Ұстаздық еткен жалықпас.

«Мұғалім – мектептің жүрегі» деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай мұғалім мектептің басты тұлғасы.

Мектеп – барлық ғылымның негізін үйрететін оқу орны. Сондықтан да бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жаңаша оқудың тиімділігін пайдалана отырып, саналы тәрбиемен сапалы білім беру әрбір ұстаздың міндеті.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім саласына тоқтала келе, «Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» – деп атап көрсеткендей, ұстаздар қауымына үлкен міндет артып отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік стандартқа сай білім алуы бүгінгі ұстаздың қолында тұр.

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Демек, бұрыннан қалыптасқан бағдарламамен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал, қазіргі жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, жаңа оқушыны заманына сай біліммен сусындатуымыз керек.

Рухани қазынамызды молайтар байлық көзі – ұстаз еңбегі болғандықтан қазіргі таңда оқытудың жаңа техналогияларын қолдана отырып, оқушылардың ынта – жігерін арттырып шығармашылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелейді.

Бүгінгі жаңа заманның алдына қойған мақсаттарының бірі – өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, қоғам мүддесіне үлес қосуда өзін – өзі белсенді етуге дайын бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Бұл мәселені шешу үшін жаңа заман мұғалімі оқытудың әр түрлі жаңа техналогияларын, әдіс – тәсілдерін пайдаланып, атқарылған игілікті істердің нәтижесін көру үшін бала жүрегіне жол табады. Оқушылар құрастырған іс – әрекеттерге белсенді араласу арқылы жеке басынын мінез – құлқын, олар мен бірге достар, әріптестер ретінде жұмыс жасай білген кезде ғана оқушылар жүрегіне баратын жол салынады.

Сондықтан да ұстаз міндеті – заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеуінде, олардың дүниетанымын азаттық намысы бар ұрпақ өсіруде білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартып қолдану.

А. Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген: «Мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі – білімді педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланың өмір сүруге үйрету өте қиын шаруа.

Атақты педагог – ғалым В.А. Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық – адамтану, қүрделі де қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұғына білу болып табылады», – деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтып кеткен.

Ұстаз еңбегі – оқушы білімі өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.

Ұлы педагог К. Ушинскийдің сөзімен айтқанда: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқытуды, ізденуді тоқтасымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген қағидасын жадымызда ұстасақ, мұғалімде тоқыраушылықтан аман болары сөзсіз.

Сондықтан  Абай атамыз айтқандай ұстаз «Ұстаздық еткеннен жалықпас» деп ойлаймын!

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше