Без рубрики

«Тарихта таңба болған елдігіміз , Егемендәік еркіндік бірлігіміз»

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы

Тақырыбы: «Тарихта таңба болған елдігіміз
Егемендік, еркіндік, елдігіміз»
1Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Тарихта таңба болған елдігіміз Егемендік, еркіндік, елдігіміз» атты теліміздің тәуелсіздік күніне арналған жиынымызды ұсынамыз.
2Жүр: Қазақстан Республикасының Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады:
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
1жур: осы жиынымызды ашу үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Келесі құттықтау сөз кезегін ауылымыздың әкімі Рахметов Шудабай ағайға береміз.
Ауылымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз береміз.

2 жур: 1986 жылы 16-шы желтоқсанда бүкіл қазақ жастары тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне осындай ұмытылмас оқиғадан бері 21 жылдан асты. Өмір — өзен, толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да, жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол сол үш күнде, дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. (1 минут үнсіздік)
Ән: «Зейнелбай Арайлымның орындауында «желтоқсан» әні
1жур: Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..
Ән: Гүлжанның орындауында «Қазақ елі осындай»
2 жур: Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көздерің секілді. Сен сол туған жердің аспанымен тыныстайсың. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсың. : Қайсар баба жалғасы,
Ән: «Туған жер» орындайтын Әбжәй Меруерт
Өр намыстың құлымын.
Бізден бөлек қалмашы,
Тәуелсіздік тұғырым !
Жүректегі мақтаным,
Тәуелсіздік – бақ таңым.
Ұйқылы – ояу ұлтыма,
Абыройдың жақ шамын!

Ән: «Жаса жаса қазақ елі »Зейнелбай Нұрбол
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны міне жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
Би: Қазақ биі орындайтын бір топ қыздар
Көшеде тулар самсаған,
Көктемнің қызыл гүліндей.
Қазақстан тойын қарсы алам,
Өзімнің туған күнімдей

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Ән: «Астана» Жанділда Гүлдана
Отан дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.
2-жүргізуші: «Табиғаттың адамсыз күні жоқ» деген. «Нағашы мен жиеннің» шешендік жарыс сөзін тыңдалық.
Нағашы: Ассалаумағалейкум!
Жиен: Уағалейкум салам!
Нағашы: Уа, қайдан келесің, жиен жан? Ауыл, ел аман ба?
Жиен: Ой, нағашы еке – ай, қайдағы амандықты сұрап тұрсыз. Немене газет оқып, теледидар көрмейсіз бе?
Нағашы: О, немене болып қалыпты?
Жиен: Ойбай – ау, мына Асанның маңында Ерназар әкеміздің 29 жылқысы бір күнде, тал түсте қырылып қалған жоқ па? Туу аңғал нағашым – ай, мына зауыттардың кесірі емес пе?
Нағашы: Ей, осы атам қазақ көзін тырнап ашқалы ел, жер туралы небір өсиет қалдырған, соны біздің басшылар білмеген – ау.
Жиен: Нағашы – еке, онда мына жас балалардың құлағында қалсын, екеуміз бір шешендік сөз жарыстырайық.
Нағашы: Мен басын бастағанмен аяғын аяқтай алмаймын.
Жиен: Мен керісінше, басына шорқақпын, аяғын қатырамын.
Нағашы: Мен бастайын.
«Орман, тоғай – жер сыны ,
Бетеге, жусан – бел сыны.
Жиен: Көкорай шалғын – көл сыны,
Ебелек — ермен – жол сыны.
Нағашы: Дуадағы болмаса, шөлдің көркі бола ма?
Жиен: Орман тауы болмаса жердің көркі бола ма?
Нағашы: Нулы, сулы болмаса, қоныс әсем болар ма?
Жиен: Қаз, үйрегі болмаса, көлдің көркі болар ма?
Нағашы: Ел ағасыз болмаса,
Жиен: Тон жағасыз болмас.
Нағашы, жиен: Әлі талай заман өзгерер, өткен қателіктер жөнделе берсін. Сыйласа берсек өмір де, маржандай думан күй кешер. Иә республикамыздың
экологиялық жағдайы нашар. Алайда жағдай қиын деп туған мекенді тастап, қайсы бір ұлт — ұлыс өкілдері тәрізді басқа жаққа көшіп кететіндей біздің екінші отанымыз жоқ. Не көрсек те, өз жерімізде көреміз. Ендеше ауыр экологиялық апатқа қарсы күресу — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
1 жур: «Атаның емес, адамның ұлы бол» деген ұлы Абайға жүгінелік.
1жур: Жалыналық Абайға, жүр баралық,
Білімді сол кісіден ізденелік!
Әдейі іздеп біз келдік Сізге делік!
2 жур: Шіркін, ақынның асыл сөздері — ай!
«Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер….»
1 жур: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,» — деген де Абай емес пе еді…
2жур: Бізге бақытты, бейбіт өмірімізді жасап берген Ұлы тұлғалар есімін мақтанышпен айтамыз.
Ән: «менің Қазакстаным» Ержанның орындауында

1жур: Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Басымыздан құт-береке кетпесін деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзасына үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Достықты сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз –деп ата-бабалардың еліміздің еркіндігін ұрандап өткен, осыны ұмытпаңдар
Ән: «Көк тудың жебірегені» Кенжебек
2жур: Тәуелсіздік – достығымыз,
Тәуелсіздік – ел бірлігі,
Тәуелсіздік – ертеңіміз,
Ұрпақтармен жалғасатын.
Тәуелсіздік – ата жолы,
Болашаққа нық басқан.
1жур:Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!дей отырып бүгінгі тәуелсіздік күніне арнаған «Тарихта таңба болған елдігіміз Егемендәік еркіндік бірлігіміз» атты жиынымызды аяқтаймыз сау саламатта болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.