Педагогика

Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту

Шалқар қаласы, №3 орта мектеп

Елдезерова Зәмзагүл Жарылқасынқызы

информатика пәні мұғалімі

ДАРЫНДЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ҚАБІЛЕТІН  ДАМЫТУ

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.

Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына  өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаларға арналған  тиімді жұмыс жоспарын  құрып аламын. Ол оқушылар осы жоспар бойынша  жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады.

Әр сабақ барысында оқушыға мынадай талаптарды қоя отырып жұмыс жасаймын:

o        қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін  іздене білу;

o       ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

o       алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

o       өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;

o       басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

o қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;

Мен өз тәжірибемде дарынды балаларды мына жұмыстар барысында  анықтаймын.

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Бұл жерде мұғалім  қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу керек.

Дарынды оқушылармен бірге сабығымда ақпаратты технология құралдарын пайдаланып, электронды оқулықтармен, интернет желісімен жұмыстар жасаймыз. Дарынды оқушымен үнемі бірлесе жұмыс жасап , баланы шығармашылық ізденіске жетелеймін. Баланың жетістігін мақтай отырып, өз ісінің нәтижелі болуына және оны талдап,  анализ жасауына ықпал жасаймын. Жасалған жұмыстарға қарай оқушылардың бейімділік деңгейін анықтап, олимпиадаларға , сайыстарға , интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубына, ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау), оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысуға  іріктеп аламын.

Осындай дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде мынадай нәтижелерге жеттім:

—         білім сапасы артты;

—         аудандық олимпидалардан грамота, II, III орын алды;

—         ғылыми жобадан II , III орын алды.

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулу, ғылым арқылы жас ұрпақты дарындылыққа баулу әр ұстаздың міндеті. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
  2. Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”.     31 мамыр. 2000 ж.

3. Ерматов.С.,Әбішева.Т. Пәнге қызығудың қалыптасу динамакасы. «Қазақстан мектебі» №2, 2007

4.  Иманбекова.Б., Әбдіреймова.К., Мазаржанова.Қ. Оқытудың негізгі формасы сабақ. Алматы, 2003

5.      Қараев.Ж.А. «Деңгейлік саралау технологиясы»

Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту: 0 комментариев

  1. информатикада сабағынан дарынды оқушылармен жұмыс керек. Жоспармен және разработкасы болса тіпті жақсы. көмеккетіп көріңізші маған. рахмет

  2. информатикада сабағынан дарынды оқушылармен жұмыс керек. Жоспармен және разработкасы болса тіпті жақсы. көмеккетіп көріңізші маған. рахмет өтінемін сізден көмектесіңізші

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.