тест тапсырмалары

Тест тапсырмалары

  1. Қай сөз «бірге үндесу» деген мағына береді?
    А. Фонема В. Орфография С. Орфоэпия Д. Сингорманизм Е. Лексикология
  2. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбай жалғана береді?
    А. Барыс септігі В. Ілік септігі С. Шығыс септігі Д. Көмектес септігі Е. Табыс септігі

  3. Сөзге қосымшаның жуан не жіңішке жалғануы неге байланысты?
    А. Соңғы буын В. Ашық буын С. Ортаңғы буын Д. Тұйық буын Е. Бітеу буын

  4. Қосымша неге берілген сөзге буын үндестігіне бағынбай жалғанып тұр?
    Медальді
    А. Соңғы «даль» буыны жуан В. Кірме сөз С. «ль» әріптеріне аяқталған Д. Дара сөз Е. «л» – үнді дауыссыз дыбыс

  5. Дыбыс үндестігі қандай жағдайда болмайды?
    А. Сөз бен қосымша арасында В. Біріккен сөзде С. Сөз ішінде Д. Сөз аралығында Е. Қысқарған сөзде

  6. Қай сөзде ілгерінді ықпал бар?
    Тұрғанбек үш жыл бойы Сарыағаштағы демалыс орнына бара алмай жүр.
    А. үш жыл В. Сарыағаштағы С. бара алмай жүр Д. Тұрғанбек Е. орнына

  7. Кейінді ықпалды табыңыз
    А. Баласы апасынан ақша сұрап көрді В. Марал киімдерді жинай бастады С. Бөлменің жарығын өзіміз жақтық Д. Сейіт далада жүгіріп бара жатыр екен Е. Сіңілісі жылап қоя берді

  8. Тасымалданбайтын сөзді табыңыз
    А. Баланың добы далада қалды. В. Жалғыз қалғанда мұңайып кетемін С. Келешекте үлкен ғалым болатын сияқты Д. Қарындасыма сыйлық алдым Е. Олардың сұрағына ұзақ ойланды.

  9. Қай дыбыстар тізбегінде дыбыс үндестігі болмайды?
    А. аа (қара ала) В. ыа (сары ала) С. са (бес алды) Д. па (жатып алды) Е. еа (келе алмады)

  10. Тұрақты тіркесті табыңыз
    А. Қолы ауыру В. қолы бармау С. Қолы күю Д. Қолы ысу Е. қолы мұздау

  11. Тұрақты тіркесті табыңыз
    А. Денсаулық-зор байлық В. Ештен кеш жақсы С. Сабыр түбі-сары алтын Д. Оқу инемен құдық қазғандай Е. Көп түкірсе, көл болады

  12. Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті табыңыз
    А. Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр. В. Аузы күйген үрлеп ішер. С. Олар суықты қалып, тісі тісіне тимей жаурады. Д. Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті. Е. Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып-қызыл болып кетті.

  13. Жай септеу үлгісіндегі сөзді белгілеңіз
    А. Әділдігі В. Кітабымды С. Сәніңізге Д. Жақсыларымның Е. Адасқанның

  14. Тәуелдік мағына тудыратын жұрнақтарды табыңыздар
    А. –лар, -лер, -тар В. –ның, -нің, -тың С. –нікі, -дікі, -тікі Д. –ым, -ім, -м Е. –мын, -сыңдар, -мыз

  15. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді көрсетіңіз
    А. Тұздың емдік қасиеті бар В. Аурудан аяған күштірек С. Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ Д. Бес жүздей жұмыскер қосылды Е. Анам қалаға кеткен

  16. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз
    А. Өнерлі бала сүйкімді В. Көп сөз-күміс С. Ел жақсымен көрікті Д. Халық сөзі-қаһарлы Е. Отан оттан да ыстық

  17. Шығыс септігінде тұрып, пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?
    А. Есептік В. реттік С. Жинақтық Д. бөлшектік Е. топтау

  18. Қалып етістігін табыңыз
    А. бол В. кел С. тұр Д. қал Е. де

  19. Ортақ етістіктен жасалған есім сөзді табыңыз
    А. Ол онымен қатты тартысты В. Мен ол айтысты көрген жоқпын С. Оның жағы қарысты Д. Мен оған көмектестім Е. Ол асығыс жетіп келді

  20. Қай сөйлемде тұйық етістік барыс септік тұлғасында тұр?
    А. Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі-пікірлеспек, екіншісі-берік сақтау. В. Ер Төстік егеуін іздеді. С. Осыны түгел айту керек. Д. Ойы-тезірек Доңқараның бергі түбегіне жету. Е. Соның қайсысын бірінші кезекте көтеру керек.

  21. Үстеуден жасалған етістікті табыңыз
    А. сылтаурат В. тездет С. жылтырат Д. қарайт Е. менменсін

  22. Бастауыш қызметіндегі үстеуді табыңыз
    А. Ол бүгін келді В. Ертеңіңді ойлап әрекет жаса С. Ол кешелері ойын баласы еді Д. Жақсылықтың ерте-кеші жоқ Е. Ол кейінірек барады

  23. «Кітабыңызды оқығым келеді» тіркесіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызамыз
    А. Ырықсыз етіс В. Есімше С. Тұйық етістік Д. Қалай райлы етістік Е. Көсемше

  24. Себеп пысықтауышты көрсетіңіз
    А. Батпаған ай батыстан қарап тұрды В. Кешеден бері сақтаған нанды жеп отырмын С. Бала кітап алғалы келіпті Д. Сен Алматыға ойнауға келген жоқсың, оқып білім алуға келдің Е. Ол табанда ақшасын өндіріп алды.

  25. Тыныс белгілері дұрыс қойылған қатарды табыңыз
    А. Есенгелді тұрып: -Қонақ – балалар, үлкен үйге жүріңдер, – деді. В. Есенгелді тұрып, «Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңдер», деді. С. Есенгелді тұрып -Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңдер, – деді. Д. Есенгелді тұрып: Қонақ балалар- үлкен үйге жүріңдер, – деді. Е. Есенгелді тұрып: – Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңдер, – деді.

Бағалау критерийі
23-25 – «5»
19-22 – «4»
16-18 – «3»
15-тен төмен – «2»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше