Без рубрики

Информатика

Сабақтың тақырыбы: Символдарды форматтау

Мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға символдарды форматтау оның ішінде қаріп , қаріптің негізі параметрлерін таңғайындаумен таныстыру.

Дамытушылық. Компьтерде тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Бір-біріне көмекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың типі: жекелеме жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,тақта,проектор, үлестірмелі қағаз

Сабақтың барысы

1: Үйымдастыру

  1. Өткен тақырыпты қайталау

1) Жаңа құжат қалай дайындалады?

2) «Құжат ашу» терезесінің мүмкіндіктері қандай?

3) Терілген құжатты сақтау мүмкіндіктері.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Проектор арқылы сабақты түсіндірем.

Символдарды  форматтауға  қаріп   параметірлерін, символдар  аралығындағы  бос   орынарды және  негізгі  жол   сызығы  бойынша   жоғары   не  төмен  деңгейге   жылжыту  мүмкіндіктерін  тағайындау  жатады .Осы тәсіл арқылы  құжаттағы   маңызды  деген  элементтерді  айқындап   алып, олардың  параметірлерін  өзгертуге және  кейбір  символдарды  жоғары  не  төменгі  индекс  ретінде  кішірейтілген   жазба  әріптермен  бейнелеуді  тағайындауға      мүмкіндік   береді .Бұлардан   өзге  арнайы  қаріптер бар  олар  құжатты  көркейтіп, безендіру  істерін  жандандырады .

ҚАРІПТЕР ( Қаріптер)

 

Қаріптер  ұғымына

—         қаріптің  типі

—         қаріптің  мөлшері

—         сызылымы (начертание )

—         түсі

—         арнайы  эффектілері  жатады.

—         Әртүрлі  мақсаттарға   арналған   алуан  түрлі  қаріптер  бар .

Оларды  қарастырғанда кейбір  сипатты  ерешеліктерін   атап  өткен артық   болмас (1-суретті  қараныз ).

Қаріптегі  симвал   мөлшері   пункт өлшемі  арқылы  беріліп  жүр негізі   мәтін  үшін  әдетте 9, 10-пункт , тақырыптар – олардан  үлкенірек (12-ден жоғары) өлшеммен,  ал  ескертулер  мен сілтемелерді   көрсетуде- 8 -пункт  пайдаланылып   жүр .

 

Қаріптердің   негізгі   параметрлерін  тағайындау

 

Форматтау  процесі  негізімен  символдардың  қажетті    параметрлерін   тағайындаудан  тұрады . Енгізілген   мәтінді форматтау  ісін  жүзеге асырамыз  немесе алдымен  оның параметрлерін  анықтап ,сонан  соң  енгізілген  мәтінді  қойылған  талапқа   сай орындаймыз.

Қаріптің негізгі  параметрлерін (типі, өлшемі, сызылымы)

Формат  командасының  менюі “Форматтау» аспаптар тақтасы,  пернелік  командалар  мен контекстік  меню жүйелерінің   көмегімен   тағайындауға болады

 

 

 

 

  1. сурет   Бір  типті  қаріптің( Times New Roman)            әртүрлі  мөлшерін  пайдалану

 

Қаріп   сұқбаттасу  терезесін  пайдалану

 

Қаріптермен  жұмыс істеуге  арналған  аспаптардың  толық   жиынтығын “Қаріп” сұхбат терезесі  ұсынады .Бұл  терезе кез  келген  типін  тандауға Word  жүйесінде талап  етіллетін  барлық  параметрлерді  тағайындауға  мүмкіндік  береді   Жұмыс  процесінде  пернелік  командалардың, контекстік  менюдың  және аспаптар   тақтасының  батырмаларының  қөмегімен  қаріптердің  параметрлердің  өзгертуге және  толықтруға  болады “. Қаріп “ сұхбат терезесін  ашу  үшін мына  әрекеттердің бірін  орындау  керек;1) ФОРМАТ-ҚАРІП  командасын  тандау

2) құжаттың жұмыс  аймағында  тышқанның  оң  батырмасың   басу. Сонда  экранда  пайда  болған  контекстік  менюден “ҚАРІП”командасын  таңда .

 

Қаріп  командасындағы   “Қаріп»” парағы

 

Осы  әрекеттер  нәтижесінде  шыққан  терезеде  екі  парақ  бар  “Қаріп”  және  “Интервал”. Енді “Қаріп”  парағынің  жолдарын (2-сурет )  қарап  шығайық .

ҚАРІП- кампьютерде  орнатылған  қаріптер   тізімі

Қаріптердің    сызылымы   мына   опциялардан(мүмкіндіктерден)  тұрады

  • КӘДІМГІ  (Обычный)-  негізгі   мәтінн  символдары  үшін  пайдаланылады, КУРСИВ  —сөздерді ,  тақырыптары    айқындау   үшін  пайдаланылады , Жартылай қалындатылған (Полужирный)-сөздерді, тақырыптары   айқындау   үшін  пайдаланылады ,

ЖАРТЫЛАЙ  қалыңдатылған   курсив  —  алдыңғы  екі  түрлі қаріптер  комбинациясын  бірге  пайдаланушы,

МӨЛШЕР  (Размер)-әріптердің   мүмкіндік мөлшерінің тізімі;

Астын сызу  мыналардан тұрады:- Жоқ – мәтінінің астын сызылмай бенеленеді ;- Кәдімгі –мәтіннің астын тұтас сызықпен сызу.

—         Тек  сөздер – тек сөздердің асты сызылып, сөз арасындағы бос орындар асты сызылмайды.

—         Қоссызық – сөздердің астын қоссызықпен сызу.

—         Пунктирлік— үзбе сызықпен астын сызу.

—         Түс —  (Цвет)  – мәтінді бояитын мүмкін түстер (Авто, Қара,

Сары, Қызыл т,б ) тізімі бар.

—         Эффектілер құрамы;

—         Сызылған (Зачеркнутый) –  мәтін үстінен тұтас түзу сызықпен сызу (түзету кезінде пайдаланылады);

—         Жоғарғы индекс— мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен төмен түсіріледі;

—         Жасырын (Скрытый) – мәтін баспаға берілген кезде көрінбейді;

—         Кішірейтілген үлкен әріптер (Малые прописные)- мәтін әріптері кіші әріптердің мөлшеріндей үлкен әріптермен жазылады;

—         Алдын- ала келісім бойынша  (По умолчанию)- бұл батырманы бассақ, «Қаріп»терезесіндегі тағайындалған параметрлер бұдан былай осы нұсқамен даярланып барлық құжаттарға келісім бойынша пайдалынылады.

Өңделіп, (теріліп, түзетіліп) жатқан мәтіннің кейбір фрагменттерінің қаріптерінің параметрлерін өзгертуге болады. Ол үшін сол керекті фрагментті ерекшелеп, артынан

«Қаріп» терезесі көмегімен оның керекті параметрлерін  тағайындаймыз.

Мұндайда тек ерекшеленген фрагменттің ғана қаріп параметрлері өзгереді, ал қалған мәтін өзгеріссіз қалады.

Осындай тәсілмен иақырыпты немесе мәтін ішіндегі ескертулерді ерекшелеп, олардың астын сызып, немесе қарайтылған қалың қаріппен айқындап қоюға болады.

Сонымен  Қаріптер сұқбат терезесі арқылы оның параметрін өзгерту үшін :

  1. Қаріп форматы өзгертілетін мәтін фрагментін ерекшелеу керек.
  2. Формат –Қаріп командаларын таңдау қажет.
  3. Терезенің ішкі «Қаріптер» парағы арқылы қаріп типін, мөлшерін және сызылымын таңдап алу керек.

Алайда жұмыс барысында қайта- қайта  «Қаріп» сұқбат терезесін ашудың қажеті жоқ . Осы мақсат үшін пернелерді немесе «Форматтау» аспаптар тақтасы батырмаларын пайдалану орынды болады.

 

 Мәтін астын сызу.

WORD  редакторы мәтіннің астын сызу тәсілдерінің төрт түрін ұсынады: тек сөздердің астын сызу, дара сызықпен , қоссызықпен жене пунктир (үзік сызық)сызықпен астын сызу.

Мәтіннің астын сызу «Қаріп» сұқбат терезесінде жүргізіледі. Ол үшін асты сызылатын мәтін фрагментін ерекшелеп , содан кейін «Астын сызу» өріс жолының батырмасын баса отырып экранға шыққан тізімдерден өзімізге қажатті түрін таңдап аламыз.

 

 

Жаңа сабақты пысықтау

Сабақта алған білімдерін тексеру үшін мынандай тапсырмалар орындатамын.

 

Символдарды пішімдеуді орында

 

 

 

1.Тақпақтың атын жартылай қалың әлпетке келтір2.Тақпақтың жолдарын жартылай қою әлпетке келтір3. Тақпақтың атындағы әріптерінің өлшемінен оның әріптерінің өлшемінен екі пункт үлкен болсатындай етіп өзгерт

 

( Мысалы 12 және 14)

 

2 тапсырма:

Мына мәтінді теріп

Салт – дәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт –дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік бермекшіміз.

 

Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.

 

 

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма:202-206 бет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.