Шығармашылық тақырыпқа талдау

Педагогика саласында жұмыс істейтін әрбір маман өзінің алдына қойған бір мақсатта жұмыс атқарады. Ал менің алдыма қойған мақсатым оқушыларды зерттеу жұмысына баулу, үйрету. Сондықтан өзімнің шығармашылық тақырыбымды «Оқушыларды шағын зерттеулерге баулу» деп алдым. Жобалау-зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау,жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып, олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Бала табиғатынан туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болады, болжамды қалай құрылымдау керек, байқауды, экспериментті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы, оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді.

Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «дайын» күйде алмай, өз бетімен ашады.

Осы бағытта оқушылардың жетістіктері де бар. Қонырбай Мұхамедәли  ЖЗ ШҒА 42-ші ғылыми-практикалық шеңберінде өткен 1-4 сынып оқушыларының оқу-зерттеу жұмыстарының облыстық фестивалінде ең үздік жұмысы үшін дипломмен марапатталып, ең үздік жұмыстар жинағына басылды. Тақырыбы: «Қарағанды қаласының  тұрмыстық қалдықтарын өңдеу».  Сагатова Айдана мен Қонырбай Мұхамедәлидің жұмыстары мектепішілік алғашқы ғылыми-конференцияда үздік жұмыстар қатарына еніп, басылымға басылды.

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Шарипова Гульмира  Какешовна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше