Қысқаша көбейту формулалары тарауын жинақтау, қорытындылау.
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Қуаншалиева Гүлайым
Класы: 7а
Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары тарауын жинақтау, қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: 1) Қысқаша көбейту формулаларын меңгерту, формуланы әр түрлі жағдайда қолдану бейімділігін дамыту, есептеу дағдысыны жетілдіру.
2) Оқушылардың есте сақтау, ойлану, өз бетінше қорытынды жасау қасиеттін дамыту, сөздік қорын молайту.
3) Еңбектенуге, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың типі: білімді практикада қолдану.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: плакат беттер ұпай көрсетілген, компьютер, қысқаша көбейту формулалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
2. Ой түрткі. (компьютермен қысқаша көбейту формулаларын сұрау, жазу, оқу)
3. І деңгей тапсырмалары.
4. ІІ деңгей тапсырмалары.
5. ІІІ деңгей тапсырмалары.
6. Логикалық тапсырма (компьютермен жұмыс)
7. Сабақты қорытындылау
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Класты топқа бөлу.
Топ басшысын сайлау.
2. Ойтүрткі.
Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру, жаздырту, ауызша айтқызу. Сұрақ компьютер экранында жазылады. Оқушылардың жауабы тыңдалған соң , компьютер экранынан дұрыс жауап көрсетіледі.
Экрандағы сұрақтар:
І топ үшін:
1. Екі өрнектің айырмасының квадраты.
2. Екі өрнектің кубтарының қосындысы.
ІІ топ үшін:
1. Екі өрнектің квадраттарының айырымы.
2. Екі өрнектің қосындысының кубы.
ІІІ топ үшін:
1. Екі өрнектің қосындысының квадраты.
2. Екі өрнектің кубтарының айырымы.
Дұрыс жауаптары:
1. (а-в) 2 = а2– 2ав + в2
2. а3 + в3 = (а+в) (а2-ав+в2)
1. а2-в2= (а-в) (а+в)
2. (а+в)3=а3+3а2в+3ав2+в37
1. (а+в) 2 = а2+ 2ав+ в2
2. а3-в3 = (а-в) (а2+ав+ в2)
ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей. 1- тапсырмасы (5 балл)
І топ
ІІ топ
ІІІ топ.
І деңгей. 2- тапсырмасы (3 балл)
Көбейткіштерге жіктеңдер:
1) 9a2 – 25b2= (3a- 5b)(3a + 5b)
2) 144 – 49n2= (12 – 7n)(12 + 7n)
3) 4c2 – 49d2= ( 2c – 7 d) (2c +7d)
І деңгей. 3- тапсырмасы (3 балл)
Екімүшенің квадраты түрінде жаз:
1) a2 + 2a +1 =( a+1)2
2) x2+2xy+y2 = ( x +y )2
3) b2 – 6b +9 = (b- 3)2
IV. ІІ деңгей тапсырмалары .
А) Көбейткіштерге жіктеңдер: (5 балл)
1) х (а-в) + у (в-а) = x(a-в)-у (а-в) = ( а-в ) ( х-у )
2) m2 (a-2)+n(2-a)= m2(a-2)- n (a-2)= (a-2)(m2-n)
3) 2n(x-y)- (y-x)=2n(x-y)+(x-y)=(2n+1)(x-y)
Б) Көбейткіштерге жіктеңдер: (8 балл)
1) (a+2b)2– (3c+4d)2= (a+2b-3c-4d)(a+2b+3c+4d)
2) (x-y)2 – (m+ n)2= (x-y-m-n)(x-y +m +n)
3) (m- 2n)2 – (2p- 3q)2= (m-2n-2p+3q)(m-2n+2p-3q)
В) Көбейткіштерге жіктеңдер: (10балл)
1) x3 + y3=(x + y)(x2-xy-y2)
2) m3+27= (m+3) (m2 – 3m+9)
3) a3-8= (a-2) (a2+2a+4)
V. ІІІ деңгей тапсырмалары (10 балл)
Үш топ үшін:
Екі өрнектің қосындысының немесе айырмасының квадраты шығатындай етіп, жұлдызшаның орнына бірмүше қойыңдар.
1 топ: 1) – + 56а + 49; 2) 25а2 + * + в2
2 топ: 1) 36 – 12х + * 2) в2 + 20в + *
3 топ: 1) * -42pq +49q2; 2) 16х2 + 24ху + *
VI. Логикалық тапсырма. (10балл)
Үш топқа ортақ тапсырма. Компьютермен беріледі.
Өзеннің бір жағасынан екінші жағасына ешкіні, қасқырды және капустаны алып өту керек. Қайықпен бір жануарды ғана немесе капустаны ғана алып өтуге болады. Оларды екінші жағаға қалай өткізу керек? Кәне, көмектесіп көрелік.
Үш топ өз тұжырымдарын айтады.
Сабақты қорытындылау.
Әр топтағы оқушылардың рейтинг бағасын шығару.
38 -56 балл – «5»
28 – 38 балл – «4»
14 – 28 балл – «3»
