Көктем
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №10 “Алма” сөздері бұзылған балалар үшін
мектепке дейінгі арнаулы (коррекциялық) ұйымы, мемлекеттік мекемесінің
тәрбиешісі Алдонгарова Лаура Исмагулқызы
Тәрбиеші: Балалар күн шыққанда сіздер қуанасыздарма? Ол сіздерге жылы нұрын жібереді. Шеңбер құрып өлең жолдарын бірге қайталайық.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
Тәрбиеші:Күн шығып бізді жылытты.Міне,мына нұры біздің келіп жетті.
(Саусақтарымызбен ойнайық,сілкейік)
Бас,иық,тізе саусақ,
Бас,иық,тізе саусақ.
Саусақ,саусақ,саусақ.
Тәрбиеші: Біз ояндық,
Созылдық,керілдік. (оянады,керіледі
біз киіндік,жуындық. жуынғанын көрсетеді)
Тәрбиеші: Біздер тату боламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасайық,
Орнымыздан тұрамыз.
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
1,2,3 қолды жоғары созамыз.
Тәрбиеші:Менің қолымда сыйқырлы таяғым бар.Ол өзінің өлеңін айтады.Ырғақты сурет (таяқпен жерге ұрады)Балалар шеңбер ішінде жүріп қайталайды.
Ал енді сылдырмақ соғайық.Сылдырмақ сылдырлап бесікте тұрады.
Бөпешім былдырлап сылдырмақ ұрады
Бас салып,қолға алып,ауызға салады,
Сол кезде сылдырмақ сөйлемей қалады.
“Логоырғақ”
Аспанда ғажайып үй тұр,
Сол үйде күн тұрады.
Самаурынмен шәй қайнатып,
Үй жанында ішеді
Сол жерде бір сұр бұлт жүр,
сондай қатты қабағы.
Найзағаймен жаңбырды,
Ілестірді соңына.
Зор дауыспен сұрады,
Кім бұл жерде тұрады.
Күн одан қорықпады,
Күлімсіреп қарсы алды.
Қорықпаңыз,кіріңіз,
Төрлетіңіз,жүріңіз.
Сол жерде қызық болды,
Найзағаймен бұлт жоғалды.
Көк аспанда кемпір қосақ
Шықты-шықты.
Тәрбиеші:Қазір балалар көктем жәйлі шырқаймыз.
Келсе көктем сырнайлы,
Бұлақ күліп тынбайды.
Шуақ төгіп күміс күн
Бұлбұл бақта жырлайды,
