Без рубрики

Ұстаздарға арналған педагогикалық семинар оқулар

Құрметті Ұстаздар!  www.45minut.kz сайты және «Республикалық 45minut.kz» газетінің қызметтерімен таныстыру және Ұстаздарға арналған Республикалық педагогикалық семинар оқуға  қатысуға шақырамыз.

Семинар оқу тақырыбы:  Ұрпақ тәрбиесі және Интернет мүмкіндігімен Ұстаздардың білімін жетілдіру жолдары
Ұйымдастырушы: Қызылорда қаласы, «Болашақ» университетінің қолдауымен ЖК «Нагиева Ш. Б»
Өткізілетін қаласы: Қызылорда қаласы, «Болашақ» университеті ғимараты. www.kbu.kz
Жоспарланған күні: 19 сәуір 2012 жыл.
Семинарға тіркелу формасы: www.45minut.kz сайты арқылы
Тіркелу формасы: Семинарға тіркелу формасы
Семинар құжаттары: «Семинарға қатысушы» сертификаты беріледі.

Семинарға Республика көлемінде барлық Ұстаздарға қатысуға болады. Семинарға қатысамын деуші Ұстаздар www.45minut.kz сайты арқылы тіркелу формасын толтырып жібереді.

Семинарға қатысу және баяндама ұсыну тегін. Семинарға қатысуға мүмкіндігі болмаған Ұстаздар баяндамаларын кітап-жинаққа ұсынуларына болады. Семинар баяндамалары кітап-жинақ ретінде шығарылады.

Семинарға баяндама қабылдау  29.03.2012 — 10.04. 2012 ж.  күніне дейін.  Осы күннен қалмай баяндамаларыңызды жіберулеріңіз сұралады.  Сілтеме:  Семинарға баяндама жіберу шарттары

Семинар оқуларда тәжірибе алмасу үшін Ұстаздарға  еркін тақырыпта баяндама жасауға, өзінің педагогикалық тәжірибесін презентация ретінде көрсетуге мүмкіндік бар. Ол үшін баяндамасын 45minutkz@mail.ru  электронды поштасына жіберу керек. Барлық баяндамалар семинарда көрсетіледі.

Сонымен қатар семинар кезінде жұмыс презентациясын көрсетіп көрме ұйымдастыруға да болады.

Семинарға қатысуға шақырту қажетті деген Ұстаздарға мектеп директоры атына шақырту жіберіледі.

Семинарға басқа облыстардан келіп қатысушы Ұстаздар нақты қатысу мүмкіндігі туралы алдын-ала хабарлауы керек.

 

Сәуір айына жоспарланған семинар оқулардың бағдарламасы:

  1. Семинар оқулардың маңызы және Ұрпақ тәрбиесі. Баяндама
  2. Қызылорда облысы туралы. Баяндама. Баяндамашы: Қызылорда облыстық білім беру бөлімі
  3. Ұстаздармен ұрпақ тәрбиесі бағытында атқарылған қоғамдық қызметтер. Баяндама. Баяндамашы: Қызылорда облыстық «Нұр Отан» ХДП өкілі
  4. Интернет-ресурстар мен БАҚ (Газет, Журнал, ТВ) Баяндама.  Баяндамашы:  Әбенов Мұрат Әбдуламитұлы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
  5. http://www.45minut.kz сайты қызметтерімен таныстыру. Презентация
  6. Сайтқа сабақ салу қызметтері. Түсіндірме сабақ
  7. Мектептерге арналған «Жеке сайт жобасы» туралы. Презентация
  8. 45minut.kz газеті және БАҚ маңызы
  9. Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
  10. Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
  11. Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
  12. Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
  13. Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
  14. Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
  15. Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
  16. Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
  17. Еркін тақырып. Баяндама. Презентация
  18. Қорытынды сөз. Баяндама. Презентация
  19. Еркін пікір алмасу.

Ұстаздарға арналған педагогикалық семинар оқулар: 21 комментарий

  1. Құрметті Ұстаздар мен сәуір айында өтетін семинарга катысқым келеді

  2. Актобе облысы бойынша семинар окулар бола ма?оган калай катысуга болады?

  3. Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Еңбектерің жемісті, өмірлерің шаттыққа толы болсын!

  4. Қазалы қаласы №95 орта мектептен сәуір айында өтетін семинарға қалай қатысуға болады

  5. Білімімізді көтеруге әрине қуана қуана келісеміз.Семинарға қатысу үшін тікелей Түркістан мен Қызылордаға бару керек пе? Әлде семинарға сырттай да қатысу мүмкіндігі қарастырылған ба?Соңғы мүмкіндік те тамаша болар еді.Өйткені, кез-келген ұстаздың жол жүруге жағдайы да бола бермейді ғой.

    1. Cеминар Қызылорда және Түркістан қалаларында болады, оған тек қана тікелей барып қатысу керек. Сырттай қатысу мүмкіндігіне келер болсақ, ол семинар материалдары жинақ болып шығады, соған баяндама қосуға болады, әрі жинақ кітапшаны тапсырыс беріп алуға мүмкіндік жасалады, семинар сабақтары туралы сайтымызда кеңінен мақалалар жарияланады. Мүмкіндігімізге қарай, фото және видео сұхбаттар жариялауды жоспарлап отырмыз. Дегенмен семинарға тікелей қатысып, өзге де ұстаздармен танысып, пікірлесіп, тәжірибе алмасқан өте тамаша мүмкіндік деп есептейміз. Болашақта өзге де қалаларда өткізу жоспарда бар, барлық қызметтеріміз Ұстаздарымыз үшін.

  6. Сәлеметсіздер ме, қадамдарыңызға нұр жаусын. Мен сәуір айында болатын семинарға қатысқым келеді. Қашан нақты уақытын айтсаңыздар, ертерек дайындалар едік. Алдын-ала рахмет

  7. сәлеметсіздерме! Сіздердің сайттарыңыз ұйымдастырып отырған семинарға қатысқым келекді. Алдын ала нақты күні белгіленсе өте жақсы болар еді. Сіздерге осындай сайт ашып мұғалімдердің тәжірибе алмасуларына мүмкіндік жасағандарыңызға рахмет

  8. Армысыздар құрметті әріптестер. Семинарға еркін тақырыпта қатсу үшін баяндамамен презинтацияны қалай жіберемін? Алдын-ала рахмет

  9. Дстанционды түрде қатысуға болама, әлде сол жерге баруымыз керек па? Біз өте алыстамыз. Сонда біздің мүмкіндігіміз қандай?

  10. Құрметті әріптестер. Семинарға жіберілетін баяндама
    көлемі қанша болуы керек,әлде көлеміне шек қойылмайды ма?

    1. Семинарға қатысу және баяндама ұсыну тегін. Семинарға қатысуға мүмкіндігі болмаған Ұстаздар баяндамаларын кітап-жинаққа ұсынуларына болады. Семинар баяндамалары кітап-жинақ ретінде шығарылады.

      Семинарға баяндама қабылдау 29.03.2012 – 10.04. 2012 ж. күніне дейін. Осы күннен қалмай баяндамаларыңызды жіберулеріңіз сұралады. Сілтеме: Семинарға баяндама жіберу шарттары

  11. cеминарға тек материал жібергендерге сертификат беріле ме?
    ол жинақты қалай аламыз?

  12. Саламатсыз ба! Баяндама қанша бет болуы керек, презентацияны қоса жібереміз бе? рахмет!

    1. Семинарға қатысу және баяндама ұсыну тегін. Семинарға қатысуға мүмкіндігі болмаған Ұстаздар баяндамаларын кітап-жинаққа ұсынуларына болады. Семинар баяндамалары кітап-жинақ ретінде шығарылады.
      Семинарға баяндама қабылдау 29.03.2012 – 10.04. 2012 ж. күніне дейін. Осы күннен қалмай баяндамаларыңызды жіберулеріңіз сұралады. Сілтеме: Семинарға баяндама жіберу шарттары

  13. Сәлеметсіздер ме, қадамдарыңызға нұр жаусын.Еңбектеріңіз арта берсін. Кітап жинақты қалай алуға болады және кітап-жинаққа ғана жібергендерге сертификат беріле ме?

  14. Семинарға жіберген баяндамамыз кітап жинаққа ене ме? Егер енетін болса, ол кітапты қалай алуымызға болады? Сонымен бірге жинаққа енгенін қалай білеміз?
    Жинаққа енген баяндамалардың тізімі интернетте жариялана ма? Осы сұрақтарыма тез арада жауап алғым келеді.

  15. Гулмира сіз сұрағыңыөға жауап алдыңыз ба? Ол қандай семинар?

  16. Сәлеметсіздер ме! Кейін тағы осындай семинарлар ұйымдастырыла ма? мен баяндама жіберейін деп едім? Осы сәуір айының семинарын бүгін ғана көріп тұрмын. Кешігіп қалдым баяндама жіберуге. Енді тағы қашан мұндай мүмкіндік болады?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.