Қазақстан дүниежүзі картасында

 Қазақстан тарихы     5-сынып                Сабақтың  тақырыбы: Қазақстан дүние жүзі картасында
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жер шары, материктер мен  мұхиттар,  Қазақстан Республикасының жер көлемі, табиғат жағдайлары  жайында түсінік  беру.
   Тәрбиелігі: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, отанын шексіз сүюге, кең байтақ еліміздің қорғаны болуға тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау   қабілеттерін,сөйлеу   мәдениетте,картамен дұрыс жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

   Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

  Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ -жауап

Көрнекілігі: карта, оқулық,глобус

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану

    Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

      1.Кезекші мәліметі

2.Оқушылар назарын сабаққа аудару

  ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

   Тест тапсырмалары

    1.Жердің шар тәрізді екенін қай елдің ғалымдары анықтады?

а) Ежелгі Қ ытай ә) Ежелгі  Грекия  б)Ежелгі Египет в)Ежелгі Вавилон

2.26 мемлекеттің картасын жасаған ғалым кім?

а)Геродот     ә)Әл-Хорезми      б)Птолемей  в)Карпини

3.Діни көзқараста жасалған карталар қалай аталады?

а) Монастырлық карталар    ә)Діни карталар

б)Шіркеу карталары

4.Әл-Хорезмидің карталы еңбегі қалай аталады?

а) Тарих    ә)География     б)Үлкен сызба кітабы    в) Жердің

бейнеленуі

5.Карта жасайтын арнайы кәсіпорын алғаш қай елде пайда болды?

 а) Италия  ә) Нидерланды  б) Өзбекстан  В) Әл-Фараби

6.Дүние жүзі картасына қазақ жерін түсірген ғалым, „Диуани лұғат- ат- түрік „ кітабының авторы?

а) Әл-Хорезми                          ә) Қадырғали Жалаири

 б)Махмуд Қашқари                  в)Әл-Фараби

7. ХҮІІ ғасырда С.Ремезов қандай кітабында тұңғыш рет Қазақстанды атласқа түсірді?

а)Үлкен сызба кітабы                   ә)Сібірдің сызба кітабы

  б) Жылнамалар  жинағы              в) Жердің бейнеленуі

8. Ресей патшасы Борис Годуновтың өтінішімен Қадырғали Жалаири қандай кітап жазды?

а) Диуани лұғат-ат-түрк                   ә)Үлкен сызба кітабы

б)Тарих                                               в)Жылнамалар жинағы

9.Картада түрлі- түсті бояулар не үшін пайдаланылады?

а)Мемлекеттердің шекаралары мен аумағын белгілеу үшін

ә) Шайқас болған жерлерді көрсету үшін

б) Әскери жорықтардың бағытын көрсету үшін.

в)Қай елге саяхат жасағанын көрсету үшін

10.Өз еңбектерінде астарономиялық зерттеулер арқылы қазақ жері туралы мағлұматтар берген ғалым?

а) Махмуд Қашқари                       ә) Әл-Хорезми

 б)Әл-Фараби                                  в) Қадырғали Жалаири

 

     ІІІ.Оқушы білімін жан-жанжақты тексеру:

 1.Алғашқы карталар қай кезде айда болған?

2.Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасынан өз облысыңды,ауданыңды тап. Картаға қарап отырып, қандай мәліметтер алатыныңды дәптеріңе жаз.

ІҮ. Жаңа сабақ:

  Жердің барынша кішірейтілген  дәл үлгісі  „глобус„ деп аталады.Глобус латын тілінен аударғанда  „шар„ деген мағынаны береді.

Жер бетінің су басқан алып бөліктері-мұхит деп аталады.Жер шарында 4 мұхит бар. Тынық,Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхит.

Құрлықтың жан-жағы сумен қоршалған ірі бөліктері  материк деп аталады.

Материктер алтау: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Еуразия- Еуропа және Азия дүние бөліктерінен тұрады.Біздің мемлекетіміз – Қазақстан Еуразия материгінің Азия бөлігінде.

Қазақстан батыстан шығысқа дейін 3000 км-ге,солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ге созылып жатыр.Еліміздің жер көлемі 2 млн 700 мың шаршы км.Жер көлемі жөнінен әлемде Қ азақстан  тоғызыншы орында.

Қазақстан  Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерімен шектеседі.

Ү.Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:

                           Сандар сөйлейді

     

Сандар                                         Нені білдіреді?
2 млн.700мың
1600
3000
155
480
150
250

     ҮІ .Жаңа сабақты бекіту:

Қазақстанның байлығы

  Кестені толтыр

Кездесетін өңірі      Қазба байлықтары
Орталық    Қазақстан  
Батыс    Қазақстан  
Шығыс Қазақстан  
Оңтүстік Қазақстан  
Солтүстік Қазақстан  

Картамен жұмыс

1. Материктерді табыңыз (ең үлкен,ең кіші материк)

2. Мұхиттарды табыңыз (ең үлкен, ең кіші мұхиттарды)

3. Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерді табыңыз.

4. Қазақстан Республикасының астанасын табыңыз

  ҮІІ. Үйге тапсырма:

 Қазақстан дүниежүзі картасында (оқу)

Еліміздің  бұрынғы астаналары жайлы  хабарлама жасау

ҮІІІ.Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше