Сауат ашу

Күні  22.10.2012                             Тексерілді: оқу ісінің меңгерушісі_____________

Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:                                              

Білімділік: Оқушыларға к дыбысы мен әрпін таныту. К дыбысын сөз ішінен ажырата білу, буынға бөліп  оқуға жаттықтыру.  Өтілген  дыбыстарды  қайталау.

Дамытушылығы:  К дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту,ұқыптыллыққа,сауаттылыққа,  Отанын  қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: Сөздік,көрнекілік,танымдық.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар, карта, дыбыстық әліппе.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

 Психологиялық дайындық .

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

-Балалар, ненің суреттерін көріп турмыз? /автобус, машина, трактор, ұшақ т.б/

-Барлығын бір сөзбен не дейміз? /көлік/

-Қандай дыбыстан басталып тур?

 

Компьютер қосу:  Оқыту бағдарламасын тыңдату.

-Бүгін жаңа әріп К дыбысымен танысамыз!

-К дыбысы кандай түспен берілген? Қай үйге кіргіземіз?

-Балалар кітабымызда ненің суретін көріп тұрмыз?

-кеме-дыбыстық талдау жасап, буынға бөлу.

-Енді балалар, біз кемемен саяхатқа аттанып білімдерімізді шыңдаймыз!

-Біз қай елде тұрамыз? Президентіміз кім?

-Осы еліміздің қалаларына саяхатқа аттанамыз!

 

Павлодар  қаласы:  Қандай дыбыстарды өттіңдер? . «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны (сөздер  ойлап, өткен дыбыстарды қайталату)

 

Ақтау қаласы:Бағанда берілген сөздерді хормен, тізбектей оқу. /дыбыстық талдау жасау/

 

«Білгенге маржан»

  • Жыл мезгілдері нешеу?
  • Жыл мезгілдері төртеу.

  • Солардың ішінде к дыбысынан басталатын мезгіл бар ма?

  • Көктем, күз.

  • Олай болса, осы екі  мезгіл туралы әңгіме өрбітейік. / 2 оқушыға әңгімелету/

 

Балхаш қаласы:  суретпен жұмыс, мәтінді оқу.

 

Көкшетау қаласы:  «Кім жылдам?» ойынын ойнау.

Паровоздардағы әріпке тиісті суреттерді орналастыру.

 

Сергіту сәті:

Көжегім тұршы,

Бетіңді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Киміңді киші,

Мектепке жүрші.

Партаға отыршы,

Сабағыңды оқышы.

Атырау қаласы: Дәптермен жұмыс. К дыбысының жазылуын көрсету. Ауда жазу.

Дәптерде берілген суреттерге дыбыстық талдау жасау.

Қарағанды қаласы: Суреттерге  берілген тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру.

«Сен  білесің  бе?»

► Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс – колибри

► Мүлдем  ұя  салмайтын  құс – көкек

► Дүние  жүзіндегі ең үлкен  балық – көк  кит

► Хат  таситын  құс – кептер

 

Астана қаласы:  Тапқышбектің тапсырмасын орында. Таса, сала, лашын, шыншыл, шынтақ, тақсыр, сырға сөздерін құрастыру.

 

Бекіту:

Жұмбақ жасыру. /кітап-сөйлем құрастыру./

Сөзі  –  дана, үні  жоқ,

Сөйлемейді,  тілі  жоқ.

Қолыңа  алсаң – шешен,

Ақылы  асқан  көсем.

(Кітап)

(Кітапты құрметтеуге, күтіп ұстауға тәрбиелеу. Кітап  оқуға, кітапханамен  байланысуға  шақыру)

 

 

Қорытынды:

-Сабақта не өттік?

-Сабақ  ұнады  ма? Несімен?

 

Мадақтау: Фишкаларын таратып беру.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше