Сөйлеу тілінің бұзылуына жаттығулар
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №10 “Алма” сөздері бұзылған балалар үшін
мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы, мемлекеттік мекемесінің
тәрбиешісі Алдонгарова Лаура Исмагулқызы
Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады. Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су-Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзаның белсенді нүктелері қол саусағында орналасатынын дәлелдеген болатын. №10 “Алма” балабақшасында жалпы тіл кемістігі бар балаларға арналған арнайы 6 топта 85 бүлдіршіндер тәрбиеленеді. Олар әр түрлі жастағы балалар,жалпы тіл кемістігі 1-2 деңгейі,моторлы алалия,тұтықпа диагнозы бойынша ПМПК шешімімен қабылданған. Өз іс тәжірибемізге сүйене отырып,баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігін арттырамыз.
Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын,оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет.Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар,нервті-психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет.Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып,жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.Ойын жаттығуларын беруде мына принциптерге сүйену қажет:
Ойын жаттығулары балаларға қызықты,тартымды болуы қажет,ересек пен бала арасындағы қарым-қатнас сенімділікке құрылуы қажет.
Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге қарай ойысады.
Қолдың саусақ қызметін анықтайтын біріңғай ұғым әдебиетте кездеспейді.Дегенмен,тәжірибеге жүгіне отырып,оларды жинақтасақ:қолға,арналған гимнастика,саусақ гимнастикасы,саусақ ойындары мен жаттығулары,саусақ ойын тренингі,массаждар.Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады.Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып,пысықтауға болады.Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды.Ойын қимылдары әрдайым қызықты да,тартымды болуы шарт,баланы мезі қылмауы керек.Мысалы:Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданылады.Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады.
Ол екіге бөлінеді:1)отырып ойнайтын саусақ ойындары.2)Қолдың нәзік бұлшеқ еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып,секіру бір орында жүгіру,қол,аяқ,бас қимылдары да бірге орындалады.Біз”Табиғат”панносын балалармен ойынды қызықты өткізу мақсатында жасақтадық.
Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың да маңызы бар.Қазіргі таңда массаж-ғылыми тұрңыдағы әдіс,ол бүкіл ағзаның дене және ой қызметін қалыпты ұстауда және қалпына келтіруде көптеген ауруды емдеуде және сауықтыруға ықпал етеді.Массаж үлкенге де,кішіге де қажет.Ең алдымен массаж дені сау адамдарға жақсы көңіл-күй мен әртүрлі аурулардың алдын алу үшін жасалады.
Дамуында әр түрлі ауытқушылықтар бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады.Оның негізгісі сылау,сипау,қысу,сілкілеу,қозғалту,дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары.Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер,зонд,дөңгелек,массаж доптар,спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады.Біз өз тәжірибемізде алақанға Су-Джок массажері мен саусақ буындарына сақиналары пайдаланамыз.Жалпы массаж жасауға қажетті ұсыныстар.
1)Массаж балаға қолайлы жағдайда мүмкіндігінше жақсы музыкалық сүйемелдеумен өткізілгені дұрыс.
2)Баланың терісі-құрғақ,таза болуы керек.Массаж жасаушының қолы таза,жылы,жарақатсыз болу тиіс.
Массаж ұзақтығы 10-12 процедур бір цикл,күн сайын немесе күн аралық.Алғашқы уақыты 2-3 минуттан басталады.
Жалпы тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда сондай-ақ әртүрлі жұмсақ конструкторларды құрастыру,моншақты жіпке тізу,бау байлау,мозайкаларды құрастырумен айналысуға болады.

Сіздің материалыңыз маған керек еді.
Сіздің материалыңыз маған керек еді