтеру.4.Б:Қ-қа келу. 4-5 рет қайталау.
2″Допты бастан асырып ұстау”Б:Қ тізерлеп отыру,доп төменде,көтермелеп қолды алдыға созу.2.Б-Қ-қа келу.3-4 рет қайталау.
3 “Құлау”Б-Қ аяқ иық кеңдігінде,қол доппен төменде.1 допты алға созып,оң аяқпен құлау.2.Б-Қ -қа келу.
4 “Еңкею”Б-Қ отыру аяқ алшақ,доп ұстағанқолды бүгіп,кеуде тұсында ұстау.Алға оң(сол) аяққа шалу,қолды түзу ұстау.2.Б-Қ қа келу.6 рет қайталау.
5 Допты айнала жүгіру”Б-Қ н-т доп еденде.Белгі бойынша допты айналып,жүгіріп,тізерлеп отырып,алақанмен допты бір ұру.5 рет әр жаққа қайталау.
Тыныс алу жаттығулары
“Гүл”
Саусақ жаттығуы
“Көбелек”
Көбелек-ау,көбелек,
Әдемісің керемет.
Алақанға қона ғой,
Өзіңде гүл бола ғой.
