Логиканың негізгі түсініктері

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
№136 қазақ орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Абкереева Гаухар Жанбырбаевна

Күні: 11.10.2011ж.   Сыныбы: 8 А,Б   Сабақтың тақырыбы: Логиканың негізгі түсініктері
Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Логиканың негізгі түсініктері туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және шапшаңдыққа баулу
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі, лекция сабақ        Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі –иллюстративті,тексеру Педагогикалық технологиялар:КОТ, ДОТ
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта,тапсырма сұрақтар, есептер  Пәнаралық байланыс: ықтималдық теориясы

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
-Саламатсыздар ма оқушылар!Орындарыңызға отырыңыздар
(кезекші арқылы сыныпты түгендеу)
ақ халаттарын киюін қадағалау
II.Өткен сабақты қайталау
Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар
Қосу амалына есептер:

Азайту амына есептер

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Логика сөзі гректің “Logos” – ой, сана, сөз деген сөзінен шыққан.
Логика – ақиқатқа, шындыққа, көз жеткізу үшін қалай дұрыс ойлау керектігін, ойлаудың заңдары мен ережелерін зерттейтін ғылым.
Егер хабарлы сөйлемнің ақиқат немесе жалған екендігі туралы айтуға болатын болса, онда оны пікір деп атаймыз.
ІУ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Пікір деп акикдт немесе жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аякталған сөйлемді айтамыз.

Г.В.Лейбниц
1646—1716

Логика — пікірлер жөне олардың байланыстары туралы ғылым. Ойлау, пайымдау әдістері туралы алғашқы ілімдер Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды, бірақ оның негізіне грек ойшылы Аристотель құрған ілім жатады. Неміс ғалымы Г.В. Лейбниц (1666 жылы) алғаш рет ойлау, пайымдау заңдарындағы анықталмағандықтың ауызша төрелік етуін және пікірлер арасындағы байланысты математикалық қатынас түрінде анықталатын математика тіліне аударуға тырысты. Жүз жылдан соң ағылшын математигі Джордж Буль математикалық зандылықтарға бағынатын логикалық әмбебап тілді құру туралы Лейбниц идеясын дамытты. Ол өз алдына ерекше алгебраны — барлық объектілерге, атап айтканда, сандар, әріптерден бастап сөйлемдерге дейін колдануға болатын белгілеулер мен ережелердін жүйесін ойлап тапты. Джордж Буль логикалык алгебраның атасы болып табылады.
XX ғасырдын басына дейін логика іс жүзінде дамыған жок, ол тек ЭЕМ теориясының пайда болуынан бастап қана өзінің қаркынды дамуын бастады.
Әрбір ғылым сияқты логика да бірнеше пәндерді қамтиды. Мысалы, формалды логика, математикалык логика, ыктималдық логика, диалектикалық логика және т.с,с. пәндерді атауға болады.
Формалды логика сөйлесу тілімен берілген ігікірлерді талдаумен байланысты.
Д. Буль 1815—1864
Ыктималдык логика кездейсок параметрлермен жасалатын сынактың бірнеше серияларын қолдануға негізделген. Алынған нәтиженің дәлдігі жасалынған тәжірибелер санына тәуелді. Мысалы, тиынды лақтырғанда “елтаңба” немесе “жазу” жағының түсу ыктималдығы 1/2-ге тең, яғни тиынды лақтыру саны артқан сайын осы ыктималдық нақтылана түседі.
Математикалык логика дөлелдеулер техникасын зерттейді. Компьютерлер математика пәні сиякты аныктамалар мен дәлелдеулерде нақтылықты және қатаң реттілікті талап етеді. Пікірлер алгебрасы математикалық логика аймағы болып табылады.
Пікірлер алгебрасы—идеал пікірлерге қатысты ақкикат немесе жал¬ган пікір деп тұжырымдауға болатын пікірлерді зерттейтін логикалар алгебрасы. Логикалар алгебрасы пікірдің мағынасына назар аударып, терең қарастырмайды.
Сондықтан логикалар алгебрасы тек екі мағынаға ие болады, яғни пікірлердің кез келгені “акикат” немесе “жалған” пікірлерінің біреуін ғана сипаттайды.
Қарапайым пікірлер логикалар алгебрасында латынның бас әріптерімен таңбаланады:
А = {Абай — қазақ халқының ұлы ақыны}. В = {А.С. Пушкин — ұлы математик}.
Акикат пікірге 1 саны, жалғанға 0 саны сейкес қойылады. Сондықтан А=1, В=0.
Құрмалас пікірлер табиғи тілде пікірлер алгебрасында логикалык амалдармен алмастырылатын “және”, “немесе”, “теріске шығару” сөздері арқылы құрылады. Логикалық амалдар ақиқаттық кестесімен беріледі және графикалық түрде Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен бейнеленеді.
У. Жаңа тақырыпты бекіту:
1. Пікір сұраулы сөйлем түрінде өрнектелуі мүмкін бе?
2. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді?

Пікірлер:
1. Берілген сөйлемдердің қайсысы пікір болып табылады? Олардың ақиқаттылығын анықтаңыз.
1) Сканер — ақпаратты енгізу құрылғысы.
2) Тыңдаңыздар!
3) 5 = 4 + 1.
4) “4” және “1” сандарының қосындысы “5”-ке тең.
5) “4” және “1” сандарының косындысы “5”-ке тең емес.
6) 4 + 1 = 5.
7) 4 + 1 > 5.
8)  А — алфавиттін бірінші әрпі.
VI.Қорытындылау,бағалау: Сабаққа толық қатысып, белсенді араласып отырған оқушыларды «5»деген бағамен бағалаймын, белсенділігі орташа оқушыларды «4»бағамен бағалаймын.
VII.Үй тапсырмасын беру:
Тақырыптың соңындағы 2 –мысалды орындап келу(20-бет).
§3.1 оқып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше