Тақырыбы: WINDOWS жүйесінің стандартты программалары
Мақсаты:
Білімділік:. Блокнот, картотеканы пайдалануды үйрету.
Дамытушылық: Ой — өрісін және жан – жақтылыққа дамыту Тәрбиелік:Зейінділікке, іздемпаздылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі :Жаңа сабақты түсіндіру
Пәнаралық байланыс :Программалау негіздері
Көрнектілігі : оқулық,буклет,компьютер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1.Стандартты программалар не үшін керек ?
- Қандай программаларды білесіңдер ?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- 1. Блокнот
- 2. Картотека
Блокнот программасы қарапайым текстік файлдарды құруға және редакциялауға мүмкіндік береді. Мұнда қағаздың рөлін компьютер экраны, қарындаш пен өшіргіш рөлін курсор, не кішкене төртбұрыш, не келесі таңбаның шығар жеріне жыпылықтап тұратын вертикаль немесе горизонталь орналасқан сызықша атқарады. Көрсеткішті пернелердің немесе тышқанның көмегімен курсорды экранның кез келген жеріне ауыстыруға болады.
Компьютер экранындағы тексті курсорды басқару пернелерінің және төменде сипатталатын төрт пернелердің көмегімен жылжытып көруге болатын электрондық шиыршықталған қағазда жазылған деп қарастыруға болады. Ал, компьютерде информацияны (дербес жағдайда тексті) жылжыту жолақшасы көмегімен қарап шығу процесі «скроллинг» (ағылшын тілінің scroll – шиыршық сөзінен алынған) деп аталады.
Тексті теруде және редакциялауда, әдетте, келесі стандартты батырмалар пайдаланылады.
Кірістіру («Insert») символдарды енгізу режимін ауыстырып қосады. Кірістіру режимінде сендер теретін жаңа текст бұрынғы тексті оңға жылжытып отырады. Алмастыру режимінде жаңа текст бұрынғы текстің үстінен теріледі.
Өшіру («Delete») курсормен белгіленген немесе курсордың (егер курсор тік сызықша күйінде болса) оң жағындағы символды өшіреді. Бұл жағдайда, курсордың оң жағындағы бүкіл мәтін бір позицияға солға жылжиды.
Кері («Back Spake») батырмасы пернетақтаның сол жаққа бағытталған көрсеткіш бейнеленген жоғарғы әріптер қатарының оң жақ шетінде орналасқан. Бұл батырма курсордың оң жағындағы бір текст бір позицияға солға жылжиды.
Регистрдің алмасуы («Shift») батырмасы бас әріптерді енгізуге қызмет етеді. Бұл үшін батырманы басып тұрып, әріптер батырмасын шертесіңдер. Кімде-кім жазу машинкамен жұмыс істеген болса, бұл батырма жазу машинкасындағы литерлерді уақытша көтеріп тұратын арнайы кішкене рычаг сияқты деп айтуға болады.
Жоғарғы регистрді тиянақтау («Caps Lock») біз Регистрді ауыстыру пернесін жібермей басып тұрғанмен бірдей. Бұл перне тек бас әріптерментекст теру кезінде қажет болады.Бұл режімнің қосылғанын әрпі бар пернені баспай-ақ айқындайтын сәулелік индикатор бар.
Табуляция («Tab») курсорды жолдың белгілі бір позициясына ауыстыруға арналған.
Бір парақ жоғары («Page Up»). Бұл жағдайда “парақ”деп, текстің компьютер экранында көрініп тұрған бөлігі түсініледі. Бұл пернеге шерткенде текст экранның өлшемінде төмен айналдырылады (көтеріледі).
Бір парақ төмен («Page Down»). Бұл перненің атқаратын қызметі де алдыңғы перне сияқты, айырмашылығы текст экаранның өлшеміне төмен айналдырылады (түсіріледі).
Текстің / жолдың басына («Home »/ «Ctrl»+ «Home»). Курсор жол соңына не текстің соңына көшіріледі.
Картотека – бұл карточкаларды жинаудың бір жүйеге келтірілген компьютерлік аналогі,яғни компьютерде жазылып дайындалған,кейін керек болатын түрлі хабар,мәліметтер,
материалдар тіркелген карточалар жинағы.Ол кейбір белгілері бойынша жүйелендіріп,бір тәртіпке келтірілген информацияны сақтау үшін қолданылады.
Картотека іске қосылысымен екі бөліктен – тақырып аты мен жазба енгізілетін өрістен түратын карточка жасай бастайды.
Жаңа карточканы құру үшін меню қатарындағы Карточка Қосу… командасын орындау керек.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау
- Ерекшеленген үзіндіні қалай көшіреміз?
- («Page Up»)-пернесі нені білдіреді?
Ү. Үйге тапсырма :105-107 бет