Қызылорда облысы Арал ауданындағы
№16 кәсіптік лицейдің информатика және арнайы пән оқытушысы
Жұмаева Назира Қаршығақызы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың арнайы пән сабақтары бойынша алған
Білімдерін тексеру. Білімділік: Оқушылардың мамандықтарына байланысты өтілетін
Пәндер бойынша білімдерін шыңдау, жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ауызбіршілікке, адамгершілікке, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге, мамандықтарына деген қызығушылықтарын жетілдіру.
Сабақтың түрі: Ойын-сайыс сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, эрудит,
талдау-жинақтау, ассосация
Сабақтағы пәнаралық байланыс: информатика, ҚБП, ЕТН, ЕКОЖ, ІҚЖ,КГр, әдебиет, қазақ тілі
Сабақтың көрнекіліктері: топтың төсбелгілері, афишалары, пернетақталар, сұрақтар салынған конверттер, шарлар, кеш тақырыбы
I.Ұйымдастыру бөлімі
— кабинетті безендіру
— оқушылардың дайындығын және сабаққа келмеген оқушыларды түгелдеу
— Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
Бүгінгі «Кім жылдам» атты сайыс сабағымызға хош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар!
1. Лицей директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары-Әбішов Нұралы мырза
2. Лицейіміздің әдіскері-Дүйсенбаева Балзия ханым
3. Лицейіміздің өндірісті оқыту шебері-Сералиева Күлмараш ханым
4.Лицейіміздің арнайы пән оқытушысы-Ермағамбетов Талғат мырза
5. Лицейіміздің арнайы пән оқытушысы-Жүсіпалиева Зоя ханым
6. Адам және қоғам пәнінің оқытушысы-Төлекова Нұрдана ханым
Ендеше алдарыңызда өз білімдерін, ақыл-ойларын, тапқырлықтары мен шеберліктерін
Шыңдап, бүгін сайысқа түспекші үш топты таныстыруға рұхсат етіңіздер!
1 топ – WWW.Google/kz- топ мүшелері: Садықов Қараман, Нұрмаханова Орынкүл
2 топ – WWW.Yandex.ru- топ мүшелері: Әбілов Ерлан, Әзімова Әйгерім
3 топ –WWW.Mail.ru- топ мүшелері: Қаласова Аманкүл,Көшербаева Ақкүміс
Келесі кезекте ойын шартымен таныстырайын:
I бөлім «Сәлем сөздің – анасы»
(Әр топ төсбелгілерімен және топтарын таныстырады)
II бөлім «Бәйге»
(Әр топқа әр түрлі түсті конверттерге сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға топ басшылар 1 минут ішінде жауап беру тиіс. Әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай)
III бөлім «Шебер құрастырушы»
(Әр топқа 1 пернетақтадан беріледі. Осы шашылғын пернетақтаны 20 минут ішінде жылдам, орналасу ережесімен, тиянақты, уақытпен санаса отырып жинау керек. Толық құрастырған топқа – 50 ұпай)
IY бөлім «Өлеңім-өнерім»
(Әр топ оқушылары дербес компьютердің құрылғыларына немесе жеке құрамына, мамандықтарына байланысты өлең шумақтарын сол мезетте 5 минут ішінде шығарып,оқып беруі тиіс)
Ал, қане дайын болсақ, уақыт оздырып соза бермей, додамызды бастайық.
Енді I бөлім «Сәлем сөздің – анасы»
(Әр топ төсбелгілермен және таныстырады)
1 топ – WWW.Google/kz- топ мүшелері: Садықов Қараман, Нұрмаханова Орынкүл
2 топ – WWW.Yandex.ru- топ мүшелері: Әбілов Ерлан, Әзімова Әйгерім
3 топ – WWW.Mail.ru- топ мүшелері: Қаласова Аманкүл, Көшербаева Ақкүміс
Білім сайысының әділ эксперт мүшелері топтардың төсбелгілері мен топтарын таныстыруларын бағалауды ұмытпаңыздар!
Келесі кезекте II бөлім «Бәйге»
(Әр топқа әр түрлі түсті конверттерге сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға топ басшылар 1 минут ішінде жауап беру тиіс. Әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай)
1 топ – WWW.Google/kz- топ мүшелері: Садықов Қараман, Нұрмаханова Орынкүл
2 топ – WWW.Yandex.ru- топ мүшелері: Әбілов Ерлан, Әзімова Әйгерім
3 топ – WWW.Mail.ru- топ мүшелері: Қаласова Аманкүл, Көшербаева Ақкүміс
Сары конверт сұрақтары:
1. баспа құрылғысы (принтер)
2. компьютер теледидары (монитор)
3. үлкен темір қорап (жүйелік қорап)
4. функционалдықпернелер (Ғ1-Ғ12)
5. зиянкес бағдарлама (вирус)
6. файлдар жиыны (бума)
7. таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8. ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатик)
9. информатика өлшем бірлігі (бит, байт)
10. сурет салуға арналған бағдарлама (пайнт)
Қызыл конверт сұрақтары:
1. адам мен компьютер арасындағы байланыс (операциялық жүйе)
2. компьютердің миы (процессор)
3. құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
4. дербес компьтердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
5. офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)
6. дыбысзорайтқыш қорап (колонка)
7. мәлімет енгізу құрылғысы (пернетақта)
8. компьютердің маманы (программист)
9. бүкіләлемдік желі (интернет)
10. вирусты жоятын бағдарлама (антивирус)
Жасыл конверт сұрақтары:
1. көп пернелі құрылғы (пернетақта)
2. компьютердің экраны (монитор)
3. компьютер сымдары (кабель)
4. алгоритм деген (белгілі бір мақсатқа жету жолы )
5. презентациялармен жұмыс жасайтын бағдарлама (Power Point)
6. корзинаның қызметі (жойылған файлдарды жинау)
7. ең ұзын перне (Enter)
8. ақпарат енгізу құрылғысын ата (пернетақта)
9. информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (11 жылдықты-7 сыныптан, 12 жылдықта-1сыныптан)
10. оқитын құрылғы (сканер)
Келесі кезекте III бөлім «Шебер құрастырушы»
(Әр топқа 1 пернетақтадан беріледі. Осы шашылғын пернетақтаны 20 минут ішінде жылдам, орналасу ережесімен, тиянақты, уақытпен санаса отырып жинау керек. Толық құрастырған топқа – 50 ұпай)
— Сіздерге сәттілік тілейміз!
— Ал, қане бастаймыз!
— 1,2,3……………………..
Топ ойыншылары пернетақталарын шеберлікпен құрастырып болғанша бүгінгі кештің қонағы Канатбаев Мархабатка «Ауылым» әнін шырқап беруче микрафон ұсынамыз!
Әсем әуенмен бүгінгі кешіміздің ажарын келтіргеніңізге көп рахмет
IY бөлім «Өлеңім-өнерім»
(Әр топ оқушылары дербес компьютердің құрылғыларына немесе жеке құрамына, мамандықтарына байланысты өлең шумақтарын сол мезетте 5 минут ішінде шығарып,оқып беруі тиіс)
Ал, қане дайын болсақ, уақыт оздырып соза бермей, додамызды бастайық. Дүниенің төрт бұрышына танымал Абай атамыз айтқандай:
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы»-
Дегендей бүгін сайысымыздың соңғы бөлімінде сайыскер топтарымыздың әдеби тілмен өрнектеп, астарлап, өз жандарынан шығарған өлең жолдарын шығарып, мәнерлеп, әсемдеп оқып берулеріне кезек береміз!
1 топ – WWW.Google/kz- топ мүшелері: Садықов Қараман, Нұрмаханова Орынкүл
2 топ – WWW.Yandex.ru- топ мүшелері: Әбілов Ерлан, Әзімова Әйгерім
3 топ – WWW.Mail.ru- топ мүшелері: Қаласова Аманкүл, Көшербаева Ақкүміс
Осыдан соң білім сайысының әділ эксперт мүшелері өз бағаларын қорытындылап, жеңімпаз топты атап өтеді.
Бүгінгі білім сайысын әділ бағаланған білім сайысының әділ эксперт мүшелеріне көп рахмет айтамыз!
Бүгінгі кештің әсем де әсерлі,әдемі де көркем, есте қаларлықтай етіп өтуіне үлес қосқандарыңыз үшін 37 топ оқушыларына рахмет!
Бүгінгі кештің сайыскерлеріне рух берген кеш қонақтарына рахмет айтамыз!
Сіздерге алғыс айта отырып, отбастарыңызға аманшылық, жұмыстарыңызға толағай табыстар мен таудай талап тілейміз!
Жеңісті күндерге жүздескенше! Сау болыңыздар!