Педагогика

Ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты оқытушысы Таниязова Бақыт Нысаналықызы

Ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты оқытушысы Таниязова Бақыт Нысаналықызы.  (Қазақстан мектебі, 2007 ж №1, мектептегі шет тілі журналы 2009ж жарияланған).

Таниязова Бақыт Нысаналықызы 1960 жылы 9 шілдеде Шалқар қаласында дүниеге келген. Мектепті үздік бітіргеннен кейін эксперимент арқылы, яғни тек ағылшын тілінен ғана емтихан тапсыру арқылы Орал қаласындағы педагогикалық Институттың

ағылшын тілі факультетіне 1977 жылы түсіп, 1979 жылы Алматы қаласындағы Шет тілдер институтының ағылшын және француз тілдері факултетіне ауыстырылды. Аталған институтты 1982 жылы бітіріп, еңбек жолын жолдамамен Родниковка орыс мектебінде бастады. Тұрмысқа шығуына байланысты 1983 жылы №74 теміржол орта мектебіне жұмысқа орналасты. Теміржол мектебі бойынша іс-тәжірибесі таратылып,  теміржол білім беру басқармасының мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталды. 1987 жылы Орталық Комитеттің «Үздік оқытушыға» белгісіне ие болды. 1999 – 2000 оқу жылынан бастап осы мектепте жұмысын жалғастырып келеді. Оқушыларды өз тілін сүюге, өзге тілді құрметтеуге, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында шығармашылықпен жұмыс істеп, күнделікті сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы, оқушылардың шетел тіліне қызығушылығын арттырып, оны үйренудің маңызын түсіндіріп келеді. Инновациялық технологияларды пайдаланып көптеген тақырыптарда ашық сабақтар өткізді. Кейбір сабақтары журнал беттерінде жарық көрді, атап айтқанда «Саяхат» тақырыбындағы аукцион түрінде өткізген ашық сабағы «Қазақстан мектебі» журналының 2000 жылғы № 5,6 санында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбындағы интерактивті сабағы «Мектептегі шет тілі» журналының 2005 жылғы № 4 санында, «Ағылшындардың мерекелері» тақырыбындағы сабағы «Қазақстан мектебі» 2007 жылғы № 1 санында, «Нысаналы оқыту технологиясын ағылшын тілі сабағында пайдалану» баяндамасы  және «Денсаулық» тақырыбындағы сабақтары «Мектептегі шет тілі» 2009 жылғы № 4 санында жарияланды. Оқу мен тәрбие – егіз болғандықтан оқушылармен тек сабақ ғана емес, сабақтан тыс уақытта да тәрбие сағаттарын өткізіп, мектеп ішілік шараларға араласып, төмендегідей тақырыптарда ашық тәрбие сағаттарын өткізді және пән бірлестігінің отырысында әр – түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады. «Аталар сөзі – тәрбие көзі», «Имандылық тағылымдары», «Ақылшым — ұстазым», «Дін және өнер», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Тағдырың сенің қолында» атты тәрбие сағаттары өте жақсы деп бағаланып, лицейішілік іс-тәжірибесін таратуға ұсыныс берілді. Бірлестік отырыстарында «Ағылшын сабағында мақал-мәтелдерді пайдалану», «Модульдік оқыту технологиясы – оқушыны дамыту құралы», «Нысаналы оқыту технологиясын ағылшын сабақтарында пайдалану» тақырыбындағы  баяндамалары өте жақсы деп бағаланып,  облыстық педагогикалық оқуға ұсынылды.

2000 жылы облыстық «Жыл мұғалімі — 2000» байқауына қатынасып жүлделі бірінші орынға ие болды. 2003 жылы «Жыл сынып жетекшісі – 2003» облыстық сайысына қатынасып, белсенділік көрсеткені үшін Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың мақтау қағазымен және заттай сыйлығымен марапатталды.

2003 жылы Білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің «Атырау өңірін рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары үшін және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін» мақтау қағазымен марапатталды.

Атырау облыстық аттестаттау комиссиясының 2006 жылдың 6 мамырдағы шешіміне сәйкес № 223 бұйрықпен жоғары санатты ағылшын пәні оқытушысы біліктілік санаты берілді.

2006 жылы Атырау облысы білім беру департаментінің «Облыстық білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқытумен тәрбиелеудегі табыстары үшін» құрмет грамотасымен марапатталды.

2007 жылы облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтта «Инновациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану» тақырыбындағы курстан өтіп, өз білімін көтерді.

2009 жылы «Оқыту үрдісін ұйымдастыруда шығармашылықпен жұмыс жасаудың тиімділігі» тақырыбында  өткен лицейішілік педагогикалық оқуда бірінші орынға ие болып, облыстық педагогикалық оқуға жолдама алды. Осы жылы «Оқытудың педагогикалық технологиялары-білім беру жүйесінің мазмұнын жетілдірудің тетігі» тақырыбындағы Х — облыстық педагогикалық оқуға «Нысаналы оқыту технологиясын ағылшын тілі сабақтарында пайдалану» тақырыбындағы баяндамамен қатынасып, Атырау облыстық білім беру басқармасының мақтау қағазымен марапатталды.

2009 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі Орал қаласындағы Өңіраралық орталықта өткен «Оқу — әдістемелік құжаттарды және оқу құралдарын электронды түрде дайындау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырды.

2010 жылы лицейіміздің 50 жылдық мерей тойына келген қонақтарға арнап «Тамақтандыру мекемелерінің маманы» тобында «Қош келдіңіз!» атты ашық сабақ өткізді.

2010 жылы Гуманитарлық пәндер бойынша облыстық «Ең үздік әдістемелік жасалым» атты жәрмеңкелік сырттай байқауында шығармашылық жетістігі үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін» деген мақтау қағазымен марапатталды.

2011жылы іс-тәжірибесі лицейішілік таратылды. 2011 жылы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты ІV облыстық олимпиадада оқушысы Ахметжанова Жаннат ІІІ орынға ие болды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.