Без рубрики

Информатика

Тақырыбы: Файлдарды, каталогтарды көшіру және олардың орнын ауыстыру

Мақсаты:

Білімділік:.   Оқушыларға файлдарды, каталогтарды көшіру және олардың орнын ауыстырумен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушыларды есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік:Еңбекқорлыққа, адамгершілікке дамыту

 

Сабақтың типі : Жаңа сабақты түсіндіру

Пәнаралық байланыс : программалау негіздірі

Көрнектілігі: оқулық,компьютер.

 

Сабақтың  барысы.

 

І.  Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты қайталау

1)    Сілтеу программасын іске қалай қосамыз?

2)    Сілтеу терезесінің көмегімен қандай әрекеттерді атқаруға болады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1)    Файлды көшіру.

2)    Файлдардың орнын ауыстыру.

  1. Файлды көшіру – жаңа каталогта оның тағы бір

көшірмесін алу, ал файлдың орнын ауыстыру – оның бір каталогтан екінші каталогқа көшірмесін алып, ескі орнын жою.

Файлдар әрқашанда бір каталогтан екінші каталогқа көшіріледі. Сол себепті оң жақ терезеге көшірілген файл бар каталогты шығарып қойған жөн. Одан кейін орындалатын әрекеттер біртектес болады: көшірілуге тиіс файл немесе файлдар тобы ерекшеленеді, сонан кейін тышқан арқылы беретін каталогтан алушы каталогқа сол ерекшеленген мәліметтер жеткізіледі.

Бір файлды ерекшелеу қиын емес – сол файлдың белгішесінде тышқанды бір рет шерту керек. Қатар орналасқан бірнеше файлды ерекшелеу үшін:

—         бірінші тұрған файлдың белгісінде тышқанды бір рет шерту керек;

—         shift пернесін басып ұстап тұру қажет;

—         соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп, тағы да шерту керек.

Бума (каталог) ішінде әр жерде орналасқан файлдарды ерекшелеу үшін:

—         бірінші файл белгісінде тышқанды шерту керек.

—         ctrl пернесін басып, ұстап тұру керек.

—         Керекті файл аттарына тышқан курсорын алып барып, оны біртіндеп шертіп отыру керек.

Ерекшелеуді алып тастау үшін курсорды сол файлдан

тысқары жерге алып барып, тышқанды бір рет шерту қажет.

  1. Файлдардың орнын ауыстыру үшін курсорды сол

ерекшеленген обьектінің бір шетін алып барып, тышқан батырмасын басу керек, сонда файлдармен әрекет жасалатын көрсететін жылжымалы белгіше пайда болады.

Тышқан батырмасын сол басулы күйінде ұстап тұрып, жылжымалы белгіні файл көшірілуге тиіс бума белгісіне жеткіземіз де, батырманы қоя береміз. Осының нәтижесінде файлдың орын ауыстыру орындалады, егер ол ұзақ уақыт жүргізілетін болса, онда көрініс экранда бейнеленіп әрекеттің ұзақтығын көрсетіп тұрады.

ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау.

  1. Файлды көшіру дегеніміз не ?
  2. Қатар орналасқан бірнеше файлды  ерекшелеу үшін қандай  амалдарды орындаймыз ?
  3. Файлдардың орнын ауыстыру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз ?

V. Үйге тапсырма:  137 — 139  бет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.