Без рубрики

«Оқушының болашақ өміріндегі менің пәнімнің рөлі»

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде.Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Бастауыш сынып – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Демек,оқушының жаңа нәрсе ойлап табуға ,өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі,сол арқылы қол жеткізуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Бастауыш сынып ұстазының негізгі міндеті – жеке тұлғаға хат танытып,ойын дамытып,білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpу мақсатында Сын тұрғысын ойлаудың әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың әсемдікке көзқарасы тез, үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе-оқу, қоғамдық пайдалы және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі. Баланың қылықтары, еңбек іс-әрекеттері, қоғамдық және күнделікті өмірдегі адамдармен қатынасы, өзінің киімі мен сыртқы түріне қатынасы адамның әсемдік тәрбиелігі дәрежесі.

Адам өзінің қабілетіне қарап әр саланы таңдайды. Ал сол саланы таңдамас бұрын оқушы  оқып, жазып  үйренуі керек.  Сондықтан да менің пәнімнің әр бір оқушы үшін маңызы зор. Әлемнің талай қызықтарын меңгеру үшін барлығы да бастауыш білім сатысынан өтеді.

Шығыстың ғұламасы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» — деген. Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Адамның құдіреті санасында, сондықтанда әрбір адам саналы өмір сүрсе және  бәрін ақылға салып, ойлап істесе, оның алдына қойған мақсатына да, байлыққа   да, бақытқа да қол жеткізуіне болады. Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы, жасаған рухани және материалдық байлығы, осының бәрі сананың жемісі. Ендеше біз адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына , салмақ салуымыз керек. Сана арқылы адамның дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті қалыптасады.

 

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі.    Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл-өмірдің заңдылығы.  Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.

Қазіргі еңбек нарығы тек қана шыдамды , өз ісіне жауапты  талантты адамдарды қажет етеді.  Әрбір адам өзінің іскерлігімен  дараланады. Міне осындай қасиеттерді бастауыш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап үйретіледі. Сондықтан да менің пәнімнің еңбек нарығында алатын орны ерекше деп атап өте аламын.

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімді болуына негізгі пәндерді игеріп, сапалы білім алып, сауатты да қабілетті азамат болып шығуына ұстаздар жауапты.  Олай болса мұғалім үздіксіз білім жетілдіріп, ізденіспен жұмыс жасауы қажет.  Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану адам қоғамының барлық саласына еркін кіріп, кең қолданыс табуда. Ал негізгі пәндерді сапалы, жан-жақты меңгеруіне бастауыш мектептің  қосқан үлесі мол.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Жаңа ғасыр – адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы – мектеп. Ауыл баласының білімі мен тәрбиесі жаһандану аясында ұлтты рухани мәңгүрттіктен сақтандыру ұлттық тәрбие мен білімнің қайнар бұлағы» — деген еді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.